400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс іс-шара "Толағай" 5 сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

№29 жалпы білім беретін орта мектеп











5- сыныптар арасында өткізілетін

спорттық іс-шара



«Толағай» эстафеталық жарыс







Өткізген: дене шынықтару пәні мұғалімі

Абильжанов Дулат













2019-2020 оқу жылы





5- сыныптар арасында өткізілетін спорттық іс - шара


Тақырыбы: «Толағай» эстафеталық жарыс

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып, спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
 
Керек құралдар: доптар, кедергілер, арқан

Өтілетін орын: Спорт зал

Барысы:
І Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, мектептің , жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
ІІ Жүргізуші: Мектебіміздің де негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан,адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп, тәрбиелеу. Соның бір шарасы ретінде өткелі отырған “Толағай ” атты эстафеталық жарысымызға кош келдіңіздер!

І Жүргізуші :

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
ІІ Жүргізуші :

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«_____________________________» тобын шақырамыз.
І Жүргізуші:

Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашан да қашпайтын
«__________________________» тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға


ІІ Жүргізуші:

Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «___________________» тобын

І Жүргізуші:

Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері,

олай болса «_________________________» тобын

шақырамыз ортаға

ІІ Жүргізуші:

Қыран құстай самғайтын,
Жарыстардан қалмайтын.



Ортаға «_____________________________»
тобын шақырамыз


І Жүргізуші: Әр күнді бақытпенен аттырамыз

Топтарды ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«_____________________________» тобын шақырамыз


ІІ Жүргізуші:
Ал, құрметті жарысқа қатысушылар! «Толағай» спорттық сайысымызды бастамас бұрын сөз кезегі мектеп директоры: Сарсебаева Назым Дауталиевнаға беріледі.
І Жүргізуші: Олай болса, командаларға сәтттілік тілей отырып, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Мектеп директоры Сарсебаева Назым Дауталиевна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кулкубайева Салтанат Шорайевна

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тілекметов Жаңабай ағай
ІІ Жүргізуші: : Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады

І Жүргізуші:
І кезең:
«Таныстыру» (Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең:
« Жүгіру» эстафетасы
ІІІ кезең:
«Кім епті?» 
IV кезең
: «Комплексті ойын жарыс»

V кезең: «Әтештер»

VI кезең: «Арқан тартыс»
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
ІІ Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Шарты: топтарының аты, ұраны, эмблемасын қорғау


І Жүргізуші: Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлім бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Жүгіру эстафетасы»

Шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады.


Жүргізуші: Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз.
Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің – деп


Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік
«Кім епті?» 
Шарты:
Кедергілерден өту арқылы себетке доп лақтыру.


Жүргізуші: Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 4– сайыс
«Комплексті ойын жарыс» Шарты: межелі жерге жүгіріп барып гимнастикалық скамейкадан кеудесімен сырғанап өтіп, гимнастикалық төсеніштен алға дөңгелеп өтіп мәрені айналып жүгіріп келу

5 – сайыс «Әтештер» Шарты: екі сайыскер шеңбер ішінде иық тірестіру арқылы бірі екіншісін шеңбер сыртына шығаруы керек.

Жүргізуші:

Қазағымның ойыны арқан тартыс,

Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс

Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.

Көтеріп, ең биікке туын намыс.

6– сайыс «Арқан тарту»

Шарты: Командалар жеребе алу арқылы қарсыласын анықтайды.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы мақтау қағаздары тапсырылады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.

«Толағай» әні орындалады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
1025
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі