Сыныптағы
ерекше бала
Алматы
облысы, Жамбыл ауданы
«Үлкен
ауылындағы орта мектеп
мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық
мемлеккеттік мекемесінің
Педагог
- дефектологы,
Таменова
Шахерезада Талгатовна
shahiza_tamenova@mail.ru
Қазіргі
уақытта Қазақстан қоғамының алдында
мүмкіндігі шектеулі бараларға сапалы
білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен
қамтамасыз ететін білім беру жүйесін
тұрақты дамыту міндеті өзекті болып
тұр. Отандық мамандар мүмкіндіктері
шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың
шетелдегі нәтижесімен танысып , соған
сүйене отырып , біздің елімізде де осыған
сәйкес процесстерді зерттеген . Арнайы
білім беру саласында оқушыларды қалыпты
құрдастарымен қатар білім беру мақсатында
иновациялық біріктіріп оқыту процестері
кеңінен енгізілуде. Қазіргі таңда
мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға
біріктіру , әлеуметтік бейімдеу, білім
беру және тәрбиелеу , бала дамуының
бұзылыстарын алдын алу және нәтижелі
түзету үшін ең қолайлы жағдайлар жасау
мақсатында инновациялық бағыттар
жетілдіруде.
Қазақстанда
мемлекеттік бағдарламалар аясында
инклюзивті білім беруді енгізу тек 2011
жылдан басталды. Осыдан кейін қоғамдық
орта және жалпы білім беретін мектептерге
«ерекше» балаларды жаппай енгізу
басталды. Дегенмен бұның осындай балалар
үшін қандай дәрежеде нәтиже беретіні
әлі де белгісіз болып қала бермек.
Теориялық
жағынан, мұның бәрі жақсы, бірақ іс
жүзінде мұғалімдер көбінесе ата-аналардың
қорқыныштары мен таптаурындарына тап
болады.
Церебральді
сал ауруы, аутизмнің жұмсақ нысаны,
тірек-қимыл аппаратының проблемалары,
есту немесе көру бұзылысымен сыныпта
ерекше бала пайда болды. Аурудың
ерекшеліктері оған қалған балалармен
бірге оқуға мүмкіндік бермейді.
Қалыпты балалардың ата-аналары,
мұғалім «ерекше балаға» барлық назарын
аударып, материалды баяу қарқынмен
түсіндіріп біздің балалар шеттетіліп
калады деп қорқады және бұл білім
деңгейіне кері әсерін тигізетініне
сенімді.
Балаларға
математика мен орыс тілін үйрету
жеткіліксіз, оларды басқа адамдарға
жанашырлық пен қамқорлыққа үйрету
маңызды. Осындай баламен танысу
жауаптылықты, түсінушілікті, мейірімділікті
дамытуға көмектеседі. Сыныптастарына
ерекшеліктері бар балаға және осы
көмекті қажет ететіндерге көмек көрсету
мүмкіндігі туады. Әдетте,
инклюзивті сыныптағы балалар өздерін
жақсы сезінеді және қайырымды істерге
қатысады, сөйтіп олар
үйлесімді
тұлғалық тәрбие тәлім алады.
Мұғалім
сыныптағы балаларға атқаратын міндеттерін
бөліп беруі мүмкін. Мысалы, қажет болса,
бір оқушы ерекше балаға жаңа материалды
қайталап түсінуіне көмек береді, біреуі
асханаға апарады, біреу киінуге
көмектеседі. Бұндай эксперимент сыныпта
достық атмосферасын құруға мүмкіндік
береді, сыныпта әрқайсысы өзара көмек
көрсетіп жанашырлық танытады.
«Ерекше балалар» ерлік пен жігерліктің
үлгісі болып табылады. Олар бізді өмірді
қалай сүйіп қандай көзқараспен қарау
керектігін үйретеді.
Пайдаланған
әдебеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған
мемлекеттік бағдарламасы. Астана.2010.
2.
Адырбаева М.Ж. Инклюзивті білім беру
жүйесіндегі психологиялық –
медициналық
педагогикалық консультацияның жұмыс
барысы. Алматы, 2011. – Б.30-31.