400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын ,танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М. Әуезов орта мектебі














Интеллектуалды ойын


"Ұшқыр ой мен шешен тіл"


Ойынға қатысушылар: 3- сынып




Ұйымдастырушы: Нұрланқызы Н



















2018-2019 оқу жылы




Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:- оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

  • топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

  • математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап,

мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсатымыз:

  • Топпен шешім таба білу;

  • Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен дәлелдеу;

  • Шапшаң ойлап, тез жауап беру;

  • Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;

  • Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;

  • Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;

  • Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;

  • Топтың ұйымшылдығын көрсету;

  • Бәріміз де қатысуға тырысу.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 6айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер,
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

І -айналым «Қатесін тап»

ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

ІІІ айналым «Құпия сандық»

ІV айналым «Айшықты сөздер»

V айналым «Көрерменнен базарлық»

VI айналым «Тапқыр топ»


Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.

Сайысты қай топ бастайтынын анықтау үшін мынадай жұмбақ шешуге тура келеді.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін, 
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

«Оңынан оқысаң да, солынан оқысаң да сол сан шығады. Ол қандай сан?» (қырық)


«Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?» (қырық)

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.



ІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.


Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.


І -айналым «Қатесін тап»

Қырық санын халқымыз

Бақ дәулетке балаған

Талай дәстүр салтымыз

Осы атаумен тараған.

Шығарамыз қырқынан

Сәбиді де той жасап,

Ұлттық әдеп –ғұрпында

Ұлылық бар ойласақ.

өрнектерді тексеріп, қатесін шығару. Оны дұрыс дәлелдеп беру.

1-топ:

450:9+800-50= 700 (800)

(680-30-150):100=6 /5


2 топ

(250+30-80) :4 =20 (50)

81:(18-9)= 8 /9



ІІ -айналым «Ұшқыр ой»

Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«Сұңқар» тобына:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

  2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

  3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

  4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

  5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)

  6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)

«Болашақ» тобына:

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)

  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)

  3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

  4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

  5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

  6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте



ІІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек.


1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)


2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. 
(қар – снег)


1-топ: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква).

2-топ: . Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. 
(сызғыш – линейка)


1-топ: Қалқиып екі құлағы, 
Елеңдеп, қорқып тұрады
. (қоян - заяц)


2-топ: . Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды
.(мысық – кошка)


1-топ:. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. 
(пияз – лук)


2-топ: . Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. 
(түлкі – лиса)



Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,


ІV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. 


1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)


1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)


VI айналым «Көрерменнен базарлық»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат Киіз үй Жол
Кітап Сандық Сәби
Той Жұлдыз Телефон
Жалау Қалам Көгершін
Балмұздақ Мектеп Хат

VII «Тапқыр топ» Постермен жұмыс

(Әр топ берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)

(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық,ыс, сатқын,Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық,ана,зат,атыз, стақан)
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен осы ойынды тамамдасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.


Марапаттау

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі