Сабақтың
тақырыбы: Мақал – мәтел – сөз
мәйегі
Мақсаты:
Мақал-мәтел
туралы түсінік беру.
Білімділік:.
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру,
мағыналарын ашу, ұғындыру.
Дамытушылық:
Сауатты жазуға, ана тілін сүюге,
құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды
орынды қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік:
Өз халқының әдебиетін, мәдениетін
дәріптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы
қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға
тәрбиелеу
Сабақтың
түрі:
жаңа сабақ
Сабақтың
әдісі:
сұрақ - жауап, түсіндіру,
шығармашылық
Көрнекiлiгi:
«Мақал - мәтелдер» кітабы, интерактивті
тақта, слайдтар
Пәнаралық
байланыс:
қазақ тілі
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)
Амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын
тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару
II.
Үй
тапсырмасын сұрау.
1.
Наурыз туралы өлеңдер
2.
Өлеңдерді жатқа айту.
ІІІ.
Жаңа сабақ
Қызығушылықты
ояту.
Ой
қозғау:
1.
Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2.
Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз
әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер.
Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл
айтылады. Мақал - мәтелдер - халық
даналығының, көрегендігінің айнасы,
тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал -
мәтелдер - өмір шындығының көрінісі,
халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған
өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.«Сөздің
көркі - мақал» деп тегін айтылмаған.
Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі
айтайын деген оймен орайластырып, орынды
қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір,
көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі
болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең
мазмұнды ойды бере алады.
Кім
көп біледі? ойыны
Мақал-
мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз?
Отан…да
ыстық. (оттан)
Туған
жердің……да шипа. (суы)
Елді………біріктіреді.
сөз бұзады. (іс)
Ат
жақсысын мақта,
Адам……
жақта.(жақсысын)
Адам…..
ішінде, (аласы)
Мал
…… сыртында (аласы)
Берекені
көктен тілеме,
Бірлігі
….. көптен тіле.
Әкенің
баласын болма,
Адамның
…… баласы бол. (баласы)
Аттан
…… озады, (жүйрік)
Атадан……
озады. (бала)
Үлестірме
қағаздар.
Сұрақтың
орнына дұрыс жауабын қойып,мақал-мәтелді
аяқта.
1.Күлме
кімге?
Келер
басыңа.
2.Талаптыға
не жауар?
3.Тіл
не жарады?
4.Қандай
үй базар
5.Жас
келсе қайда?
6.Көрдім
деген неше сөз,
Көрмедім
деген неше сөз.
7.
Ашу не?
Ақыл
не?
ІІІ.
Ой толғаныс.
Сөздікпен
жұмыс.
1.Зейнет-еңбек
рақаты, жемісі, игілік
2.Елгезек-айтқанды
екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3.Мұрат-алға
қойған мақсат, арман, тілек
4.Тәуекел-бір
іске жалтақтамай батыл кіріскендік ,
белді бекем буғандық.
5
Батпан-қолақпандай, үп-үлкен.
6.Мысқал-болар-болмас,
азғантай, кішкентай.
7.Шөміш-ожау.
«Сәйкестендіру»
әдісі
Ердің
атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер
туралы)
Өнер
алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар
тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық
туралы)
Көп
түкірсе - көл (Достық, жолдастық
туралы)
Жігітті
- жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық
туралы)
VІ.
Шығармашылық тапсырма
«Мақал
– сөздің мәйегі» шағын шығарма.
VІІ.
Бекіту
VІІІ.
Үйге: Мақал - мәтелді жаттау
ІX.
Бағалау.