Сырласайық жеңеше
Жеңге
Қайынсіңлі
Көрші қыздар
Көрші келін
(Үйдің үлкендері көрші ауылға тойға кетеді. Үйге көрші келін кіреді)
Көрші келін:- Маржан, амансыңдар ма? Үйдің үлкендері көрші ауылға тойға кетіпті. Бұрынғы салт – дәстүрде үйдің үлкендері көрші ауылға қыдырып кетсе, ауылда қалған жастар «бастаңғы» жасайтын.
Келін: -Сәлем бердік абысын, мен «бастаңғы» дегенді онша біле бермейді екенмін. Не істеуім керек?
Көрші келін:- Қазанға жақсылап ет салып, дастарханды жайнатып, бар тыққан құрт – майды ортаға қойып әңгіме шертеміз, өлең айтамыз, көңіл көтереміз.
Келін: - Жарайды, онда мен қазанға тамақ сала берейін. Шырайлым, сен абысынмен бірге дастархан жасауға көмектес.
Қайынсіңлі: - Жарайды, жеңге. Бізге де сол керек еді. Өздеріңмен көкейде жүрген сұрақтардың жауабын ала отырып, сырласатын болдық қой.
Көрші келін:- Бикеш бой жете бастаған ғой. Не ой мазалап жүр екен? Достарыңды ертіп кел, мен өзім – ақ жасай беремін.
Қайынсіңлі: - Жарайды, осындай алтын жеңгелерден айналдым. Кеттім мен қыздарды ертіп келейін.
Келін: - Иа, бой жете бастағаны білініп тұр. Кеше бір жігіт шығарып салды.
Көрші келін:- Менің де көзім шалып қалды. Көрші ауылдың баласы ғой. Иа, кеше Шырайлымды көріп тұрып, өзімнің де жастық шағым есіме түсіп кетті.
Келін: - Бәріміз де бой жетіп, жігітпен кездестік, еді міне сүйгенімізбен бас қосып, бір шаңыраққа ие болдық.
Көрші келін:- Шіркін, сол алаңсыз жастық шақтарымыз -ай, қайта оралмайды қанша армандасақ та.
Келін: - Қой тездетіп дастархан жасап үлгерейік, әйтпесе бикештер келіп қалар.
Қыздар: - Сәлем бердік алтын жеңгелер! «Жеңгесі бардың теңгесі бар» деп бекер айтылмаған. Дастарханды қалай жайнатып тастаған десеңші! Бүгін жеңгелеріміздің арқасында еркін сырласатын болдык қой.
Қайынсіңлі: -Иа, қазақта "Жездеңді сыйласаң, жеңгеңмен сыйлас боласың. Жақсы жеңгең – жарты анаң» деген сөз де бар ғой. Екі жеңгемізге ешкім жетпейді. Солай емес пе, қыздар.
Көрші келін: - Туу, мына қу қыздардың бізді өтірік мақтауын қараңдаршы.
Келін: - Бостан босқа бізге көпшік қойып отырған жоқ қой. Көкейлерінде бір нәрсе бар ғойй абысын.
Көрші келін: - Ал, қу қыздар, шайдан ала отырып әңгімелеріңді бастаңдар.
Қайынсіңлі: - Жеңеше ағаммен танысып, кездескен кезде өзіңізді қалай ұстадыңыз?
Көрші келін: - Дұрыс сұрақ. Қазіргі жігіттердің көбі алдамшы. Уақыт өткізгісі келеді. Діттеген мақсатына жеткен соң, сені керек етпей тастап кетеді. Жігіттің өзіңді шын жақсы көретініне толық көзің жетпейінше арақашықтықты ұстаған дұрыс. Мен ағаңды бір көргеннен – ақ сабырлы, салмақты, бір сөззді екеніне көзім жетті. Иа, сезім алдамапты, сенің ағаң алтын адам ғой.
Көрші қыздар: - Жігіттің бізді шын жақсы көретінін қалай білеміз?
Көрші келін: - «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер»- деп бекр айтпаған. Ол әр жігіттің қимылынан, сөзінен белгілі болады. Ол сені шын жақсы көрсе сенен сәл именіп, айтар сөзін кібіртіктеп жеткізеді. Ал, сені ермек еткісі келген жігіт бірден іс - қимылға көшіп, көзден мақсатына қол жеткізу үшін саған тарпа бас салып, бойыңа қол жүгіртеді. Жігітпен көшеде көп тұрып, сөзге ілініп қалмаңдар.
Жеңге: - «Жақсы қыз - жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз» - деп бұрынғылар тегін айтпаған ғой. Өтірік алдамшы сезімге бой алдырып, ел – жұртқа күлкі болып қалмаңдар. Жігіттеріңмен кездесер кезде бізді де шақырыңдар, иткөйлекті бұрын тоздырғанбыз ғой, сынап көрелік.
Көрші қыздар: - Жарайды жеңге. Сіздердің де сөздеріңіздің жаны бар. Қазір алданып қалып, тығырықтан шығар жол таба алмай жүрген қыздарымыз көп қой. Алла одан сақтасын.
Жеңге: - Шырайлым, бір ән салып, көңілімізді сергітші.
Қайынсіңлі: - Жарайды, жеңге. Қолқаңызды орындайын (ән)
Көрші қыздар: - «Қыз назы қырық кісіні мас қылады»,- дегендей, өздеріңіз ағаларымызды қалай қаратып алдыңыздар?
Көрші келін:- «Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас»- дегендей, қай кезде болса да, жігіттің сұлтаны екеніне көздерің жетсе ғана өздерің қырсықпай, сол жігітпен сыйласып, өмірлеріңді сеніп тапсырыңдар. Ал жігіттің қырсыз екеніне көздерің жетсе, одан бойларыңды аулақ ұстаңдар. Жалпы жар таңдауда қателеспеңдер. Біз ағаларыңның адамгершілігі мол екенін білген соң, айырылмай, назды қылықтарымызбен өзімізге қарата отырып, етегіне жабысып осы үйге келін болып келдік қой.(күлкі)
Жеңге: - «Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді» - деген не сөз?
Көрші келін: - Нәзік жандылар екі рудың арасын байланыстырар алтын көпір болғандықтан, рулар арасында қақтығыс, ұрыс-керіс, жанжал туындамас үшін қыз балаға арнап «қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді», «қыздың қабағында құт бар», «қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «қызың өссе қылықтымен ауылдас бол», «Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман» деген тәрбиелі сөздер айтқан.
Қайынсіңлі:- Иа, біз бүгін көп нәрсенің байыбына бардық. Біріншіден, «басатаңғы» сөзінің мағынасын түсінсек, екіншіден, жігітпен қандай қарым – қатынаста бола білу керек екенінен сабақ алдық.
Көрші қыздар: - Үлкендердің қыдырып кеткені мұндай жақсы болар ма? Жеңгелеріміз сырласып, көп нәрсенің бетін аштық қой.
Жеңге: - «Қыздың қабағында құт бар. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді», - дегендей, әркез жүздеріңнен күлкі кетпей, күлімдеп, өздеріңді де, өзгелерді де бақытты ете біліңдер.
Қайынсіңлі: «Қыз баланың сұлулығы-оның тәрбиесінде. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді..», - деп бекер айтылмаған ғой. Біздердің арқаларымзда осындай сүйкімділіктеріңізді жоғалтпай, ағаларымыздың басындағы бағы болып жүре беріңіздер.
Көрші қыздар: - Біз бүгін өздеріңізбен сырласа отырып, көп нәрседен хабардар болдық. «Жеңге деген – қастерлі де сыйлы ұғым. Жеңгесі бардың теңгесі бар, Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дейді халық. Жеңгені анадай сыйлау білуіміз қажет. Біз бүгін жеңгемізді сыйласақ, ертең бізді де қайынсіңлілеріміз сыйлары анық.
Қос жеңге: - Сендер бізді сыйласаңдар, Алла сендерді де сыйласын. Өз жартыларыңды тауып, бақытты болуларыңа тілектеспіз.
Ал бәріміз бір ән орындайық «Дедімай -ау»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс іс - шара: Сырласайық жеңеше

шағым қалдыра аласыз