Сынып тыс шара тақырыбы: Спортты ал серікке....

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып тыс шара тақырыбы: Спортты ал серікке....

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып тыс шара тақырыбы:Спортты ал серікке....

Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға

әсер ету.

Қатысатын командалар:3,4 сынып оқушылары қатысады,

әр топта 3 қыз, 3ұл бала болады, топ аты, ұраны болуы керек

Өтетін уақыты мен орны:

Марапаттау.Жүлделі орын алған топтар 1.2.3 дәрежелі мадақтау қағаздарымен марапатталады.

Керекті құралдар:доп,арқан, шығыршық, шар,маркер және дайын есептер.


Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар,бүгін

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.

Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

Қош келдіңіз қонақтарым төрлетіңіз,

Әзірледік сіздерге орынды төрден біз,

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйер де, төреші де өзіңіз дей келе

Ән ұраным көкейде жатталады

Сонымен бейбіт күнім басталады

(Әнұран орындалады)

Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашып беру үшін сөз

Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің тәрбие іс жөніндегі орынбасары Айгүл Садирқызына сөз беріледі.

Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортамызға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1 топ – “Жігер” тобы

2 топ – “Қайсар” тобы

3 топ – “Қайрат” тобы

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Тәрбие ісі орынбасары: Айгүл Садирқызы

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Нұртас Қасымұлы.

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:Әдлет Хамидоллаұлы.

Ендігі кезекте сайыстың шартымен таныстырып өтейік:

1.Кім жылдам.

2.Есеп шығару.

3.Ептілік.

4.Арқан тартыс.

5.Мерген.

6.«Қаражорға биін нақышына келтіріп билеу».

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!

1.Кім жылдам.

Ойын шарты: Жүгіріп барып шығыршықтың

астынан өту, қайтарда тура қайту.

2.Есеп шығару.

Ойын шарты: Берілген белгіден кейін,кедергі

арасымен өтіп берілген есепті шығару.

3.Ептілік.

Ойын шарты: Берілген белгіден кейін оқушы допты

аяғының арасына қысып кедергі арасымен

секіру,қайтарда допты басына қойып жүгіреді.

4.Арқан тартыс.

Ойын шарты: 4 топ бір бірімен кезекпен берілген

белгіден кейін арқанды тартады,қай топ жеңсе

жеңімпаз болып саналады.

5.Мерген.

Ойын шарты: Кедергі арасымен жүгіріп барып,2

2,5 м жерде тұрған шарларды жару керек,қай топ

көбірек шар жарса сол топ жеңімпаз болады

6.«Қаражорға биін нақышына келтіріп билеу».



Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз!

Құрметті бүгінгі сайысқа

қатысушылары!Сөз кезегі әділқазылар

алқасында.

І орын – “Жігер” тобы

ІІ орын – “Қайрат” тобы

ІІІ орын – “Қайсар” тобы

Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
920
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі