жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара. "Мектепішілік Абай оқуы" әзірлемесі
Қазақ мектеп-гимназиясы
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Байтенова Г.Ж. Токпанова С.К.
Петропавл, 2019 жыл
МЕКТЕПІШІЛІК «АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА!» АТТЫ АБАЙ ОҚУЫНЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
Мақсаты: Ұлылардың ұлысы – Абайдың сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениеті не, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау,отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.
Байқау шарттары: «Абай оқуы» байқауына 5-10-сынып оқушылары қатыса алады. Көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген үміткерлер қатыса алады.
ФАНФАРА
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін осы бір залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі - Абай өлеңдерін сіздермен сыр шертпекпіз.
2-жүргізуші: Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Сол киелілердің бірі біз үшін Абай. Абайдың сөзі- халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай –қазақтың пайғамбары.
1-жүргізуші: Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің, өнердің, әділеттің, адамгершіліктің, ұлы адам бола білудің, халық үшін күресудің үлгісі.
2-жүргізуші:
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
1, 2-жүргізуші:
1-Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
2-Жырымен жан сусынын қандырған кім?
1-Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
2-Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
1-Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
2-Талабын тас қияға өрлеткен кім?
1-Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
2-Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
1-Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
2-Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
1-Арманын атандырып келешекке,
2-Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
1-Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
2-Жауына найза сөзін шанышқан кім?
1-Өзендей құйған барын көк теңізге,
2-Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
1-жүргізуші: Қош келдіңіз, талапты дос, дарынды.
«Абай оқуы» дос-патша көрер бәріңді
Жермен келіп, қайтасыңдар көкпенен
Бұл оқу байытады жаныңды.
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, тар жол, тайғақ өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен Абай сынды ұлы ақынымызға арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» тақырыбында өткелі отырған оқу сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:
І кезең – Ақынның туыдыларын жатқа айту
ІІ кезең – Абай әндерін орындау
ІІІ кезең – Абайға арнау (төл шығармаларын оқу)
Сайыскерлердің өлеңді жатқа мәнерлеп оқуын, әнін әуеніне сай мағыналы жеткізуін саралайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. _____________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. _____________________________________________________________
1-жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-
дей отырып, сайысымыздың І кезеңі «Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым...» кезеңін бастаймыз.
(оқушылар кезекпен шығып отырады)
Абай оқуы |
Абай оқуы |
Абай оқуы |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. |
2-жүргізуші: Мен қазақпын, жырын айтам, тербеймін
Мен қазақпын, домбырамды тартамын.
Қазағымды жырлап өтем мәңгілік,
Мен қазақты қорлауға еш көнбеймін.
дей келе, «Көңілім әнді ұғады» ІІ кезеңін бастаймыз.
Абай әні |
Абай әні |
Абай әні |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15 |
1-жүргізуші: Түбі терең ойымнан,
Сөз жазамын қиыннан
Өлеңімнің барлығы
Өмірімнен алынған.
Кешімізді «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясымен жалғастырып: Абайға арнап шығарған төл шығармаларын оқуға сайыскерлерімізді бір-бірлеп сахнаға шақырамыз.
Абайға арнау |
Абайға арнау |
Абайға арнау |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. |
2-жүргізуші: Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, ол – дара, дана адам
Әділ-қазылар алқасы әділ шешім шығарғанша залдағы көрермендерімізбен блиц турнир өткізсек қалай қарайсыздар?
Абай қашан дүниеге келді? 1845 ж
Абайдың шын аты кім? Ибраһим
Абайдың әкесі қандай адам болған ? Би, болыс.
Абайдың анасы мен әжесінің есімдері кім? Ұлжан, Зере
Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды? Лермонтов, Пушкин, Крылов, Салтыков-Щедрин.
Абай туралы кім роман-эпопея жазды? М.Әуезов
Абайдың қандай өлеңдерің білесіңдер?
Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!
1-жүргізуші: Өтер айлар, өтер жылдар, ғасырлар
Ұмытылмас өзің сынды асылдар.
Ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінер,
Ұрпақтарың өздеріңе бас ұрар.
2-жүргізуші: Ендеше, ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінген бүгінгі жас буынның өнерлеріне баға беретін де кез келді деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Олай болса сөз кезегін әділқазыларға берейік.
2-жүргізуші: Абай әлемі ұлы қазына, біз тек ақындар өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Біз олардың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Себебі ол – адамзат ақылшысы. Абай мұрасын кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы оқып, біліп сезінуге міндетті.
1-жүргізуші: Осымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» тақырыбындағы оқу сайысы өз мәресіне жетті. Ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінген жас дарындардың алар белестері бұдан да биік болатынына кәміл сенеміз. Әрдайым жанға жағымды жырмен сусындап жүрейік. Мектепішілік Абай оқулары осымен аяқталды. Абайдай дана, Абайдай дара, Абайдай биік болыңдар.
Мектепішілік Абай оқуы бойынша есеп
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге. -
деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай ақын өлеңін жатқа білу - әр оқушыға, әр балаға, қала берді әр қазаққа парыз әрі міндет десем артық болмас. Мектебімізде жыл сайын өтілетін дәстүрлі Абай оқулары «Абай – дара, Абай – дана қазақта» тақырыбында 2019 жылдың 30 қаңтарында 5-10-сынып оқушылары арасында 3 бөлім бойынша өтілді. Жауапты мұғалімдер – Токпанова Сандуғаш Қайыржанқызы және Байтенова Гүлім Жақсылыққызы. І бөлім «Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым...» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы. ІІ бөлім «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абай әндерін орындау. ІІІ бөлім «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша өз шығармашылықтары бойынша жас дарынды ақындар сайысы түрінде өтті. Ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінген, бүгінгі жас буынның өнерлеріне әділ баға беретін әділқазылар да өз кезегінде әділ бағаларын берді. І бөлімде «Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым...» номинациясы бойынша 1-орынды Боғдат Бекзат 7 Б сынып оқушысы иеленді, ал 2-орынды Шораева Зарина 5 А сынып оқушысы, 3-орынды Амантай Альбина 5 Ә сынып оқушысы мен Жәрдемболұлы Әли 5 В сынып оқушысы иеленді. ІІІ бөлімде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 1-орынды Жайлаубай Ақжан 8 В сынып оқушысы иеленді, ал 2-орынды Жайлаубай Біржан 5 Ә сынып оқушысы иеленсе, 3-орынды Алатаева А йым 11 Ә сынып оқушысы мен Айтбай Адина 5 Б сынып оқушысы иеленді. Марапаттарыңыз құтты болсын демекпіз. 1-орын алған оқушылар қалалық сайысқа жолдама алды.
Жеңіске жеткен оқушылар қалалық Абай оқуы сайысында тағы бір мәрте сынға түседі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген