Сынып сағаты “Вейп - денсаулыққа қауіпті”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты “Вейп - денсаулыққа қауіпті”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларға вейптің денсаулыққа зиян екенің жеткізу, түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты сценарийі

Тәрбие бағыты: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Вейп – Денсаулыққа қауіпті

Мақсаты: Оқушыларға вейптің денсаулыққа зиян екенің жеткізу, түсіндіру

Міндеттері: Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, видео-ролик.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» дейміз. Алайда жылдар жылжыған сайын жас ұрпақтың денсаулығына жауығатын қатерлі заттардың қатары көбейіп барады. Абыройдан айыратын алкоголь мен естен тандыратын есірткіден арыла алмай жүргенде ұрпақ санасын улайтын тағы бір тұйыққа тап болдық. Мерейімізді өсіре ме деп жүрген мектеп оқушыларының ендігі ермегі – электронды шылым.

  1. Негізгі бөлім

«Вейп - денсаулық үшін өте қауіпті!» апталығы аясында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде сынып сағаттарын өткізілді. Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың жеке қасиеттерін үйлесімді дамыту. Өсіп келе жатқан жастар арасында никотинге қарсы тақырып өзекті, өйткені дәл осы ерте жаста темекі шегудің басты себебі болып табылатын құрдастардың әсерінің рөлі артады. Білім алушыларға темекі шегудің зияны, сондай-ақ созылмалы емделмейтін аурулардың даму қаупі факторы ретінде кальян, вейптің зияны туралы айтылды. Сынып сағаттарын өткізу барысында кең ауқымды мәселелер қарастырылды, өз денсаулығына қатысты жауапкершілікті қалыптастыру тәсілдері қозғалды, мінез-құлық дағдыларын дамыту талқыланды.

«Кодекстің 110-бабында 248-тар­мақ бар. Онда «Темекі бұйымдары – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пай­да­ланатындай етіп дайындалған шикі­зат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің бас­­қа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер», деп ай­қын жазылған.

«Балалар вейп сатылатын дүкен­дер­ге келіп, шылымның бұл түрін, оның сұйықтығын емін-еркін сатып алып жатыр. Оны түрлі пабликтерден көріп жүрміз. Вейпті әдетте «флешка», «фломастер» деп атап жатады. Оның негізгі құрамы – пропиленгли­коль. Бұл заттың құрамында никотин бар. Тиісінше, мұны біз темекі өні­мі деп ашық айта аламыз. Бүгінде осы өнімнің отаны саналатын Сан-Фран­циско округінің өзі (АҚШ) мұн­дай сұйық­тықтардан бас тартып отыр. Кері­сінше, қазақстандық жасөс­пі­рім­дер­дің, әсіресе мектеп оқушы­лары­ның арасында бұл өнім кең тарап ба­рады. Оларды вейптің түрлі хошиіс­тен­діргіштері, шайырдың, маракуйя, ман­го сынды жемістердің дәмі қы­зық­ты­рады. Бір сөзбен айтқанда, вейп шегу сәнге айналды», дейді қоғам бел­сендісі, кәсіпкер Қайрат Құдайберген.

Оқушылар назарымызды видео-роликке аударамыз: Вейп денсаулыққа қауіпті.

Оқушылар осы видео-роликтен не түсіндіндер?

  1. Қорытынды бөлім

Оқушылар вейп адам денсаулығына зияны көп. Денсаулық адамға берілген байлық. Біз осы байлықты аялауымыз керек. Сол себепті денсаулығымызды қорғайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2023
2218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі