15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс іс-шара "Білім шыңы" Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы зияткерлік сайыс
Сабақтың
тақырыбы: «Білім шыңы»
Сабақтың
мақсаты:
Оқушылардың
танымдық көзқарасын, ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау,
шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік
қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін
қорғай алуға үйрету.
Сабақтың
түрі:Сайыс
сабақ
Сабақтың
әдісі:Сұрақ–жауап,топпен
жұмыс, ойын
Сабақтың
көрнекілігі:Интерактивті
тақта , плакатқа жазылған нақыл
сөздер
Сабақтың
барысы:1.Ұйымдастыру
кезеңі. 2. Топқа бөлу.
Мұғалім:Армысыздар,
құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің
ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп,
есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді
жастарды анықтайтын, білімге
қызығушылықтарын арттыратын «Білім
шыңы»
атты сайысымызды бастаймыз.
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарыңозашауып бара жатса,
Арқаныңауруы не қозбайтұғын, — деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған сайыскерлерге сәттілік тілейік.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстыңба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыспа, — дей отырып, сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сонымен, сайыскерлер, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!
Қатысушыларды таныстыру. 9 «А» сынып оқушылары мен пән мұғалімдері, ата-аналар.
Сайыс кезеңдері:
І бөлім. « Кім көп біледі? »
ІІ бөлім. « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »
ІІІ бөлім. « Білгім келеді! »
ІҮ бөлім. «Дода»
І бөлім.«Кім көп біледі?»
Топқа қойылған сұраққа тез және нақты жауап берсе, сол топқа – 10 ұпайдан қосылып отырады. Қазылар алқасы әр топқа баға беріп отырады.
«Оқушылар тобына»
1.Отырар қаласының бұрынғы атауы? (Фараб)
2.Жас кезінде балаға аталатын малдың атауы? (бәсіре)
3.Бал арасын өсіруші адам- омарташы
4.Күні-түні дем алмай жүретін не? (Ай мен күн)
5.Бұл дүниеде,ол дүниеде өсетін ағаш. (құрма)
6.Ораза айында берілетін садақа. (пітір)
7.Мұқағали Мақатаевтың «Аққуларұйықтағанда» поэмасындағы көл аты. (Жетімкөл)
8.Көне заттарды сақтайтын орын.(мұражай)
9.Адам алғашқы құралдарды неден жасады? (тастан)
10.Үйленген ұлға үлес. (енші)
11.Оқушы жанының бағбаны (Мұғалім)
12.«Вальс каролі» (ШәмшіҚалдаяқов)
13.Аққудың баласы. (көгілдір)
14.Ер қанаты. (ат)
15.Алматының алмасы. (апорт)
«Мұғалімдер тобына»
1. Сақ патшайымы- Томирис
2.Қазақстанда ядролық апаттың ошағы болған жер. (Семей)
3.«Алтын адам» табылған оба. (Есік обасы, Алматы облысы)
4.Түйе пірі (Ойсылқара)
5.Қасқырдың жұмсартып айтылатын аты. (ұлыма, ит-құс)
6.Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам. (құрт)
7.Репрессия құрбандарын еске алу күні.(31-мамыр)
8.Теңіз құсы. (шағала)
9.«Бөтен» сөзінің синонимі. (жат)
10.Шөл кемесі. (түйе)
11.Оптикалық прибор(микроскоп)
12.Қара сөзбен жазылатын әдеби жанр. (проза)
13.Портрет, синекдоха, литота қай стильге тән? (Көркем әдебиет стилі)
14. Қан тоқтататын элемент. (йод).
15.Шөлмек ыдыстың қақпағы. (тығын)
«Ата-аналар тобына»
1. Байланыс аппараты. (телефон)
2. Жерді қоршап тұрған газ қабаты. (атмосфера)
3. Жабайы аңдарды өсіретін жер. (қорық)
4. Асықтың ең үлкені. (сақа).
5. Ешкінің пірі (Шекшек ата)
6.
Нөл температурада су неге айналады?
(мұзға)
7.
Құсжолы қандай пішінде болады? (шиыршық)
8.
Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы.
(модем)
9.
Галстуктің отаны? (Англия)
10.
Ең кіші планета ? (Меркурий)
11.
“Оянған өлке” романының авторы. (Ғ.
Мүсірепов)
12.
Қазақ хандығындағы билік жүргізуші
аппарат (Хан
кеңесі)
13.
Бетпе-бет кездесіп, пікірлесіп ой бөлісу
(Ауызекі
сөйлеу стильі)
14.
Екі
элементтің бірі оттек-
Оксид
15.
Ескі қытай “Кюши” деп аталатын тайпа
(Қыпшақ)
ІІ бөлім. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда төменгідегідей тақырыптарға сай сұрақтар қойылады. Қатысушыларға үш тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады, сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына балдар қосылып отырады.
Салт-дәстүр |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Қазақстан қалалары |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Көркем шығармалар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
«Салт-дәстүр»
10.Тымаққа салу. (Шала туылған нәрестені тымаққа салып өсіру)
20.Енші- отбасынан жеке шаңырақ болып бөлініп шыққан ер баласына ата-ананың белгілеп берген малы мен басқа да дүние-мүлкі. «Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды» деген сөз осы дәстүрге қатысты айтылса керек.
30.Әмеңгерлік-Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқылы саналатын дәстүр.
40.Ерулік-Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған.
50.«Шарғы» дәстүрі қай кезде орындалады? (Ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. «Бұл – ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз)
«Қазақстан қалалары»
10.Қазақстанның халық саны бойынша ең кіші қаласы. Халық саны 2 013 адам . Қала өзен атауымен аттас.Қаланың негізі 1960 жылдың 7 мамыр күні болып саналады. 1967 жылы қала мәртебесін алды.Бұл қай қала? (Жем)
20.Қазақстаннын ең суық қаласы деп аталады.Қыстағы ең жоғарғы температура -57* с дейін барады. (Атбасар)
30.Бұл қалада не бәрі екі көшенің атауы ғана бар. Бірі-Президент көшесі, екіншісі -Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады.(Ақтау)
40.Бұл
қалада әр кездері орыстың белгілі
ақын-жазушылары
А.С.
Пушкин,В.А.
Жуковский,М.А.
Шолохов
өмірінің бір кезеңдерін өткізді.Бұл
қай қала? (Орал)
50.О.А. Байқоңыров атындағы жоғары білім беретін мемлекеттік оқу орны қай қалада орналасқан. (Жезқазған)
«Көркем шығармалар»
10. Нартай мен Ертай атты ағайынды жетім балалардың тағдыры суреттелетін көркем шығарма (Бір атаның балалары)
20.Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін жазуына себеп болған оқиға? (Жұбайы Валинтина сатып әкелген күнтізбе)
30. Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінде Рабиға Сатайға қандай оқулық сыйға тартады? (Алгебра)
40.
Әлден уақытта
шеткерірек сызылта ән
салған әйел дауысы естілді.
-
Алтын ғой, - деді Жарықжұлдыз
елендеп.
-
Оның
кім еді?
- Осында,интернаттың қызы ғой.
-
Кімнің қызы болса да әнші екен, - дедім
мен. Шынын да кешкі тымық ауаны жара
шыққан ән мені елітіп әкетті. Қоңыржай,баяу
үн... Ән
бірте-бірте жақындайтүсті.
Таянған сайын құйқылжып, бұрала түскен
тәрізді."Қос етек, бұраң бел, қуалай
соғар қоңыр жел" деген қайырмасы
да
емес-емісүзіліп құлаққажетеді.
Осы жұрттыңкүндеайтыпжүретін "Бірбаласы".
(Халық әні-Бір бала)
50.
М. Әуезовтың «Қорғансыздар күні»
әңгімесінен үзінді.С.
қаласының оңтүстігін жайлаған елдің
қалаға қатынасатын қаражолының үстінде
______ деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ
жолында қажып келе жатқан керуенге тау
алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады.
Жолдың аузында көлденең созылып жатқан
тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз
кереге сықылды,
жалғыз
тау. Таудың атын атаңыз? (Арқалық)
ІІІ бөлім. « Білгім келеді! »
«Тоқсан сөздің тобықтай түйіні» бар демекші келесі кезеңде берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
1) Сақал сипап қалу. (Алдану)
2) Сең соққан балықтай болу. (Есеңгіреу)
3) Сөзі мірдің оғындай. (Өткір сөз)
4) Тонның ішкі бауындай. (Өте жақын адамдар)
5) Мойны ырғайдай болу. (Азып-тозғанадам)
6) Отқа май құю. (Өршіту)
7) Құлаққа ұрған танадай. (тып-тыныш)
8) Қаймағы бұзылмау. (Бірлігі бұзылмау)
9) Кескен жерінен қан шықпас. (Қатал, ұятсыз адам)
10)Аузын буған өгіздей. (Үндемейтін)
12) Жаны сіреден жаралған екен (мықты)
13) Жалғанды жалпағынан басу.(молшылықта өмір сүру)
14) Есек құрты мұрнына түсу. (баю)
15) Асығы алшысынан түсті. (жолыболды)
16) Кірпігінен қырау тамған (қаһарлы)
17) Қызылсөзден бал жағу. (мақтау, мадақтау)
18) Жынынанайырылғанбақсыдай (не істерін білмей, абдырау)
19)Пейілін кеңге салу (жомарт болу)
20)Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау. (тыныштықзаманорнау)
21) Тас жүрек (Қатыгез)
ІҮ бөлім. «Дода»
Топ ойыншыларына Д, Т, Ж әріптері беріледі.Той басшысы ортағы шығып, сол әріптен келетін қазақ тіл біліміне қатысты сөздер айту керек.
Қорытынды сөз: Құрметті, қонақтар, оқушылар мен ұстаздар әр адам өз елінің, жерінің, халқының мәртебесін биіктету үшін, алдымен, мемлекеттік тілді білуі қажет екеніне мәлім. Міне онкүндік барысында өткізіліп отырған сайысымызда аяқталды. Сіздердің отбасыларыңызға тілейтініміз зор денсаулық, ашық аспан, өсіп жатқан балаларыңызды қызығын көруге жазсын!!! Қатысқан сайыскерлерге өз атымнан зоралғысымды білдіремін.
Әділқазыларға сөз беріледі, жүлделі орындарды белгіленіп, мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген