400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара "Кім жылдам" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жас мамандарға көп көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Кім жылдам?"
Сайыстың мақсаты:Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.

Дамытушылық: Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру арқылы ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелілік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, арқан, доп

Пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану,математика

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ
Сабақтың барысы:

  1. Кедергіден өту

  2. Қапшықпен секіру

  3. Кім ұқыпты, кім тапқыр?

  4. Арқан тартыс

  5. Марапаттау

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өтетін «Кім жылдам?» спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

  1. Кедергіден өту

  2. Қапшықпен секіру

  3. Кім ұқыпты, кім тапқыр?

  4. Арқан тартыс

Жарысымызға 1 «Ә» сыныбының оқушылары, «Денсаулық» және «Шымыр» атты екі топ қатысады.

Ал енді келесі кезекте қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Қ.Ж.Сапаева
2. Дене шынықтыру пәні мұғалімі – А.Халықтаев
3. Дене шынықтыру пәні мұғалімі – Д.Қожабергенов

І. Негізгі бөлім.

Ал енді жарысымызды бастайық, әр топ өздерінің топтарының аты мен ұранын таныстырады.

1 топ: «Денсаулық» тобы

Ұраны: «Денсаулық – зор байлық»

2 топ: «Шымыр» тобы

Ұраны: «Шынықсаң – шымыр боларсың»

1 кезең «Кедергіден өту» (5 ұпай)

Жарысымыздың алғашқы кезеңі бойынша кедергілерден жүгіріп өту керек.

Әділ-қазылар алқалары ұпай сандарын қояды.

2 кезең «Қапшықпен секіру». (5 ұпай)

Келесі кезең бойынша белгіленген жерге дейін қапшықпен секіріп барып, қайтарда жүгіріп келеді, келесі оқушы тура солай қапшықпен секіріп барып, қайта орындарына келулері керек, ең бірінші болып келген топ жеңімпаз болып табылады.

Әділ-қазылар алқалары ұпай сандарын қояды.

3 кезең «Кім ұқыпты, кім тапқыр». (5 ұпай)

3 кезең бойынша оқушылар допты жерге ұру арқылы белгіленген межеге дейін барып, сол жерде ілулі тұрған математикалық есептерді шығарып, қайта орнына жүгіріп келеді. Ең бірінші келген топ жеңімпаз атанады.

Әділ-қазылар алқалары ұпай сандарын қояды.

4 кезең «Арқан тартыс». (5 ұпай)

Соңғы кезең бойынша 2 топ арқан тартысады.

Ал, енді осы 4 кезең бойынша 2 топтың жалпы ұпай сандарын анықтайық, сөз кезегі әділ-қазылар алқаларында.

Мұғалім:

-Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сендердің ептіліктеріңе, шапшаңдықтарыңа, жүйріктіктеріңе көз жеткіздік. Бүгінгі іс-шарада топ болып, ақылдаса отырып жұмыс жасадыңдар, тура осылай болашақта да достықтарың үзілмесін.

Келесі сөз кезегін ДҒӘІЖО Сапаева Қалампыр Жолдасбекқызына берейік. Қай топтың жеңгенін бәріміз білейік.

Сау болыңдар, келесі сабақта көріскенше!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
04.05.2021
2414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі