Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс 3 сынып Ұшқыр ой мен ұтымды жауап

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет. Бұл сыныптан тыс жұмыста оқушыларға қызықты тапсырмалар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Подстепный қазақ жалпы білім беретін орта мектеп

















«Ұшқыр ой мен шешен тіл»

(Сыныптан тыс шара)

























Бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Джумагалиева

2020-2021 оқу жылы



Тақырыбы «Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Мақсаты:Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюі мен, өз ана тілін қалай білуі мен өлшенеді. Ана тілде еркін де сауатты сөйлей білуде мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше екенін ұқтыру. Оқушылардың мақал-мәтел арқылы сөздік қорын байыту,астарлы сөйлеуге тәрбиелеу,жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Түрі: интеллектуалды сайыс

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңыздар.

Ойынға 4 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.

Бөлімдермен таныстырып өтейін:

Барысы:

І кезең - «Тапқырлық»

ІІ кезең - -«Алғыр болсаң шешіп көр»

ІІІ кезең «Ұшқыр ой, жылдам жауап»

IV кезең «Ойлан тап»

V кезең - «Бәйге»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

I-кезең «Тапқырлық» өлеңнің ұйқасын табу:

  1. топ

1.Жағасында бұлақ, жайылып жүр ….(лақ).

2.Айбат шағар алыстан , аң патшасы …(арыстан).

2– топ

1.Тым ойыншыл пысық , мияулаған …. (мысық).

2.Тыным таппас ебелек, гүлге қонар ….(көбелек).

3 – топ.

1. Бата алмас түлкі, үсті тікен ….(кірпі). 2.Өзінше ноян, қорқақ кім ….(қоян). 4 – топ.

1.Жұртқа аян , улы жәндік ….(шаян) 2.Ұқсамайды басқаға, тарғыл түсті…(тасбақа).



II кезең «Алғыр болсаң шешіп көр»

Жұмбақтың жауабын шешіп, сол сөзге байланысты мақал - мәтел тауып айту

1 – топ.

1. Үңгір түбінде жалбырап, 1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

Өсіп тұр жалғыз жапырақ. (Тіл) 2.Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ.


2. Бір ғажап бар тілі жоқ, 1.Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы.

Сөйлесем десең міні жоқ. (Кітап) 2.Кітап-ғылым,тілсіз мұғалім.

2 – топ.

1. Аяғы жоқ жүреді 1.Бұлақ көрсең көзін аш.

Сылқ - сылқ күледі. (Бұлақ) 2.Таулы жер бұлақсыз болмас.


2. Кезекті бір жануар, 1.Көрмес түйені де көрмес.

Үстінде екі тауы бар. 2.Түйе – түлік басы.

Мойны ұзын, көзі үлкен. 3.Түйе – көштің көлігі.

Бұл не өзі, тауып ал. (Түйе)


3 – топ.

  1. Бір беткейде екі көл. (көз) 1. Көз қорқақ, қол батыр

  2. Даладай кімнің кең пейілі, 2. Ана көрген тон пішер

Данадай кімнің мол мейірі? (Ана) Әке көрген оқ жонар

4 – топ

  1. Есігін ашсаң 1.Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Сайраған бұлбұл.

Есігін жапсаң

Жайраған құр күл. (Тіл)

  1. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз) 2. Сөздің көркі - мақал.

ІІI кезең. «Ұшқыр ой, жылдам жауап».

Берілген сұраққа мақал-мәтелдермен жауап беру.

1-топ:

Кімге күлме? (Күлме досыңа, келер басыңа)

Қайда түкірме? (Өзің су ішетін құдыққа түкірме)

Ұят неден күшті? (Өлімнен ұят күшті)

2-топ:

  1. Талаптыға не жауар? (Талаптыға нұр жауар)

  2. Тіл неден өткір? (Тіл – қылыштан өткір)

  3. Ат шаппайды, не шабады? (Ат шаппайды, бақ шабады)

3-топ

Тіл не жарады? (Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады)

Білетінің қанша? (Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз)

Қандай үй базар? (Балалы үй базар)

4-топ:

Қандай бала алысқа қарайды? (Адам болатын бала алысқа қарайды)

Ненің тобықтай түйіні бар? (тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар)

Немен жүгір? (Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір)

VІ кезең. Ойлан тап. Ребус шешу.

V кезең - «Бәйге» Шар ішінен қағаз суыру арқылы сұрақтарға жауап беру.

1.Алфавиттің соңғы әрпі.

2.Ақтөбеде біреу, Өскеменде жоқ, Алматыда екеу, Астанада көп.

3.Есікті ашу үшін не қажет?

4.Балықтар не үшін сөйлемейді?

5.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе?


1.Лимонның жартысы неге ұқсайды?

2.Қай айда 28 күн бар?

3.Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?

4.Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар?

5. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе.


1.Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?

2. Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп барады?

3. Тарих та ең үлкен қалпақ киген кім?

4. Теңіздің ортасында не бар?

5. Ненің көлеңкесі жоқ?


  1. Теңіздің суы неліктен тұзды?

  2. Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?

  3. Мені ешкім түсінбейді. Неге?

  4. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?

  5. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты.



Міне, осымен сайыстың соңына жеттік. Сайыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Ендеше сайыстың қорытындысына кезек берейік. Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп

Ғ. Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің, жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз болмақ.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2021
4326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12