жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс іс-шара. «Ұлттық әдебиет – ұлттығымызды сақтаудың негізі»
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қайрат ауылы
«И.Саттаров орта мектебі» КММ
«Ұлттық әдебиет – ұлттығымызды сақтаудың негізі»
интеллектуалды бағдарлама
Ұйымдастырушы Азнабакиев А.
2019 – 2020 оқу жылы
Мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдебиет дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына баулу.
Көрнекілігі: слайдтар, портреттер, кітаптар, қанатты сөздер
Техникалық құрал-жабдығы: компьютер, интерактивті тақта
Барысы
Жүргізуші: Қайырлы күн интеллектуалды кешке қатысушы – қадірменді ұстаздар, білім алушылар! Бүгінгі кешіміз «Ұлттық әдебиет – ұлттығымызды сақтаудың негізі» деп аталады. Ондай болса, бүгінгі іс-шарамызға баршаларыңызға «Қош келдіңіздер!» демекшіміз.
Ұлағатты адамдар «Әдебиет – сөз өнері». «Әдебиет – әсемдік әлемі». «Әдебиет – адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Бірақ әдебиетке қызығушылық кейінгі жылдары асқап барады. Жастар, әсіресе, оқушылар кітап оқуға бұрынғыдай құмар емес. Неге? Не себеп оған? Ол мәселеден шығатын жолдар бар ма? Бүгін міне осы сұрақтарға жауап табу үшін жиналып отырмыз.
Алғаш біз қазақтың дара тұлғалары – ақындарымыздың өлеңдерін тыңдайық.
Ортаға 9 «А» сынып білім алушысы Турган Ясминаны шақырамыз.
Абай ҚҰНАНБАЕВ.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Өлсе
өлер табиғат, адам өлмес,
Ол
бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені”
мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді”
деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой
алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді
деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған?
Кім
жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи
қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні
қайда екенін біле алмассың,
Терең
ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге
дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі
тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге
ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын
түгел деуге аузым бармас.
Кезекте ортаға 9 «Б» сынып білім алушысы Джамалова Саераны шақырамыз.
Мұқағали МАҚАТАЕВ.
Елім барда
He
сыйлайды, не береді келер күн?!
Не
де болса, тірі тұрсам, көрермін.
Желідегі
құлынымын мен елдің,
Көгендегі
қозысымын мен елдің.
Не
сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ
екен елім де
аман, мен де аман.
Таулар
— менің таусылмайтын бақытым,
Ал
ырысым — ұланғайыр кең далам.
Не
істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды
іздеп өткізбеспін уақытты.
Мен
бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса
екен бақытты!
Дәнеңе
де сыйламасын келер күн,
Сый
көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім тұғырында
тұрса екен,
Әрі
қарай... Әрі қарай көрермін...
Енді 8 «А» сынып білім алушысы Нұржігіт Динаға кезек береміз.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА.
Өмір сен
Балалық
шақтың әнімен,
Балауса, балғын
сәнімен
Ертегілердің елінен
Еркелей
басып келіп ем.
Өмірдің
көркем бағынан
Өзіңді көрсем,
жаным-ән!
Бөлеп ең мені бақытқа,
Сол
күндерімді сағынам.
А-хау,
сол бір күндер-ай,
Сағындың ба өзің
де…
Жалғыз сенсің – өмірде,
Жалғыз
сенсің – көңілде.
Жалғыз
сен ғана жалғанда
Бастайтын мені
таңдарға!
Жанымда болса екен деп,
Оранам
аппақ арманға.
Қуаныш
шашшы көңілге
Түсімде және өңімде!
Ғашық
боп, жаным, жүрмін мен
Сен бар деп
мынау өмірде!
Енді ортаға 8 «Б» сынып білім алушысы Хаки Интизарды шақырамыз.
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА.(Интизар)
Анажан
Аялап
көлдей,
Нұр шашып күндей,
Жанына
мені балаған.
Көңілі көктем,
Мейрімін
төккен
Аяулым сенсің, анажан.
Асыл
әнімсің,
Жазғы
таңымсың
Өзіңмен нұрлы жолдарым.
Тылсым
жылдарда,
Қиын сындарда
Тілегің
– менің қорғаным.
Қайда
жүрсем де,
Ойым бір сенде
Сенімің
болды тұмарым.
Болсам деп бірге,
Сағынам
күнде
Жан ана сенсің жыр-әнім.
Жүргізуші: Біле білсек, ұлттық әдебиет – ұлттығымызды сақтаудың негізі. Ұлттық әдебиет, ана тіл жоғалса, ұлт та жоғалуы мүмкін. Сондықтан, барды жоғалту оңай, қайтару қиын мәселе. Біз басында айтқанымыздай, бүгінгі жастар неге әдебиетке, кітап оқуға қызықпайды? Не себеп? Жарыққа шыққан кітаптарды неге оқымайды? Оның шешілу жолдары бар ма? Қанеке, онда бүгін бізге қонақ болып келген қатысушыларымызға сөз берейік. Алғаш болып:
1.Марип Тахмина
2.Мурат Шахзад
3.Тельман Закир
4.Нұржігіт Ақбота
5.Гожахмет Саяра
6.Махсут Бахаргуль
7.Турган Ясмина
9.Исрафил Зейнаб
10.Абликат Дилраба
Қосымша:
1.Кітапханаға кіріп кітап аласыздар ма? Неге?
2.Ақын-жазушылармен жақын болу үшін не істеу керек, деп ойлайсыздар?
3.Әлеуметтік желілер ұлттық әдебиетке әсер етіп жатыр ма? Мысалы?
Жүргізуші: Қазақстан Үкіметі бүгінгі жас қаламгерлерді қолдап келе жатыр. Мысалы, әр жылы мереке қарсаңында, ақын-жазушылардың даталық туған күндеріне орай жыр мушайра-байқауларды өткізіп, қаржылай марапаттап келеді. Мәдениет және спорт министрлігі жанында Жас ақын-жазушылар бірлестігі құрылған. Биыл «Жастар жылының» салтанатты ашылу жиынында жас ақын Мерей Қарттың ұсынысымен Елімізде Әдебиет академиясы қарастырылып жатыр. Бұл да үлкен іс деп білеміз. Біздің мектебімізде де ақындық таланттымен өлең жазып жүрген оқушыларымыз бар. Олай болса, ортамызға Аяна Бақтыбекқызын шақырамыз.
Енді ортамызға Омархан Ақмаржанды шақырамыз.
Судың қадірін білмесең,
құдық қазып көр,
Ақынның қадірін білмесең,
өлең жазып көр. – демекші, қазір қатысушыларымыз, «Бақыт» туралы бір шумақ өлең жазады. Олар дайындалып тұрсын.
Ал, біз көрермен болып отырған оқушылармен сұхбат жүргізіп көрсек:
1.Қазақ ақындарынан кімдерді білесіздер?
2.Біз тек қана оқулықтан ғана оқыған, танитын ақын-жазушыларды білеміз. Оқушы деген жан-жақты болу керек. Жастардан кімдерді танисыздар? Айтыскер ақындар демекші?..
Қатысушылар «Бақыт» туралы жазған өлеңдерін оқиды.
Қорытынды
Жүргізуші: міне оқушылар, сіздер бір шумақ өлеңді жазғанша қаншалықты қиналдыңыздар. Ал, бір өмірін әдебиетке арнаған ақын-жазушыларымыз осындай әдебиеттің машақатын көтеріп, сол арқылы ұлттық сананы, ұлттық мәдениетті сақтау үшін тер төгіп жүр. Енді оны бағалау, яғни оқып, баға беру, үлгі алу бүгінгі және болашақ ұрпақтың парызы. Әлі де кеш емес, кітапханамыз бар, кітаптарымыз бар, әдебиетіміз бар, соларды қадірлей білейік.
Бүгін біз күрделі мәселе төңірегінде ой-пікір қозғап, барымызша жауап беріп көрдік. Ол да еңбек. Сондықтан қатысқандарыңыз үшін көп рақмет. Осымен кешіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген