400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінің мұғалімі үшін керек дүние деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: "№ "148 қазақ орта мектебі" КММ

Мұғалімі: Абдукадирова Мансия



Сабақ тақырыбы:

Сыныптан тыс

«Жұлдызды сәт»

Күні: 6.12.19ж

Қатысқандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

  1. Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Берілген сұрақты пайымдайды

Оқушылардың басым бөлігі:Логикалық есептерді шығарады

Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шығарады

Бағалау критерийлері:

  • Тапсырмаларды орындай алады

  • Логикалық есептерді шығара алады

  • Шапшаң есептеуге,жылдамдыққа,топта пікірін дәлелдей алады

Тілдік мақсаттар:






Сандарды үш тілде айтады:

Бір- один- one

Екі- два- two

Үш- три- three

Төрт- четыре- four

Бес- пять- five


Ойлау деңгейі:

Білу,түсіну,қолдану

Құндылықтарды дамыту:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарды дарыту.Топта өз пікірін дәлелдеу негізінде азаматтық көзқарас қалыптасады;

Ақпаратты табу, талдау, жинақтау біліктілігі артады.

Пәнаралық байланыстар:

Жаратылыстану,дүниетану,ағылшын,қазақ тілі

Алдыңғы оқу:

Логикалық есептер,4-сынып


Жоспарланған уақыты:

Жоспарланған жаттығулар


Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Оқушыларға сайыста сәттілік тілеп,жағымды атмосфералық ахуал туғызу

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар

Сайыстың мақсатын хабарлай отырып,сайыс бөлімдерімен таныстыру

І-тур «Сәлемдесу»

Топтар атауын,топ мүшелерін таныстырады

ІІ-тур «Кім жылдам?»

Тақтада қойылған логикалық сұрақтарға жылдам жауап беру

Әр сұраққа бір ұпайданберіледі.

ІІІ-тур «Топтық жұмыс»

Конвертте берілген тапсырманы орындайды

ІY-тур «Ертегі есеп»

Аудио тыңдалым арқылы есепті шешеді

Y-тур «Ой сергіту сайысы» 

Бұл бөлімде оқушылар санға қатысты мақалды жалғастырып, санның

ортасы

І-тур «Сәлемдесу»

Дескрипторы:

  • Топтың атын таныстырады

  • Топ мүшелерін таныстырады

Кері байланыс жүргізіледі

ІІ-тур «Кім жылдам?»

  1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

  2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

  3. Алфавиттің ең соңғы әріпі?(т)

  4. Қай айда 28 күн бар?
    (Барлық айда)

  5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

  1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.

  2. Саябақтың ішінде 6 орындық тұр. Оның екеуін бояп қойды. Саябақта неше орындық қалды? 6

  3. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? 15

  4. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
Дескрипторы:

  • Тақтада қойылған логикалық сұрақтарға жылдам жауап береді

  • Әр сұраққа бір ұпайдан беріледі.


ІІІ-тур «Топтық жұмыс»

Конвертте берілген тапсырманы орындайды

1-сөйлем Жай бөлшекті қосу үшін ортақ бөлімге келтіру керек

2-сөйлем Аралас санды көбейту үшін бұрыс бөлшекке айналдыру керек.


ІY-тур «Ертегі есеп»

Аудио тыңдалым арқылы есепті шешеді

Жауабы: түлкі 30балық, қасқыр 25балық

Дескрипторы:

  • Мәтінді мұқият тыңдайды

  • Есеп шартына сәйкес тапсырманы орындайды


Y-тур «Ой сергіту сайысы» 

Бір тал кессең,он тал ек( Бір- один- one он- десять- tеп)

Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын ( жүз сто hundred)

Жеті рет өлшеп,бір рет кес ( жеті семь seven)

Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар ( мың тысяча thousand)

Отыз тістен шыққан сөз отыз елге тарайды ( отыз тридцать thirty)

Екі жақсы қас болмас,екі жаман дос болмас ( екі два two)

Дескрипторы:

  • оқушылар санға қатысты мақалды жалғастырады

  • санның орысша,ағылшынша аудармасын табады

Кері байланыс орнатылады

Аяқталуы









Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз

Белсенді атсалысқан оқушыларды марапаттау


«Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі