Тақырыбы: «Елім
менің»
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті, тарих
пәндері бойынша білгендерін, түйгендерін ортаға салу.Махамбеттей
жыр семсерінің өмірі мен өлеңдерін, күйлері мен әндерін қаншалықта
білетіндігін байқау. Елге, жерге, тілге деген құрметті ұғындыру, өз
еліміздің салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарын сақтауға
тәрбиелеу.
Сайыс
барысы.
Сайысымызды бастамас бұрын
төрелік етер қазыларымызды сайлап
алайық.
Бүгінгі ойынымызға екі топ
қатысып отыр: « » (8- сынып) және «
»
(9 -
сынып)тобы.
І. Танысып
білсейік. Топтың аты, ұраны, өздерін
таныстыру.
ІІ. «Тапқыр болсаң тауып
көр» Жедел жауап. Қазақ тілі,
әдебиет, тарих пәні бойынша сұрақтар берілу
керек.
І
топқа.
1.Барымта, садақ, қалам қандай
сөздерге жатады? 2. Есімдік мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
3. «Мен құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» кімнің
өлеңі?4.М.Шахановтың алғашқы жыр жинағы қашан жарық көрді? (1959)
5. Махамбеттің 200 жылдығына арналған драматургтердің бәйгесінде
бас бәйгені ұтып алған Иранғайыптың пьесасы (Махамбет пьесасы).6.
Ақын Мұхтардың Шәмшімен бірігіп жазған әндерін ата. («Арыс
жағасында», «Ақ бантик», «Қуаныш вальсі»)7. Невада семей
қозғалысының ұйымдастырушысы (О.Сүлейменов).8. Орал қаласындағы
бір-бірін кесіп өтетін үш өзенді ата? (Жайық-Деркөл-Шаған)9. Сырым
ауданының әкімі (А.Шыныбеков).10. Қазақтың үш биі
Әйтеке,Төле,Қазыбек билер қай ханның тұсында ел ішіндегі
мәселелерге араласып, дау-дамайларды шешіп отырды?
(Тәуке)
ІІ
топқа.
1.Қазақ тілінде неше сөз табы
бар? 2.Қиысу, қабысу, матасу, жанасу, меңгеру сөздердің байланысу
түріне жата ма әлде тәсіліне жата ма? 3.Махамбет қандай тілдерді
білді. (арабша, орысша) 4.Шағатай, Шыңғыс хан, Қайыр хан қай
шығарманың кейіпкерлері? («Отырар» дастаны) 5. «Жұмыр қылыш»,
«Өкініш», «Жайық асу» күй ме, өлең бе? 6. Кімнің шығармасы, қалай
аталады?
Әнің әнге жалғассын
деп,
Келеді арман алға
сүйреп.
Менің кемем өрге
жүзсе,
Сен қуандың алғашқы рет...7.
Арал теңізінің проблемаларымен айналысқан қозғалысты кім басқарды?
(М.Шаханов).8. С.Датұлы қай жерде қайтыс болды? (Өзбекстанда Хиуа
жерінде).9. Сырым ауданын тарихын зерттеген өлкетанушы ғалым:
(Ж.Ақбай).10. Алаш Орда партиясының батыс бөлімшесінің
қайраткерлері (Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов,
Б.Қаратаев)
ІІІ. «Әдеп – салтың –
қазақтық қалпың». Салт – дәстүрлерге байланысты
сұрақтарға жауап беру.
І
топқа.
Тігіпті бас бәйгеге елу
бие,
Ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз
түйе.
Жабулы қара нарға қалы
кілем,
Аты озған зор олжаға болады
ие.
«Бәйге» деген қандай
дәстүр?
(Ұлы тойда, аста, мерекеде
жыққан палуанға, озған жүйрікке, жеңген ақынға берілетін
жүлде).
ІІ
топқа.
«Құрбандық шалу» қандай
ғұрып?
«Сымайылдың орынына
құрбандыққа шалуға Алла пейіштен семіз қой түсіреді». (Мұсылман
елінің ең басты әрі қасиетті мейрамы – құрбан айт Мұхамедтің әр
үмбеті дін құрметіне аруақтарға бағыштап мал сойып, құрбандық
шалған).
ІV «Сөз тапқанға
...» Екі топқа берілген суреттегі
антоним сөздерге мақал – мәтелмен, тұрақты тіркестермен жауап
беру.
І топқа. Үлкен – кіші. Алыс
– жақын.
ІІ топқа. Кең – тар. Көп
–аз.
V. «Қаншалықты
білемін» Қазақ ақын – жазушыларын,
тарихи тұлғаларын жаңылыспай табу.
VІ. «Адаспай
тап». Берілген әріптерден сөз
құрау.
І топқа.
Б,Қ,А,Ы,Т,Н.
ІІ топқа.
Б,А,Л,Ж,У,Н,Ө,Е.
Қорытынды. Қазылар алқасының
сөзі. Марапаттау.