Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Оралхан білгірлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Оралхан білгірлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге,қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2023
274
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ









«Оралхан білгірлері»


Ашық сыныптан тыс шара


Интеллектуалдық сайыс

8–сынып

Хурмет А.


















2023 жыл

«Оралхан білгірлері»

(интеллектуалдық сайыс)


Мақсаты: Оқушылардың қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жинақтап, тереңдету. Шапшаңдық, белсенділік қасиеттерін дамыта отырып, болашақта алған білімді іске асыру дағдыларын қалыптастыру. Елжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.Оралхан шығармаларын оқуға құштарлықтарын ояту.


Ресурстар: слайдтар, смайликтер, стикерлер, таратпа қағаздар, интерактивті тақта.


Барысы:

1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі барысында жүргізілгелі отырған «Оралхан білгірлері» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- демекші, тіл - өте маңызды құрал.

2-жүргізуші:
Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді. Қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады. –дейді Ғабит Мүсірепов

1-жүргізуші:


Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.-дейді
Ғұмар Қараш

2-жүргізуші:

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. .-дейді Мұхтар Әуезов

Ендеше осы ғажайып нақыл сөздермен «Оралхан білгірлері» атты сайысымызды бастайық!

https://youtu.be/ZmHxYEyQUqM

1-жүргізуші:


Сайысқа 8 «А»,»Б», «Г» сынып .......... командалары қатысады. Сайыс

І. Таныстыру

ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр!»

ІV. “Кім шапшаң?»

V. «Зерек болсаң тауып көр» сияқты бөлімдерден тұрады.

2-жүргізуші:

Олай болса,сайыскерлерге кезек берейік.Таныстыру кезеңіне кезек берейік.Бұл кезеңде топтар өздерін таныстырады.



Сайыс кезеңдері:


І. Таныстыру


Дискриптор:

Еркіндігі, ойының дұрыс жеткізілуі, өздері туралы дұрыс таныстыра білуі – 3 балл.

1-жүргізуші: Мінеки, топтарымыз да өздерін таныстырып өтті.Келесі кезекте шағын видео -таныстырылымға берейік!


ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр!»

Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, 1 турды бастаймыз.
Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар. Бұл турда алдарыңызға ақ парақ таратылады. Тест сұрақтары оқылады, дұрыс деп есептеген жауапты ақ параққа жазасыздар. Жауап беріп болғаннан кейін мұғалім әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан береді.


Сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап бір балл.

ІІІ. «Бұл қай сәт?»

Шығармадан алынған үзіндіні тыңдап, қай сәттегі оқиға екендігін табу. Дұрыс толық жауап – 3 балл. Орташа жауап – 2 балл.


ІV. “Кім шапшаң?»

Cемантикалық картадағы тапсырманы орындайды.

V. «Зерек болсаң тауып көр»

Қорытынды

Әр топтың алған ұпайын есептеп жеңімпаз топты анықтайды


1-жүргізуші:

«Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Қай жанрда жазбасын,олардың бірде-бірі қаламдастары мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын.Оралхан – бір оқылатын жазушы емес. Оралхан – қайталап оқуды қажет ететін  жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер»,– деп жазушы Дулат Исабеков 

2-жүргізуші:

Орал­хан өзі ту­ған та­би­ға­ты­на ұқ­сас еді. Ал­тай­дай ас­қақ, оның оқ жет­пес құ­зар шыңда­рын­дай би­ік еді! Заң­ғар тау­ла­ры­нан құ­лап ақ­қан өзен­де­рін­дей тас­қын еді. Тау­ла­рының сі­лем­де­рін жай­ла­ған ер­ке елік­те­рін­дей ел­ге­зек еді. Өр­кеш-өр­кеш тас­та­рын­дай ірі еді. Қа­лам сіл­те­ген алып­тар­дың бі­рі еді. Шы­ғыс­тан жар­қы­рап шық­қан жұл­дыз еді.

Қасым Қайсенов

1-жүргізуші:

Орал­хан мек­теп­те оқып жүр­ген ке­зі­нен-ақ өзі­нің жур­на­лист, жа­зу­шы бол­ғы­сы  ке­ле­ті­нін айтқан. Мек­теп бі­ті­ру ке­шін­де жиыл­ған ата-ана­лар мен мұ­ға­лім­дер ал­дын­да:

«Көк­ше­тау ас­қан сұ­лу бол­са, одан шық­қан ақын, жа­зу­шы­лар одан әрі сұ­лу­лан­дыр­ды.Біз­дің Өр Ал­тай­дың сұ­лу­лы­ғы одан әс­те кем емес. Мен Ал­тай­дың сұ­лу та­би­ға­тын,сар­қыл­мас бай­лы­ғын та­ны­ту­ды мақ­сат ете­мін. Сон­дық­тан да мен жа­зу­шы бо­лу­ды ар­ман­дай­мын. Адам ар­ма­нын ал­ды­на мақ­сат етіп қой­са, оған же­ту­ге ти­іс­ті. Мен де мақ­са­ты­ма же­те­мін деп се­не­мін», – де­ген екен.

2-жүргізуші:

Оралханды ар­ма­ны­ның алыс­қа же­те­ле­ге­ні де рас, же­те­леп қа­на қой­май, сол ар­маны­ның шы­ңы­на шық­қа­ны да рас. Ал қа­рын­да­сы Ға­лия аға­сы­ның: «Егер жа­зу­шы бол­ма­сам, әйт­еу­ір өнер ада­мы бо­лар едім» де­ге­нін, оның гармоньда жақсы ойнағанын, әде­мі қо­ңыр дау­ысымен ән­ді на­қы­шы­на кел­ті­ре, бе­рі­ле орын­дайты­нын ес­те­лік­те­рін­де жаз­ған.


1-жүргізуші:

Мінеки,достар. Аз уақыттың ішінде Оралхан туралы біраз мәліметке куә болдық.Оның сара жолынан,дара жолынан үлгі алайық! Оралхан сияқты армандай білейік! Армандар орындалады. Осымен «Оралхан білгірлері» сайысы өз мәресіне жетті!

Келесі кездескенше,достар!






Үзінді

Кейіпкерлер

Сарқынды

Бөкей

Қаржау

Аналық

Қаршыға

1

-Оу, ағайын! Домбырам мен сыбызғымды ұмытып барады екенмін, әперіңдер.






2

-Әне, сол бұлттың арасында мұз тауы бар. Көз алмай қарап тұрыңдар, қазір сол бұлт қақ жарылады да, көкті тіреген шың көрінеді. Қараңдар, кірпік қақпай қараңдар






3

«Менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан менің де малым»






4

 -Биенің екі өкпесін тепкілеп, тебіне берме, қызбай келеді ғой, былай шыққан соң көсемсіп аяңына басар







5

Кәрі түйсік алжиын демесе, әлі де жиырма жылдық жан кешуің бар секілді, жанарыңның оты сөнбепті, тамырыңның соғысы да үлкен үміттің лүпілі ғой, шырағым.






6

-– Атам немересін орынсыз мақтайды, өйтпесе оқуды тастап, аң қуып кетер ме. Өзі секілді балалар алматыны аузына қаратып отыр.






7

Аса қайратты, сіңірі берік кісі. Сенің өмірің менікінен гөрі бір мысқал бақыттырақ өтсе, ол сөз жоқ әкеңнің арқасы. Бұл қызғанышым емес, кейде ағалық алақанды сағынасың… ал ең қиыны – әкең іргеңде отырса да, соны «әкем» деп құшақтай алмау…








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!