Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Балмаскарад"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Балмаскарад"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғарғы сынып оқушыларына жаңа жылдық кешті тойлауға арналған сценарий. Бұл сценарийден оқушылар көптеген ойын түрлерін табады. Кешті көңілді өткізуге зор көмегі болады деп ойлаймын. Оқушыларды тапқырлыққа, батылдыққа баулиды. Ортада ұстаздармен бірлесе түрлі ойындарға қатысып өз ойларын ашық айтуға , қысылмай жауап беруге үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1312
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Музыка ойналып, жүргізуші залға кіреді.

Жүргізуші:

Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін ортаға Сапорова Гүлназ апайды,Абдуллаева Алтынай апайды, Миршаева Гулнара апайды шақырамыз.

Жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар

Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар!

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымызда келді. Олай болса, орнымыздан тұрып қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

(Аяз ата мен Ақша қар кіреді)

Аяз ата:          Балаларым, балғыным

Өмір гүлім, шалғыным

Тілегім жыл бойғы

Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскіріп аяздан сендерге зорға жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым. Осы қаланы аралап қызымыз екеуіміз сендерге жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір демалайын.

Жүргізуші:

Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды дайындаңыз.

Биікке құлаш сермейді,

Шарықтап көкке өрлейді.

Өтсе де қанша ғасырлар,

Халық мұрасы өлмейді. Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы - халық биі  Қара жорға қарсы алыңыздар!

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде сахнада өз өнерін халқына паш етіп жүрген 9 сынып оқушысы .............................................................................................. микрофон ұсынамыз!

Жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.Ортаға әр сыныптан 2оқушы шықсын. Сіздерге салфеткадан қар суреттерін қию керек, кім бірінші әдемі әрі жылдамқар жасаса сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі қар суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.

(Аяз Ата өз сыйлығын береді)

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!

10-ә сынып оқушысы.......................................................................................................................................................




Жүргізуші:Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Ал егер де ішінен мұғалімнің аты шықса сол мұғаліммен би билеп бересіз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

Жүргізуші: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық.
Ойын шарттары:

Лимонның жартысын жеңіз. 1. Ақбота апай
7- санының көбейту кестесін айтыңыз. 2.Санжар ағай
Мешіннің қимылын келтіріңіз. 3.Айнұр апай

8-санының көбейту кестесін айтыңыз 4.Қанат ағай

Лимонның жартысын жеңіз 5.Мунира апай

9-санының көбейту кестесін айтыңыз. 6.Жохангир ағай


Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Ән орындайтын...............................................................................................................................................................

Жүргізуші:бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер қалмай тағаттары

Ғасырдың он алтыншы жылы келді

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.

Флешмоб.............................................................................................................................................................................

Жүргізуші:Ал халайық, тұрмайық.

Әндетейік жырлайық,

Ортамызды ашайық

Жырдан шуақ шашайық.

..............................................................................................................................................................................................

Жүргізуші: Ендігі кезекті ойынға берсек. Ортаға әр сыныптан екі оқушы шықсын.Мына сандықта әртүрлі сөздер бар, сол сөздерден ән айтасыздар және би билейсіздер.

1 Қара жорға

2Лезгинка

3 өзбек биі

4 Үнді биі

5Түрік биі

Ән:1 Жаңа жыл, 2 Мектеп, 3 Ұстаз, 4 Қар, 5 Арман.

Жүргізуші:

 Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

..................................................................................................................................................................

Жүргізуші:Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп

Әдемі тілектерге қол созамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

....................................................................................................................................................................

Жүргізуші: Кезекті және ойынға берсек. Ортаға әр сыныптан 1 оқушы шықсын «Жаңа жылдық тілектер» сайысы.Шарты;Қатысушыларды ортаға шақырамыз.Олар ауыздарына екі чупа-чупс салып. Жаңа жылдық тілек айтуы тиіс.Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады.Соңына дейін жеткен адам жеңеді.

Аяз ата жеңімпазға сыйлығын береді.






Жүргізуші:

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар

Әнші қыздар ән салғанда беу шіркін.

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар!

...........................................................................................................................................................................

Жүргізуші:

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағың тола берсін

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп қала берсін!

............................................................................................................................................................................

Жүргізуші:

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

...................................................................................................................................................................................

Жүргізуші: Әуелден жомарт серіміз.

Асылын жырдың теріңіз

Білгіңіз келсе қазақты

Ән-күйін тыңдап көріңіз!

........................................................................................................................................................

Жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отырайық

Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.

............................................................................................................................................................

Жүргізуші:  Әрқашанда ойыннан жалықпаймыз,

Әрі қарай самғаймыз, қалықтаймыз.

Ойын ойнап көңілді көтерейік,

Шырқап көңіл, ары-бері шалықтаймыз

Енді кезекті Жаңа 2016жылдың Ханзадасымен Ханшайымын анықтайтын кез келді. Кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамын. Бұл жапсырманы қыздар ең керемет жігітке, ал жігіттер ең керемет қызға жапсырады. Ең көп жапсырма жинаған қыз бен жігіт Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қәзір жапсырмаларды тарата берейін.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі кештің Ханзадасы.............................................................................................

Ал Ханшайымы.............................................................................................болды. Қәне, қошемет көрсетейік.

Жүргізуші: Кешімізді Бүгінгі мерекеге ат салысып, тамаша дайындықпен келген кейіпкерлерімізді марапаттап, сый-сыяпат беру үшін сөз Абдуллаева Алтынай апайға беріледі. 
«Ең үздік костюм»
«Ең үздік әнші»
«Ең үздік нөмір»

Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн 
Бақыт боп бастады жыл дастанын 
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл. 
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.  Деген тілекпендуманды кешті тәмамдап, әрі қарай би кешімен жалғастырсақ деймін













«Шорнақ» жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Жарқыра жалындай түс, көгілдір от

Сценарий





































2015-2016 Оқу жылы













Жаңа жыл



Мектеп



Арман



Қар



Ұстаз


Қара жорға



Лезгинка



Түрік биі



Өзбек биі



Үнді биі



Лимонның жартысын жеңіз. 1. Ақбота апай



7- санының көбейту кестесін айтыңыз. 2.Санжар ағай



Мешіннің қимылын келтіріңіз. 3.Айнұр апай



8-санының көбейту кестесін айтыңыз 4.Қанат ағай



Лимонның жартысын жеңіз 5.Мунира апай



9-санының көбейту кестесін айтыңыз. 6.Жохангир ағай





Қара жорға





Лезгинка





Түрік биі





Өзбек биі





Үнді биі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!