Сыныптан тыс жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
- Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін көрсету. - Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту. - Оқушылардың өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Мен информатика пәнінің үздігімін

(интеллектуалдық сайыс)






Өткізген: Камаладинқызы Н


Сыныбы: 4


















Алматы қаласы


2022-2023 оқу жылы

Күні:

Сыныбы: 4

Пәні: Информатика

Сайыстың тақырыбы: «Мен информатика пәнінің үздігімін» сайысы

Сайыстың мақсаты:

  • Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін көрсету.

  • Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

  • Оқушылардың өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар «Мен информатика пәнінің үздігімін» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бүгін ерекше күн, себебі дәл осы күні 4 сынып арасында нағыз мықтыны анықтағалы отырмыз. Олай болса «Мен информатика пәнінің үздігімін» атты сайысымызды бастаймыз!

2 - жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.


1 - жүргізуші:

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – бұл ХХІ ғасырдың есігін ашқан, болашаққа бағдар беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз АКТ сабағының өте қызық екендігіне көз жеткіземіз.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды Ақошеметпен ортаға шақырайық.


4 А оқушысы

Айбекқызы Іңкәр


2 - жүргізуші:

4 Ә оқушысы

Бекмахан Інжу


1 - жүргізуші:

4 Б оқушысы

Атабай Сартай


2 - жүргізуші:

4 Г оқушысы

Қуанышбек Аяулым


1 - жүргізуші:

4 Ғ оқушысы

Аманғос Адия


2 - жүргізуші:

4 М оқушысы

Оспанова Адия


Енді құрметті оқушылар «Сиқырлы қорапша» ойыны арқылып кім бірінші бастайтынын анықтаймыз. Сандарды таңдап сонда көрсетілген номер бойынша компьютерге отырыңыздар.


1 - жүргізуші:

Сайыс қатысушыларымен таныс болдық енді осы сайысымызға әділ бағасын беретін, әділ-қазы алқасымен таныс болайық!


  1. Закирова Айна Сырымханқызы– директордың оқу ісі орынбасары

  2. Жатақбаева Айнұр Каримовна директордың оқу ісі орынбасары

  3. Караболова Келбет - музыка пәнінің оқытушысы


2 - жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыз 3 кезеннең тұрады. Сайыстың шарттарымен таныстыру:

1-кезең. «Полиглот» (1 минут)

2-кезең. «Қолданбалы бағдарлама» (10 минут)

3-кезең. «Адасқан әріптер» (10 минут)

4-кезең. «Шығармашылық жұмыс» (10 минут)


1 - жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, сайысымыздың 1-кезеңін бастаймыз.

 «Полиглот»  сайысында оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде  10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.


Сұрақтар:


2 - жүргізуші:

Оқушылар жауаптарыңызға рахмет, келесі кезекті әділ - қазылар алқасына берсек.


1 - жүргізуші:

Енді 2-кезең бастаймыз. «Қолданбалы бағдарлама» кезеңінде оқушылар paint программасы арқылы суретті салады. Тапсырманы толық орындаған оқушыға 15 ұпай, жартылай орындаған оқушыға 10 ұпай, тапсырманың нәтижесін көрсете алмаған балаға 5 ұпай беріледі. Ал, сайысымызды бастаймыз.


Ән:

Күй:

2 - жүргізуші:

Оқушылар жауаптарыңызға рахмет, келесі кезекті әділ - қазылар алқасына берсек.


1 - жүргізуші:

Ойынымыздың 3-кезеңі «Адасқан әріптер» бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Ал, сайысымызды бастаймыз.


Нимотор-Монитор

Деммо-Модем

Нқышта-Тышқан

Лайф-Файл

Енрепатқат-Пернетақта

Рльоукятакл -Калькулятор


1 - жүргізуші:

Сайысымыздың 4-кезеңі «Шығармашылық жұмысқа» келіп жеттік. Бұл сайыста оқушылар SCRATCH программасы бойынша шығармашылық жұмыс көрсетеді.

Тапсырма

1. Қазақстан картасының суретін Интернеттен жүктеп, бумаға сақта.

2. SCRATCH программасын іске қос.

3. Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ал.

4. Кейіпкер картадағы қалаларды аралайтындай етіп қозғалыс жаса.


Оқушыларға сәттілік!!!

Бұл кезеңде тапсырманы толық орындаған оқушыға 15 ұпай, 10 ұпай, 5 ұпай беріледі. Ал, сайысымызды бастаймыз.


2 - жүргізуші:

Оқушылар жауаптарыңызға рахмет, келесі кезекті әділ - қазылар алқасына берсек.

Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген-деп,

Бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасына сөз береміз.


Қорытындылау

Сонымен сайысымызда өз мәресіне жетті, орын алған оқушыларды құттықтаймыз!!!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!


























4.Тапсырма

1. Қазақстан картасының суретін Интернеттен жүктеп, бумаға сақта.

2. SCRATCH программасын іске қос.

3. Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ал.

4. Кейіпкер картадағы қалаларды аралайтындай етіп қозғалыс жаса.





4.Тапсырма

1. Қазақстан картасының суретін Интернеттен жүктеп, бумаға сақта.

2. SCRATCH программасын іске қос.

3. Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ал.

4. Кейіпкер картадағы қалаларды аралайтындай етіп қозғалыс жаса.





4.Тапсырма

1. Қазақстан картасының суретін Интернеттен жүктеп, бумаға сақта.

2. SCRATCH программасын іске қос.

3. Өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ал.

4. Кейіпкер картадағы қалаларды аралайтындай етіп қозғалыс жаса.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.03.2023
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі