Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс 8-класс"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс 8-класс"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
класс жетекшілерге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
308
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл». Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. Сабақтың түрі: телекөпір.


І жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер.


ІІжүргізуші: Тәуелсіздік. Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім. Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де, Өзіңдікі Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан қайрылып, Қыр -арқаңнан айрылып Қонақ- Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

1-жүргізуші:

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай…


2 жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «...................................................» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


І жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым, Арманым, Азаттығым, көпке айғағым. Мен сенің салтанатты сағатыңа Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

«Әнұран» орындалады


2 жүргізуші : Мен қазақпын, бір биік белеспін мен, Еуропада, Азияда емеспін мен. Аралықпын жетінші материктей, Бірақ барша адаммен тең өстім мен. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім.


1 жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.

???????????


Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» телекөпір өткіземіз.

«Өткен шақпен» байланыс.


Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.


IІ оқушы: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


І ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.


ІІ ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.


І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.


ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.


І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.


ІІ ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.


1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.


Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз. Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.


Vоқушы: Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім, Болашағым, өнер-білім, өркенім. Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. Сен менің арым, бағым, барымсың, Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның! Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


«Осы шақпен» байланыс.


  1. жүргізуші

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.



ІІ жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.


І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн. 1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. 1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.

1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

ІІ жүргізуші: 1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды. 1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды. 1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.


І жүргізуші: 1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.


ІІ жүргізуші: Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.


І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды.


Бас аяғы 26 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.


I оқушы:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


IІ оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


IІІ оқушы:

Ұлан-байтақ жеріңді Бөтен ел таптамасын!

Ешқандай жау аттамасын! Ие болып өзің туған жеріңе,

Жер-ана қызмет етсін еліңе, Атом жарылмасын төріңе,

Ие болып, қорғасақ, Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.


IVоқушы:

Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік- ел бақыты, ертеңі, О, халайық, құтты болсын қуаныш!


Vоқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

I оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса Қалдырған бақыт бұлбұлым.


Хормен: Жаса, Қазақстан!


IІ оқушы:

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық, Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық.


IІІ оқушы: Туған жерім Қазақстан байтақ елім Туып өстім тәй бастым қастерледім Туған жердей жер болмас деген мақал Еске салар мәңгі сені аяулы елім Қастерлесең табынсаң думан елге Ардақты да мен деген бол азамат Елім жерім деген ер жігітке Тәуелсіз еліңді қыл аманат Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған Жетістікке жеткізді ол қаншама Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!


IVоқушы : 26 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн


Vоқушы: Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

26 жасың құтты болсын нұр елім.

26 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім


I оқушы: Әрқашан да мақтанамын жеріме, Қазыналы, дархан, байтақ еліме. Ешбір қала тең келе алмас өзіңе, Тілеймін мен бейбітшілік еліме.


І-жүргізуші: Туған жерді сүю парыз Сүю үшін білу парыз Қасиетін ұғу парыз Күзетіне тұру парыз


ІІ-жүргізуші Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі.


Ән: «Отаным» І-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «.................................................» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз


2-оқушы. Т:Бауыржан

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
3-оқушы: Дария

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
4-оқушы: А.Әсем:

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.:

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. шаңырақ биік болсын дегенді білдіреді

ал уықтар –елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.

Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,  білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын білдіреді.
5-оқушы: Сезім

Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
6-оқушы: О.Али

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
7-оқушы: Айнұр:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.




























Сабақтың барысы. Кіріспе сөз. Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз.


Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардыңкөмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз.

«Өткен шақпен» байланысқанша,

«Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық.

Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды.

«Өткен шақпен» байланыс.

1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.


2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.


3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.


4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды.


5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.


6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б.


7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар.


8. Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына тапай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің еңсесін, Жаншыды-ау жанын батпан күш. Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс атқан күн!


9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері.


«Осы шақпен» байланыс.


1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.


2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.


3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы.


4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз.


5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды.


6. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. - Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; - Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; - Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; - Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды; - Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды.


7. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды. Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды. Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді. Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр. Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары.


8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.


«Болашақпен» байланыс. Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді?


1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.


2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар.


3. «Алыс болашақта біздің асқақ мұрат армандарымыз қалай жүзеге асады деген тақырыпта қиялға беріліп, болашаққа болжау жасауға тапсырма бергенбіз. Қиял-эссе оқылады.


4. Жастар қоғамның қозғаушы күші, келешегі. Оған мысалды көнекөз тарихтың өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік, бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып, жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен. Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады.


5. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. Өздеріңнің болашақтағы асқақ армандарыңды айтып шығыңдар. Қорытынды. «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін. Әнұран орындалады.




Кіріспе бөлім:

Барысы: Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді, Бұны ешкім аяп ешкім бермейді. Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың, Та-тас көшеде тас -талқан боп өлгені. Ақталды бодақтардың ақ талабы, Әділ іс әрқашанда ақталады. Елі үшін жанын қиған асыл жандар. Ел есінде мәңгілік сақталады.

2-оқушы: Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың. Тарылмасын терең алған тынысың Бұдан алған күндеріміз құрсын, Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

3-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым. Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым. Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның. Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның. Ән: «Желтоқсан желі»

4-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекенім, Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен. Танытқан бар әлемге қазақ атын, Туымды асқақтата желбіретем.


Ән:Ақ көгершін. Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алған 21жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген қасіреті қалмаған. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған. 1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды.Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.Себебі,тарихтан алар орны ерекшк.Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.Сөйтіп,1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн, Ерекше боп ел жадында қалған күн, Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің, Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің. Хор: «Арайлап таңым» Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ашық сабағымызды осымен аяқтаймыз

Дереккөзі:
https://www.zharar.com/kz/sabak/6206-tauelsizdik_25.html
© www.ZHARAR.com



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!