жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сыныптан тыс іс-шара "Тапқырлар тартысы"
"Тапқырлар
тартысы" Сыныптан тыс
жұмыс
Мақсаты:
Оқушылардың
Тәуелсізеліміздің тарихын білуге деген
қызығушылық тарын арттыру, ой-өрісініс-жүзінде
шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін,
шығармашылыққа білеттерін дамыту.
Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты
болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға
тәрбиелеу.
Бір-бірімен достық,
ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік
презентация,кесте.
Фанфар:
1- жүргізуші: Сәлеметсіздерме
қадірлі ұстаздар, әділқазылар және
оқушылар! Бүгінгі 5 сынып оқушылары
арасында өткелі отырған «Тапқырлар
тартысы» атты
интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгін сіздер әртүрлі пәндердің жұмбақты
да тылсымды әлемімен танысасыздар!
2-
жүргізуші: Жер бетінде
адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен
қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар,
Білімменен аспанға жол
салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір
біз, балалар , осы уақытқа дейін алған
білімімізді көрсетіп, өнерімізді,
білімімізді саралап, санамыздың өскенін,
сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
1- жүргізуші:
Сәлемдесу
– игі дәстүр киелі,
Сөзбен ќарап,
кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан
семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер
сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушыларды
ортаға шақырайық:
2 - жүргізуші : 5 А сынып – Қаныбек Жәнібек
1 - жүргізуші : 5 Ә сынып- Маратқызы Назым
2 - жүргізуші : 5 Б сынып- Сағымбек Іңкәр
2 - жүргізуші : 5 Г сынып-Мәкенқызы Айнара
1- жүргізуші : 5Ғ сынып- Нұртаев Али
2- жүргізуші : 5Д сынып –Тұрысқыл Жалғас
1-
жүргізуші : 5 Ж сынып
– Шарипханова Асем
2-
жүргізуші: «Біреу озса
сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей
тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы
ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат
болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»
- дейкеле сайысымыздың кезеңдерін
таныстырып өтейік.
І. Сенесіз бе? Сенбейсіз бе?
ІІ. Кім жүйрік ( логикалық сұрақ )
ІІІ.
Тіл - өнер
ІV. Сөзден сөз құрау.
V.
Дода
Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызы
Мектеп-гимназиямыздың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасқарбаева Айжан Төлегенқызы
Мектеп-гимназиямыздың профессоры Меңдіғалиева Гүлсара Калиахметқызы
1-жүргізуші:
1-кезеңіміз «Сенесіз бе? Сенбейсіз бе?»- деп аталады. Бұл сайыста сұрақтар оқылады. Әр оқушы сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді. Айтылған дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі. Ойлануға 30 секунд уақыт.
«Жер жаңғағы» деп аталған өсімдік күнбағыс ----Жоқ
Ең кішкентай құс колибри --- Ия
Шөлдегі ең ұзақ ұйықтайтын жәндік тасбақа ---ИЯ
Түнде ұшатын құс. (қарға)----Жоқ
.К дауысты дыбыс—Жоқ
Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан---Ия
Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 95 метр---Жоқ (97 м)
3 пен 1 дің айырмасы 2-ге тең --Ия
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков –Ия
Қызыл ағылшынша black –Жоқ
2-жүргізуші:
1-кезеңімізде өз мәресіне жетті, әділ-қазылар алқасы ұпай санын қойды, енді 2- кезеңімізді бастаймыз.
1- жүргізуші:
2- кезең «Кім жүйрік ( логикалық сұрақ )» . Бұл кезеңде әр қатысушыға 1 логикалық сұрақ қойылады. Бағалау 10 бал.
2- жүргізуші : 5 А сынып – Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алады. Сонда бір асық дорбада қалады, бұл қалай болғаны?
Жауап: дорбасымен бірге алады
1- жүргізуші : 5 Ә сынып- Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
Жауап: барлық айда
2 -жүргізуші : 5 Б сынып- Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
1- жүргізуші : 5В сынып-Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
2 - жүргізуші : 5 Г сынып- . Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
1 -жүргізуші : 5Ғ сынып- Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
2 -жүргізуші : 5Д сынып – Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
1- жүргізуші : 5 Ж сынып -Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
2-жүргізуші:
2-кезеңімізде өз мәресіне жетті, әділ-қазылар алқасы ұпай санын қойды, енді 3- кезеңімізді бастамас бұрын 2 кезең бойынша ең аз ұпай жинаған 2 сайыскеріміз сайысты осы жерден тоқтадады.Сөз кезегі әділ қазыларда.
1-
жүргізуші : Келді кезек
жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру
керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды
білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған
несібе – дей келе келесі сайысымыз-
«Тіл-өнер»
деп аталады.
Бұл кезеңде берілген
тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы
сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз.
Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса
10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс
болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы
дұрыс болса, 30 ұпай беріледі.
2
- жүргізуші: 1.Жұт . . .
ағайынды / Жеті- семь- seven/
2.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі
сөйлейді /қалам-ручка-pen/
1
- жүргізуші: 1.Екі қолға
. . . күрек /бір-один -one/
2
Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның – дедушка –
grandfather/
2 - жүргізуші:
1.Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный-
red/
2. Мысыққа ойын керек,
. . . өлім керек /тышқан –
мышь – mоuse/
1-
жүргізуші: 1. Тілі бар,
үні жоќ,
Өзін адам
түсінген
Жүрегі бар
да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/
2. Жылт – жылт етеді
Жылғадан өтеді /су – вода –
water/
2- жүргізуші:
1.Батыр туса – ел
ырысы,
. . . жауса жер
ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
2.... оттан да ыстыќ.
(Отан-родина-.country)....
1
-жүргізуші: 1.Отансыз
.........-.ормансызбұлбұл. (Адам-.человек-.people.)..
2.Туған жердің ...... де
ыстық, , түні де ыстыќ. (Күн-солнце-..sun).......
2-жүргізуші:
3-кезеңімізде өз мәресіне жетті, әділ-қазылар алқасы ұпай санын қойды, енді 4- кезеңімізді бастамас бұрын 3 кезең бойынша ең аз ұпай жинаған 1 сайыскеріміз сайысты осы жерден тоқтадады.Сөз кезегі әділ қазыларда.
1 -жүргізуші: «Сөзден сөз құрау»кезеңінің шарты. Әр қатысушы кезекпен тақтаға шығып, 1 минут ішінде берілген сөзден сөз құрайды. Әр дұрыс табылған сөзге 1 ұпайдан беріледі.:
Адамгершілік
Кішіпейілілік
Инабаттылық
Қарапайымдылық
Қамқорлық
2-жүргізуші:
4-кезеңімізде өз мәресіне жетті, әділ-қазылар алқасы ұпай санын қойды, енді 5 - кезеңімізді бастамас бұрын 4 кезең бойынша ең аз ұпай жинаған 1 сайыскеріміз сайысты осы жерден тоқтадады.Сөз кезегі әділ қазыларда.
1- жүргізуші:
2- кезең «ДОДА» ойыны. Бұл кезеңде экранда ашылған, арнайы тақырып бойынша құрасытырылған 20 мен 50 балл аралығындағы 3 ұяшықты таңдап, сұрақтарына жауап беру арқылы топтар өз қоржындарына ұпай жинақтай алады.
1.
Қызықты математика
20
ұпай: Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын
кесіп тастағанда неше бұрышы қалады .
Жауап:
5 бұрыш
30 ұпай:
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы
ғана көрініп отыр. Қанша қоян тығылып
отыр. Жауап: 5 қоян
40
ұпай: Ауданы 36 кв.см болатын шаршының
периметрі қаншаға тең? Жауап:24см
50
ұпай: Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше
тәулік боран соқты? Жауап:
4 тәулік
2.
Тарих әлемінде
20
ұпай: Тас дәуірі нешеге бөлінеді? Жауап:
3
30 ұпай: Ежелгі
құралдарды атаңыз? Жауап: найза, балта
40
ұпай: : Қола дәуіріндегі мәдениетті
зерттеген ғалым? Жауап: Әлкей Марғұлан
50
ұпай: Бұл қандай мәдениетке жатады?
3.
Жаратылыстану
20
ұпай: Жердің серігі? Жауап: ай
30 ұпай:
Қазақтың ұлы ғалымы? Жауап: Шоқан
Уәлиханов
40 ұпай: Бірнеше мың градус
температураға дейін қызып, балқып
тұрған, Жерден өте алыста орналасқан
газды шар. Жауап: жұлдыз
50ұпай: Америка
Құрлығын ресми түрде ашқан ғалым? Жауап:
Христофор Колумб
4.
Спорт
20 ұпай: Ойын
тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның
басында әрбір ойыншының иелігінде ақ
немесе қара түсті 16 фигуралы тас болады.
Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын
шабуылдай отырып жеңіске жету. Жауап:
шахмат ойыны
30 ұпай: Қысқы Универсиададан
Қазақстан неше медаль жеңіп алды? Жауап:
36
40 ұпай: Қыздар арасында
екі мәрте әлем чемпионы болған боксшы?
Жауап: Назым Қызайбай
50 ұпай: Қазақ
халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой
балуан? Жауап: Қажымұқан Мұңайтпасұлы
2
-жүргізуші:
Туған
жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі
желмен ойнап желбіреген.
Аралап
күндіз - түні жүрсем - дағы,
Тыншымай
ет жүрегім елжіреген.-дей
келе___ ____________________________________________________________
1-жүргізуші:
Сайысқа
түскенменен топ балалар,
Ішінен
жүйрік шыққан, орын алар.
Ендеше
бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы
мен бағы жанған баласы бар
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға шақырайық
Есімін баршаңызға танытайық
Ерекше білімі мен білігі үшін
Алғыс
айтып, қошемет танытайық.-
дей келе
«Тапқырлар тартысы » сайысымызда қай қатысушының « тапқыр» екендігін табу үшін ендігі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.
Жүргізушілер бірге:
Қош, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген