Шығыс Қазақстан
облысы
Көкпекті ауданы, Шұғылбай
ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта
мектебі» КММ
Дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі: Маутказинов Дулат
Саматович
Сыныптан тыс іс-шара
спорттық ойын «Мен чемпион»
Тақырыбы: « Мен
чемпион» (Спорттық ойын)
Мақсаты: Мектеп балаларына салауатты өмір сүруге
қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру
жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы
балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың мектеппен тығыз
байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене
қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз
жеткізу.
Іс
– шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал,
арқан.
Барысы:
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі
қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары
– жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары
киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды
бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат
етіңіздер.
1.
2.
3.
Жүргізуші: Бүгін екі топ
жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен
тұрады:
1
бөлім – «Таныстыру»
2
бөлім – «Жарыс түрлері»
3
бөлім – «Қимылды ойын»
«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.
«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді
қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез
жеткіз»
Әр
топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан
жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып
қайтады.
2.Қимылды ойын: «Арқаннан
секіру»
3.Эстафеталық ойын: «Әтештер
сайысы»
Әр
командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар
бір-бірімен күш сынасады.
4
ойын: «Орамал тастамақ»
5.«Жүйрік ат»
Әр
командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып,
жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып
секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.
6.«Сиқырлы доптар»
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп
күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды
халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен»
марапаттау.
Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын
тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған,
жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді
айтамыз!