Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сыныптан тыс іс-шара. Қазақстан-достық мекені.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Қазақстан-достық мекені

  Мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы: сайыс топтар арасында (оқушылар корапқа салынған  қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді (Қима қағаздарда ән ұран, герб, ту және ел деген сөздер жазылған)

Тәрбие сағатының кезеңдері:


1 кезең «Таныстыру»

2 кезең «Сұрақ жауап»

3 кезең «Қазақ тіліне қалайсыз?»

4 кезең «Қазақстан достық мекені»

Мұғалім:

Қазақстан  тәуелсіз  ел  болып, егеменді, дербес  мемлекет атанғалы  биыл 27 жыл  болайын  деп тұр.  Бұл  қажырлы  еңбектің , төзімділік  пен   жеңістердің  25 жылы. .

Біз  жаңа  толыққанды  қоғам- азатта  құқылы  адамдардың қоғамын  құрдық.

Ең  бастысы-біз  өзіміздің  ортақ  үйімізде  бейбітшілік пен  келісімді, адамдардың  жүрегінде өзара  түсіністік пен сенімді сақтай  алдық. Қазақстандықтар  ұлттық  төзбеушілік  пен өшпенділікке  ұрынбастан, шынайы  біртұтас халыққа  айналды.

Таныстыру уақыты әр топқа 5 минут беріледі

1 топ «Мақсат» тобы

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

 





2 топ «Болашақ»

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 

3 топ «Арман» Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Сұрақ жауап кезеңі: (5 минут)

  • Біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

  • Астана қаласының бұрыңғы атауы? (Ақмола)

  • Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991)

  • Мемлекеттік тіл қандай? (қазақ)

  • Қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 астам)

  • Қазақстаннаң қандай спортшыларын білесің? (Ермахан Ыбрайымов, Бекзат Саттарханов, Ольга Шишигина, Бахтияр Артаев, Бақыт Сәрсекпаев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова және т.б.)

  • Қандай ұлттық аспаптарды білесің? (қобыз, домбыра, жетіген, сырнай және т.б.)

  • Елімізде өтетін мерекелерді атаңыз? (наурыз, айт мерекесі, тәуелсіздік күні, халықаралық әйелдер күні және т. б.)

  • Бірлік сөзі қандай мағана білдіреді? (достық, біріккен, бір шаңырақ астында деген мағыналар береді.)

  • «Мен қазақпын мың өліп мың тірілген» — өлең жолдарының авторы кім? (Жұбан Молдағалиев)

3 кезең «Қазақ тіліне қалайсыз?» (тіл сауаттылығы, сөз тіркестерінің, қанатты сөздердің мағынасын табу керек. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі)

1 топ

  1. Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

  2. Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

  3. Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып

құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

  1. Жолдасы көптің – олжасы көп.

2 топ

  1. Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

  2. Татулық табылмас бақыт.

  3. Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.

  4. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

3 топ

  1. Ұрыстың мерейі – ерлік,ырыстың мерейі – бірлік.

  2. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

  3. Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

  4. Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады.

Екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады.

  1. Досы жоқ адам — Тұзы жоқ тағам.

  2. Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

  3. Жартыны жарып жеген – Татулықтың белгісі.

  4. Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы.

 

Мұғалім:

Осымен,  «Қазақстан-достық мекені»  атты  тәрбие  сағатымыз  аяқталды. Қатысқан  оқушыларға  , қызықтаған  мына  сіздерге  көп  рахмет! Келесі кездескенше!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12