Материалдар / сыныптан тыс іс-шара: "Жанам деген жүрекке отберейік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс іс-шара: "Жанам деген жүрекке отберейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімін, интеллектуалдық қызығушылықтарын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жанам деген жүрекке от берейік»

Тақырыбы: «Жанам деген жүрекке от берейік»

Мақсаты: оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.

Сайыстың міндеті: 
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау, көшбасшылық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, суреттер.

Сайыстың кезеңдері:

  1. «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

  2. «Жас полиглот»

  3. «Жорға»

  4. «Біз сіздермен біргеміз!» (жанкүйерлер сайысы)

Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті оқушылар, ұстаздар және ата аналар! Бүгінгі мектепішілік «Жанам деген жүрекке от берейік» сайысына қош келіпсіздер! Бұл сайыста үйірмешілеріміз өз бақтарын сынамақ. Жанам деген жүрекке от берейік. Мүмкін, сол оттан жалын туар. Ол жалын, жабырқап жүрген жандарды жылытуға жарап қалар. Бетін жалын қақтаған, жүрегіне жақсы сезім ұялаған дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

(музыка ойнап тұрады)

Жерибе бойынша қатысушыларға реттік нөмірлері беріледі.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын

Әділқазы, аққазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем, 
Жүйрік озар сайыстарда неше бір, 
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл. 

демекші, енді қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Жүргізуші:

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда.

Келесі кезекті «Білімді мыңды жығар» сайысына береміз. Бұл сайыста оқушылар өздері тақырып пен ұяшығын таңдайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берсе ғана сол ұяшықтағы ұпайды иелене алады. Сұраққа жауап бере алмасы қарсылартар дегенен кейін ғана бірінші қол көтерген сайыскер жауап бере алады. Сайыскерлер сұрақтарды нөмір ретімен таңдайды.

1 ұяшық: «Туған өлке»

10-ұпай: Ақтөбе қаласының құрылған жылы? (1869 жыл, 28 мамыр)

20-ұпай: Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтына кімнің есімі берілген? (Талғат Бегельдинов)

30-ұпай: Ақтөбе облысы шығысында қай облыспен шектеседі? (Қостанай)

40-ұпай: Қандыағаш, Жем, Ембі атты үш бірдей шағын қала орналасқан аудан? (Мұғалжар)

2 ұяшық: «Туризм»

10-ұпай: Тосын сый

20-ұпай: «Туризм» сөзі қай тілден енгізілген? (француз-серуендеу)

30-ұпай: Туризм неше түрге бөлінеді? (2 түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы )

40-ұпай: Жорық барысындағы жеке құрал-жабдықтар? (рюкзак, жатын қап, киім-кешек)

3 ұяшық: «Әдебиет»

10-ұпай: Ақтөбе

20-ұпай: Нұрпейіс Байғаниннің фотосуреті экранға көрсетіледі, сол жайында мәлімет айтуы қажет.

30-ұпай: Фотосұрақ:

Доп ойнаған тозар,

асық ойнаған азар,

Бәрінен де қой бағып

Құйрық жеген озар.


40-ұпай: Тахауи Ахтановтың романдарын ата. («Қаһарлы күндер», «Боран»)

4-ұяшық: «Ұлттық құндылықтар» (берілген фотосуретке сипаттама беру)

10-ұпай: Шашбау-қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым

20-ұпай: Торсық-су, сусын құятын шағын тері ыдыс.

30-ұпай: Ер тоқым-салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі.

40-ұпай: Адалбақан-киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жабдық.


Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

-дей отырып, ең аз ұпай жинаған сайыскерлерді атап шықса дейміз.

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп, сайысымыздың «Жас полиглот »  кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде әрбір сайыскер берілген жұмбақтың жауабын үш тілде дұрыс таба білуі керек. Ең жоғары ұпай 10.

1.Тақия толған сөк,

Таң атқанда жоқ.(жұлдыздар, звезды, stars)

2.Тұрады ылғи сөреде, іші толған өнеге. (кітап, книга, а book)

4.Өз елімнің басы болмасам да, сайының ____ болайын.     (тас, камень, stone)

5. Ел жаусыз болмас, жер ____  болмас.   (тау, гора, mountain)

6. Тіл жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (қаламсап-ручка-pen)

7. Үстінде екі тауы бар,

Өзі үлкен жануар. (түйе-верблюд-camel)

8. Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау-шесть-six)

9.Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа-лук-onion)
10.Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор-мел-
chalk)
11.Уақытты өлшеп, санап, Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?… (сағат-часы-
clock)

12.Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын. Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың. (жаңбыр-дождь- rain)

13.Адам болатын ___ алысқа қарайды. (бала-мальчик-boy)
14.
Не істесеңде __ істе, ойламайісқылсаң, қор болмайсың. (ойлап, думать, think)

15._____өлшеп, бір рет кес. (жеті-cемь-seven)

16. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, Дабылдап дабылын ол қағып тұр. (найзағай-гроза-storm)

Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға-

деп, жанкүйерлер сайысын бастаймыз. Сайыскерлердің жанкүйерлері өз өнерлерін көрсете алады. Бірақ қай сайыскерді қолдауға келгенін айтуы керек, содан соң ғана оның ұпайы сол сайыскерге қосылады. Бұл кезеңде де ең жоғары ұпай 10 ұпай.

Жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың жорға келді

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді

Бұл кезеңде әр оқушы cұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 10 баллдан есептелінеді (Жауап беру уақыты 1 минут).

«Жорға» сұрақтары:

1. Ақтөбе облысы жер көлемі бойынша республикамызда нешінші орында? (екінші)

2. 42 әріптің  жүйелі тізбегі  қалай  аталады?  (әліпби)

3. 9*7= көбейтіндісі нешеге тең?(63)

4. Денені  не  қаптап  тұрады?  (тері)

5. Туынды сөз жасау үшін қолданылатын  қосымша. (Жұрнақ)

6. Ағылшынша отбасы мүшелерін атап бер (grandfather; grandmather;father; mather; brother; sister)

7. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

8. Әлия Молдағұлованың туған жері? (Қобда ауданы, Бұлақ ауылы)

9. Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? (1991 ж.)

10. 1 ғасырда неше жыл бар? (100жыл)

11. Ақтөбе облысы солтүстігінде қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)

12.Сөйлем мүшелерін ата. ( Бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер)

13. Картаға тура қарап тұрғанда оның жоғарғы жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)

14. 1см неше мм-ге тең? (10 мм)

15. Абай Құнанбаевтың туғанына биыл неше жыл? (175 жыл)

16. Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының қай бөлігінде орналасқан?

17. ҚР тұңғыш президенті?

18. Қазақтың үш биі (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

19. Домбырада орындалатын шығарма ( күй)

20. Ахмет Жұбановтың туған жері? (Темір ауданы)

21. Ақтөбе облысы оңтүстігінде қай мемлекетпен шектеседі? (Өзбекстанмен)

22. Кіші жүздің ханы? (Әбілқайыр хан)

23. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин)

24. 1 м неше см-ге тең? (100)

25. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы (сан есім)

26. “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы (М. Әуезов)

27. Үш жұртты ата (өз жұрты, қайың жұрт, нағашы жұрт)

28. Шығыстың қос шынары? (Әлия мен Мәншүк)

29. Ақтөбе облыстық әкімшілігі алдында орналасқан ескерткіш?(Әбілқайыр хан ескерткіші)

30. 9*9= көбейтіндісі нешеге тең? (81)

31. Ақтөбе облысы батысында қай аудандармен шектеседі? (Маңғыстау, Атырау, батыс Қазақстан)

32. Кіші жүздің биі? (Әйтеке би)

33. 1 км неше м-ге тең? (1000м)

34. Ақтөбе қалалық әкімшілігі алдында орналасқан ескерткіш? (Әйтеке би)

35. Абай Құнанбайұлының шын есімі (Ибраһим)

36. Картаға тура қарап тұрғанда оның төменгі жағы қай тұсты көрсетеді? (солтүстік)

37. 8*7= көбейтіндісі нешеге тең? (56)

38. Ақтөбе облысының аудан саны? (12)

39. Есет Көкіұлы кесенесі орналасқан аудан? (Алға)

40. Жердің су қабаты? (Гидросфера)

Жүргізуші: Осымен сайысымызды қорытындылай келе, келесі сөз кезегін әділ қазыларға береміз.(сайыстың қорытындысы, мараппаттау.)

Жүргізуші: Түсті бүгін бұл жарысқа балқұрақ 
Жақсы оқу, терең білім – шамшырақ 
Бәріңізге шаттық, шабыт тілейміз 
Бүгінгіден ертең болсын жақсырақ. - деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!