Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Тәуелсіз Қазақстан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Тәуелсіз Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
2400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» ММ

















«Тәуелсіз Қазақстан» атты интелектуалды сайыстың сценариі









Орындаған: Сандибекова А.С















2017-2018 жылы



«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды сайыс.

1-Жүргізуші Мұхамедияров Ілияс

2-жүргізуші Урузбаева Назгүл

Сахнада «Тәуелсіз Қазақстан» әні орындалып тұрады.


1 жүргізуші: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арнап ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік Қазақстан» атты интеллектуалды - танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. (әнұран ойналады)

1 жүргізуші: Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы және жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе - бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

2-жүргізуші: Бүгін, мерекемізге келіп отырған қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне, оқуда жақсы атсалысуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

(Мұхамбетқали Ажар «Қазақ деген қаны таза жұрнағым» өлеңі)

1-жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты ойыны да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық.

2-жүргізуші: Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөз бен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі

Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды өздерін таныстыру үшін шақырайық.(Ортаға топ мүшелері шығады, орындарына жайғасады.Топтарға арналған үстелдер әзірленеді және әр үстелде топтың атауы жазылған кесте көрсетіледі.Әр топ өздерімен таныстырып өтеді)

2-жүргізуші: - Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші: Ал енді, ойынымыздың әділқазы алқасы және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Қоңысбайқызы Динара

Ражанова Айнұр

Тургунбаева Айнагүл

2-жүргізуші: Ойын жалпы төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі зияткерлік ойынымыз еліміздің тәуелсіздігіне 26жыл толған мерейтойына арналғандықтан, тапсырмалар осы тақырып аясында болмақ. Сайыскерлер сендерге сәттілік тілейміз! Өз ойларыңызды жинақтап, нақты жауап беруге тырысыңыздар.

2-жүргізуші: Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, ал енді іске сәт.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып, ойынымыздың І кезеңін бастайық.Ендеше сіздердің білімге деген құштарлықтарыңды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз.
Жүргізуші: Бәйге кезеңінде әр топқа қойылған 6 сұраққа тез және нақты жауап берулеріңіз керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.( 1 минут ішінде айу)

«9»сынып «Бүркіт» тобына арналған сұрақтар:
1.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы(Шәкен Ниязбеков)
3
.Ұлт көшбасшысы, елбасымыз қашан дүниеге келген? (6 шілде, 1940 жылы)
4. Тілдер күні қашан тойланады? (22 қыркүйекте)

5. 1995 жылғы Конституция бойынша тұрақты жұмыс істейтін екі палата(Сенат және Мәжіліс)

6. 1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала? (Ашхабад)

«10»сынып «Жалын» тобына арналған сұрақтар:
1. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандары қандай? (ту, елтаңба, әнұран)

2.Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков,Шота Уәлиханов)

3. Қазақтың педагог – ағартушысы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап училище ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
4. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды?(1995 жыл 30 тамыз)

5. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі? (С.Нұрмағамбетов)

6. Астана қаласы бұрын қалай аталды? (Целиноград, Ақмола)


«11»сыныпқа арналған сұрақтар:
1. Қазақстанның астана болған қалалары? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген? (күн,ою,қыран)

3. Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды? (1993 жыл 28 қаңтар)

4. Қазақстан Республикасының ұшқыштарын атаңдар. (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)

5.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылғы желтоқсанның 21-інде қай қалада дүниеге келді? (Алматы)

6. Қ. Р - ның Мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (4 маусым 1992ж.)


«Елім-ай» тобына сұрақ:

1. Қазақ әліпбиін негіздеуші кім? (А. Байтұрсынұлы)

2.1991 жылы желтоқсанның 8-күні 3 славян мемлекетінің басшылары бас қосқан қала? (Минск)

3. Қазақстан Тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?(1991жыл 16желтоқсан)

4. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес қабылдаған құжат? (Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясы)

5. Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазған кім? (Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов)

6. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш таныған мемлекет? (АҚШ)

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген.


Жүргізуші: Ойынымыздың екінші кезеңі «Тіл өнері» деп аталады. Бұл сайыста сіз берілген мақал-мәтелдердегі бос орындарға тиісті сөз қойып,жауабын үш тілде айтуларыңыз қажет. Әр тілде айтылған жауап үшін 5 ұпай, ал барлық дұрыс жауап үшін 15 ұпай беріледі.


1.Ер елінде, гүл жерінде.( цветы,flower)

2.Туған жердің күні де ыстық.(горячий,hot)

3.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.(человек,people)

4.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас. (земля,earth)

5.Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.(труд,work)

6.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,( страна, country)

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

7.Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.( родина , Motherland)

8.Батыр қол бастайды,

Шешен сөз бастайды.(слова, word)

9.Білімдіге дүние жарық,(светло,light)

Білімсіздің күні қаріп.

10.Ақыл азбайды,(ум,mind)

Білім тозбайды.

11.Отаны бірдің жүрегі бір, (сердце,heart)
Жүрегі бірдің тілегі бір. 

12.Елшінің қылышы – тіл.( язык,language)

13.Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.( одежда,clothes)

14.Ел іші алтын бесік.( золото,gold)

15.Жері байдың елі бай( богатый,rich)

16.Туған жердің ауасы да шипа (родной,native)

17.Туған жердің жуасы да тәтті.( сладкий,sweet)

18.Отан — қуат, Отбасы — шуақ (семья,a family)

19.Елу жылда ел жаңа( новый,new)

20.Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.(огонь,fire)



3-тапсырма Жүргізуші: Үшінші кезеңде топ басшылары додаға түседі. Ойынның негізгі шарты-топ басшылары таңдаған әріптері арқылы қойылған сұрақтарға қызықты әрі жылдам жауап беру болып табылады. Ең жоғары қызықты және дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. (Топбасшылар әріптерді таңдап алады) ( Б-С-Қ-Ж)

Сұрақтар:

1)Сіз таңертен қалай ұйқыдан тұрасыз?

2) Сізге жаңа жыл мерекесі ұнайма?

3)Сіз мектепке немен келесің?

4) Тәуелсіз Қазақстан сіз үшін нені білдіреді?

5)Телефон сізге не үшін қажет?

6) Сіздің сүйікті пәніңіз қандай?

7) Биыл аяз атадан қандай сыйлық күтесіз?

8) Сізге ұнайтын мамандық қандай?

9) Сіздің сүйікті таңғы асыңыз?

10) Сіз қандай ән тыңдайсыз?

11)Интернет сізге не үшін қажет?

12) Қай қалада тұрасыз?

13)Сіздің көңіл –күйіңіз қандай?

15)Экспо сізге несімен ұнады?




4-тапсырма Желтоқсан ызғары  -1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Сондықтан осы ойынымыздың бір кезеңін ұлтымыздың ұлы тарихында ұмытылмас «Желтоқсан оқиғасына» арнайын деп жатырмыз. Интеллектуалды сайыстың бұл кезеңі Желтоқсан ызғары деп аталады. Осы сайыста 4 топ әр түрлі тапсырмаларды таңдап, оны көрсетуі қажет.

Сайыс 10 ұпаймен бағаланады (4 топқа дайындалуға уақыт беріледі)



1-топ: Көрініс көрсету

2-топ: Өлең шығару

3-топ: «Тәуелсіздік жаңғырығы» ( қазіргі жастардың желтоқсан оқиғасын ұлықтауы жайлы көзқарастары)

4-топ: «Болмасаңда ұқсап бақ.....(желтоқсан құрбандарын өздеріңізге үлгі етуғ кімді, қай қасиетін, неге екенін көрсетіп түсіндіру.)

5-тапсырма

Құрметті қатысушылар, Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз атты интеллектуалды ойынымыздың соңғы 5 кезеңі «Қызық екен» сайысына да келіп жеттік. Бұл кезеңде сіздерге ұяшықтар көрсетіледі. Сізді қызықтырған ұяшықты таңдау арқылы берілген сұраққа жауап қайтаруларыңыз қажет. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Ғылым

Эврика

Тіршілік иесі

спорт

Сөз төркіні

Қорқасың ба?

рәміздер

???



Сөз төркіні– Атмайы деген не?

1)Уақытша мініске берілген аттың ақысы

2)жүрісі жайлы ат

3)қалыңмал ретінде берілетін жылқы

Тіршілік иесі-Төмендегі тіршілік иелерінің ішіндегі қан қысымы ең жоғарғысы қайсысы?

1)Дельфин

2)қораз

3)керік

Ғылым-Жапонияның Тоехаси технологиялық университетінің ғалымдары қандай жаңалық ашты?

1)Адамның неше жыл өмір сүретінін көрсететін айна шығарды.

2)Адамның ойын оқитын құрылғы ойлап тапты.

3) Дауысты бірден өзгертетін микрофон жасады.

???-Сіріңке таяқшаларын магнитке жабыстыру үшін не істеу керек?

1)сіріңкені жағу керек

2) сіріңкені суға салу керек

3)сіріңкеге йод жағу керек

Қорқасыңба ба?-Макрофобияға ұшыраған адам?

1)жыландардан қорқады.

2)көп күтуден қорқады.

3)үлкен сахнаға шығудан қорқады.

Эврика- Швециялық ғалымдар раушан гүлінен не жасады?

1)қуаттағыш батарея

2)күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік

3)хош иістендіргіш

Спорт - 1963 жылы АҚШта күрестің қай түрінен әлем чемпионаты өтті

1)аюмен күресіп, арқасын жерге тигізу

2)Қоянмен жарысып жүгіру

3)Сегізаяқпен күресіп, су бетіне алып шығу

Рәміздер- Еліміздің ең үлкен туы қайда орнатылған

1)Астанадағы мемлекеттік нышандар алаңына

2)Ақордаға

3)Тәуелсіздік монументіне

Жүргізуші: - Рахмет, міне бүгінгі ойынымыздың соңғы кезеңі де аяқталып, оның нәтижесімен де таныстық. Ендігі кезекте әділқазы алқалары ұпай сандарын есептеп болғанша біз сіздерге ............................ орындауындағы ........... әнін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін, Болашаққа бар білімін берерін. Барыс текті жастар, сендер, білемін, Жалындатып биік шыңда жүрерін – дей отырып,«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды ойынымызды әділ бағалап отырған әділқазы алқасына сөз берейік. Бүгінгі зияткерлік сайыстың шыңына жетіп, жеңімпаз атанған топтарды марапаттаңыз. (Сарапшылар ойынға сараптама жасап, жеңімпазды атайды.Әділқазы алқасының төрайымы жеңімпаз топты атап марапаттайды)

Жүргізуші: - Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын, ағайын! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Қосымша сұрақтар: ЭКСПО көрмесінің Қазақстанда өткізілуіне байланысты қанша ел дауыс берді?

1) 103

2 )143

3)113








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!