400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. Фариза апай

Материал туралы қысқаша түсінік
Фариза Оңғарсынова апйымыздың 80 жылдық мерей тойына арналған іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын

(Ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық шығармашылығын

еске алуға арналған кеш)


«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып, алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады».
Нұрсұлтан Назарбаев
Мақсаты: Көрнекті ақын Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерді мәнерлеп оқу, шығармашылығын насихаттау.
Көрнекілігі: Өткізілетін залды әсем безендіру, қабырғаға ұлағатты сөздер ілу. Тақырыптық слайд, кітап көрмесі.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Қазақ поэзиясын ерекше нұрландырып, жұлдыздай жарқыратқан, намысты қайрап, қыр қазағын жыр бесігінде тербеткен, қаламын басты қару етіп ұстаған ақындарымыздың бірі – Фариза Оңғарсынова апамыздың көзі тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді. «Фаризаны оқысам, қанаттанып қаламын» атты әдеби – сазды жыр кешімізге қош келдіңіздер! 

2– жүргізуші: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Шағын көрініс: Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасының қолында домбыра, отанасының қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Әмин! Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
1 - жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін қала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен. Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты.

2 - жүргізуші: 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. Ол «Құрмет белгісі», І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Фариза Оңғарсынова халық қалаулысы, қоғам қайраткері ретінде мемлекеттігімізді нығайтып, тәуелсіздік мұраттарын орнықтыру ісіне үлкен үлес қосты.

Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

«Перзент сөзі» өлеңі оқитын 8 «А» сынып оқушысы Бүркітбай Жанель.

Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы - әкем менің.
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.
«Анама» өлеңі оқитын 10 «А» сынып оқушысы Омашова Амина.

Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!

1-жүргізуші: Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез келген таланттың, тіпті кейде теңгеруінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Ақын жыры айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит. Өнер халықтікі. Халық өзі тудырып, дараларын да,даналарын да өзі иеленеді. Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова өмірден өтті. 

2-жүргізуші:  Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол - мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік - азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.

1-жүргізуші: Фариза жырларын оқыған сайын көз алдымызға шыңның басындағы мұңлы шынар және кәусар бұлақтың сұлулығы мен мөлдірлігі келеді. Фаризаның сирек бақытқа ие болуының ең бастысы тарихпен тамырлас, халықпен тағдырлас жандардың ғана несібесіне бұйыратын, адамгершілік шалқарынан бастау алып жатқан жан мөлдірлігіне лай түсірмей жүре ала білгендігінде шығар. Оның жырларындағы тұңғиық тереңдік пен айна көлдей айқындықтың қос қайнары өткеннің өзек өртер өкініштері мен келер күннің үмітті үздіктірер пәк арманы болса керек.

2-жүргізуші: Фариза жыры- айдын көл, шалқар теңіз емес, тылмыс мұхит. Көкірекке сонша сыр, көңілге сонша жыр тұндыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алады деседі.

«Жетімнің монологы» үзінді.

Оқыған 10 «А» сынып оқушысы Тулегенова Гүлдариға

Базар іші дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырылған құс етіне өзінің тарамыс қолдарын созып еді, анау бірден байқап, жиіркенішпен итеріп жіберді. Мен, құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым:

Адамдар, адамдар қаталсыңдар!

Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар.

Жалғыздықтан зарығып ашынғанда

Мен, сендерді асылдар деп ем,

сипайды ау шашымнан деп ем Жоқ!

Тас екен жүректерің де,

Шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде.

Өздерің оны көлгірсіп жасырғанменен,

Мейірімге сараңсыңдар!

Мейірімге сараңсыңдар!

Түбі содан жазым да табарсыңдар.

Бір жылы көзқарастарыңа зарыққанымда

Соның өзі-ақ бақыт қой, қамыққан ұлға!

Найзағайдай , атқылап жанарларың да,

Біржола сөніп үмітім, балаң жаным да.

Жыртқыштар қамап алғандай тарықпадым ба?

Әділеттен жұрдайсыңдар!

Тақсырет тартпай бір тынбайсыңдар

Жала тартып сендерге жүгіндім барып

Тас мүсіндеріңнен түңілдім налып,

Тағдырым менің титтей де елеңдетпеді,

Бейжайлықтарың қорқытты, керең беттегі.

Мен емес, сендер екенсіңдер бүгінгі ғаріп.

Адалдыққа тапшысыңдар!

Әрине, данышпансығанда жақсысыңдар

Өзгенің қасіреттеріне, қарайсыңдар қалайша есінеп мүлде?!

Бәрібір екен, сендердің көмкерлеріңе

Біреулердің көзінен жас кетпеді, бұл күнде ұғындық бәрін...

О, адамдар!

Сендердің зұлымдықтарың, шыдатпай өртеді мені де

Не деген пасық едіңдер!

Шуақсыз қурайды емес пе жасыл егіндер?

Мейірім аңсап, жүрегім қансырап тұрған,

Зұлымдықтарыңмен қамшылап тыңнан

Жанымда үміт, сенімдер түгесілгенде

Лақтырып тастап кеттіңдер, күресін жерге

Сендерден байлық сұраман,

Сендерден байлық сұраман өліп кетсем де!

Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де,

Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме?

Мейірімге ғана мұқтажбын...

1-жүргізуші: Фаризаның атақты «Өлең» атты өлеңінен ақынның әлденеден мұңайған кезінде, біреудің «пысықтығынан» жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының бүгін жерігенін көргенде , Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз. Бұл мына өлең-жолдарында анық көрініс тапқан.

2-жүргізуші: Жалпы, Фариза ақынның жырға қоспаған тақырыбы, өмір туралы толғақты ойларының ұшы- қиыры жоқ деп кесіп айтуымыз керек. Соның ішінде, сөз соңына қарай болса да, өсиет сөздерін өлеңдеріне өзек еткені жөнінде бірер сөз айтпай қалу айып болар еді. Бұлар- жеке-жеке талдауға лайық көркем туындылар. Ерте заманнан келе жатқан халқымыздың қасиетті дәстүрінің бірі- ақ тілек тілеп, бата беру. Ақ тілек тілеу, бата беру халқымыздың ежелден айтылатын, әр адамның көңіл сарапындағы мейір шапағаты, жылы пейіл-ықыласы, шын жүрегінен шыққан лебізі,екінші бір пенденің дәтіне қуат, рухына мизат ететін ақ тілегі.

«Туған ел» өлеңі. Оқитын 5 «А» сынып оқушысы Беспаева Алия

Аймалайды өпкен желі,

Нұрға оранып көк пен жері.

Бала сағым бұлдырайды,

Гүлмен ойнап бөктердегі.

Қаз-үйректің таныс әні,

Ерке өзенмен табысады.

Бір-бірінен күле қашып,

Ақ толқындар алысады.

Терек, қайың жымыңдасып,

Самал желмен тұр ымдасып.

Жапырақтар тербеледі,

Бір-бірімен сыбырласып.

Гүл жамылған өлкедегі бұталар да ән төгеді.

Күн шуағы аймалаған,

Елім неткен көркем еді!

«Белым лунным молоком» өлеңін оқитын 10 «Б» сынып оқушысы Карибаева Наргиз

Белым лунным молоком
залиты холмы,
на земле сидим рядком
и на небе мы.
Кто там так похож на нас —
блеск во все концы?
Дева? Или Волопас?
Или Близнецы?
Сколько ты меня томил,
робостью маня.
Обнял нас с тобою мир,
обнял ты меня.
Это поселился рай
с нами на лугу.
Ты меня не отпускай.
Вдруг я убегу.
В небе скромная луна
к нам легла спиной.
Стыдно ей: она одна,
ты сидишь со мной.
Мне светло от ясных глаз
даже без луны,
ветерок укроет нас,
степь навеет сны. (перевод Татьяны Фроловской)

1-жүргізуші: Фариза –аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Ол –қоғам қайраткері, халқының ардақтысы. Атаның қаны, ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен еш жаңылған жоқ. Ақын жайында айтылған замандастар пікіріне кезек береміз.

«Замандастар көзімен» шағын қойылым.

1- оқушы: «Фариза Оңғарсынова поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады» 

(Н.Ә.Назарбаев).

2-оқушы: «Фариза халықтық рух бар, ол – елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.»

(Әбілда Тәжібаев)

3-оқушы:

«Фариза – поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын» 

(Ғабит Мүсірепов)

4-оқушы: «Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар».

(Әкім Тарази)

5-оқушы:

«Фариза прозасындағы эссе –қара сөз дегені болмаса, баяғы сол есіліп тұрған поэзия»

(Шерхен Мұртаза).

6- оқушы:

«Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек»

(Ақұштап Бақтыгереева)

7- оқушы:

«Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары». 

(Әбіш Кекілбаев)

2-жүргізуші: Ф. Оңғарсынова- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгіадам жанына , сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.

1-жүргізуші: Жырыңды оқы жарқылдап, төгіл деме Қылығымды алмаңдар көңілге де, Жыр оқу да – бір дарын, көрген емен. Артист болып түсімде, өңімде де, Өмір атты сахна төрінде де. Бүгін міне, ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған поэзиялық жыр кешімізді аяқтай отырып, ақын апамыздың жолын қуған батыр да, батыл ұлдар мен қыздар көбейе берсін демекпіз.

«Фариза, Фариза апа, Фариза ақын» әні орындайтындар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омарбекова Тазагуль Абдикамедовна мен музыка пәнінің мұғалімі Қалдыбек Дархан Ермекұлы.

2-жүргізуші: Қадірлі қонақтар, ұстаздар! Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі