жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс шара "Абай-теңіз, біз тамшы" Әдеби музыкалық кеш
Әдеби музыкалық кеш
Тақырыбы: «Абай-теңіз, біз-тамшы»
Мақсаты:
- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл- мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Оқушыларды Абайды тануға, маржан сөздерімен сусындауға,өсиет сөздерінен өнеге алуға баулу.
Тіл тазалығы үшін күресуге,сөз өнеріне баулу.
Көрнекілігі: Абай портреті. Абайдың қанатты қара сөздері, айтылған ұлағатты өлеңдері, суреттер және слайд.
Кіріспе:
Жұмыс барысы
8-сынып оқушыларының орындауымен қазақша би орындалады
1-оқушы:Армысыздар, бүгінгі кештің қадірлі қонақтары, оқушылар мен ұстаздар! Қазақ әдебиетінің поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлғаның бірі де бірегейі Абай Құнанбаев қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті.
2-оқушы: Жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының өнерлі оқушылары дайындаған «Абай-теңіз, біз-тамшы» атты әдеби музыкалық кешіне қош келдіңіздер!
3-оқушы:
Абай
лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы,
халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге
қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып
тұр.
Әрине,
Абай атамыз туралы айта беру артық емес.
Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне
секілденгенмен, ол туралы білетініміз
тым аз – ау.
4 оқушы– «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі- Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық.
5-оқушы. «Әсемпаз болма әрнеге» (өлеңін мәнерлеп жатқа айтады)
6-оқушы: «Ғылым таппай мақтанба» (өлеңін мәнерлеп жатқа айтады)
7-оқушы: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» (өлеңін мәнерлеп жатқа айтады)
8-оқушы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» (өлеңін мәнерлеп жатқа айтады)
Сахна сыртында (жүргізуші оқып отырады):
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй. Мектеп-гимназиямыздың өнерлі
оқушыларының орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
Негізгі бөлім:
Абайға арнау жатқа айтады. (Слайд көрсетіледі)
Сөздері
шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай
деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі
бізге рухани азық секілді,
Абайдың
биік тұлғаны қайдан табарсың?
Абай
- жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға
қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай
- сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы
- зарын жырлай білген даламның.
Абай
- мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән
мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім,
еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас
қауымға сабақ етіп жырлаған.
Абай
- дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған
ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ
даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай
теңдес ақын болмас қазақта.
Кеше
өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа
Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған,
Абай
үні бізбен бірге келеді!
Сахна сыртында: (жүргізуші оқып отырады):
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі-тілің, бірі ділің жүректегі»
Шағын көрініс
Тыныштық. Абай өлең жазып отыр.
Есіктен досы Ербол кірді.
Ербол. Абай досым, тағы өлең жазып отырмысың?!
Шаршадың ғой... Бір сәт демалсаңшы.
Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)
Көзімнің
қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді
іштегі,
Ғашықтың жарасы.
Ербол. Абай неткен әдемі ән! Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең! Тамаша! Абай, Осы әнді көрерменге сый етіп тартайық!
Абай (басын изеп): Жарайды.
(Қазақи киімдер киген Абай мен Ерболдың орындауында)
Ән шырқалады «Көзімнің қарасы».
Ербол.Неткен тамаша ән. Терең, сырлы. Рахмет, Абай.
Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.
Сахна сыртында:
Әсемпаз
болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң –
арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін
тап та бар қалан. Сахнада М.Ломоносов
атындағы мектеп-гимназиясының кішкентай
бишілері.
1 оқушы
Парасатты
болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән
мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның
Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның
Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл
әлем Абайы. Абай есімін естігенде
есімізге не түседі?
2- оқушы: Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.
3-
оқушы: Мынау
тұрған Абайдың суретіме ?
Өлең сөздің
ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат,
білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың
төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр
алыбы Жамбыл.
4- оқушы: Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.
5-оқушы: Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармаларының бірі «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес. Абайдың қара сөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қара сөздерімен танысайық.
Қорытынды бөлім:
Оқушылардың қара сөздерді оқуы.
6-оқушы: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселермен оздымғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)
7-оқушы: Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалғансоң, саған рақат көрсетерме, өзі рақат көрерме, яки жұртқа рақат көрсетерме? (Жиырма бірінші қара сөз)
8-оқушы: Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған Абай шығармалары кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы.
Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.
Бірге хормен: Сондықтан біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
Сахна сыртында: (жүргізуші оқып отырады):
Мектеп-гимназиямыздың өнерлі оқушылары Гүлназ бен Гүлімнің үш тілде орындайтын «Ғажайыптар әлемі» әні.
Ой түйін.
1
оқушы: Қамшының
сабындай ғана қысқа өмірінде артына
өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді
ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя
ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған...
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар. Бүгінгі әдеби кешіміздің барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік. Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойымызға сіңіріп, білімімізді толықтырдық. Абай тағлымы бүгінгі таңда да өміршең екендігі еш күмән туғызбайды.
Абай сөзі - адамның жанына азық,
Ақылдың таразысы, алтын қазық,
Абайдың өсиетін түсінгендер
Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз »
Қорытынды: Ән «Жаным қазақ» орындайтын МГ-ның - 8 «А» сынып оқушысы Рысбек Нұрсұлтан.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген