Материалдар / Сынып сағаты Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеті

Сынып сағаты Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеті туралы 10 сыныпқа жасалынған сынып сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2024
115
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: Кішішыған орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова З.С

Сынып: 10 ә 11.03.2024 ж

Сабақ тақырыбы

Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс-әрекеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Қоғамның әлеуметтік,құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта араңдатуға жол бермеу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды «Бір қадам алға, бір қадам артқа» әдісі арқылы , тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жүргіздім.

Оқушылар екі қатарға тұрды. Әр қойылған сұраққа жауап беру арқылы бір қадам алдыға жүріп отырды. Ал егер сұраққа дұрыс жауап бере алмаса артқа қарай бір қадам жүрді.



Сабақтың ортасы












































Ой қозғау (15 минут)

















































































Видеоролик

Миға шабуыл (5 минут)

Мұғалім:





10 мин



Негізгі бөлім



25 мин

Оқушыларға Терроризм не екендігі туралы айтып өттім.

- «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.І. Ой қозғау.- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?( Ойларын дәптерге жазады)ІІ. Мағынаны тану.1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.2. Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»А) Бұл іске қандай адамдар барады?Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?Оқушылар өз ойларын айтады:- Діни секталардың таралуы;- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.









Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына роликті көре отырып таңдайық.


-"Діннен адастырар теріс ағым " видеоролигін көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Топтарда отырған оқушылар видеороликтен:
- экстремистік, террорлық әрекеттерді,
- жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы видеоролик көреді.

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.

Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне

кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

10. Есіңде болсын! Есте сақта!

Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Сергіту сәті:

4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары• Өмір сүруге • Ата-тегін алуға • Отбасында тәрбиеленуге • Жеке бас бостандығына • Азаматтық алуға • Білім алуға • Баспана алуға • Дүние мүлікке • Демалуға • Денсаулықты сақтауға • Сөз бостандығына • Қоғамдық жұмыстарға араласуға Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ


Ата – заңым , алтын заңым – ардағым,

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы

Бала денсаулығын сақтауға , емдеуге құқылы

Табиғатты қорғауға

Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті

Жарайсыңдар балалар. Осыған орай класс оқушыларының өздері жүргізген яғни жасаған видеороликтерін тамашалайық


Көрініс: «Каусар мен Диастың ақшаға таласуы» Каусар менде ақша бар жүр екеуміз бірге барып асханадан пирожки алайық. Неге? Жарайды, менда ақшамды алайын.

Сол кезде Диас түрі бұзылып үнсіз қалады. Жоқ менің ақшам жоқ, сен алып алдың , алып кел менікісені болса қайтемін, менікі болды мекнікі?!Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің ақшам,саған бермеймін. Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе? Мен тауып алдымАвтор: класс аң таң.

Ақмерей: Каусар Диас төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.Бұл не шу?Диас пен Каусар 50 тг үшін таласып, «Менің құқығым бар ақша жұмсауға » деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.Каусар , Диас сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Каусардың ақшасын қайтарып, кешірім сұрауды өтінді.

Мұғалім: ендеше балалар біз манадан құқық міндет туралы айтып жатырмыз. Ендеше сол құқықтарымызды қалай қорғап тәртіпті болып жүруіміз керек.


Сабақтың соңы


Қорытынды

Бүгінгі сабағымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»











Тексерілді.......................





























































«Кішішыған орта мектебі »

коммуналдық мемлекеттік мекемесі














«Діни экстремизм-қауіпті құбылыс»


10 «А» сынып





























Сынып жетекшісі : Ордабаева М.К.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ