жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс Абайтану
Сабақтың тақырыбы: Қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай
Сабақтың мақсаты:
-
Абай шығармашылығын жас ұрпақтың
«жүрегіне терең бойлатып», Абайдың
жұмбақ әлемінің тылсым сырларына
үңілту;
-
«Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл
сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой
- қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
-
Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін,
философиялық ой - толғауларын насихаттау
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: зерттеу, шығармашылық жұмыс, түсіндіру, ізденіс жұмыстары, сергіту сәті, жаңа технологиялар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар көрмесі, ақын туралы ой-пікірлер.
Жүргізу барысы
Жүргізуші
Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға
А.Құнанбаевтың
шығармашылығына арналған
«
Қазақ поэзиясының алтын діңгегі – Абай»
атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Ақын
шығармалары - оның қазақ әдебиеті
тарихында ерекше орны бар классик ақын
екендігін дәлелдейді.
М.
Әуезов Абайды «Қазақтың классик
әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының
күн шуақты асқар биігі» деп атауы да
жайдан жай емес.
Оқушыларды екі топқа топтасады
І топ "Мұрагерлер"
ІІ топ "Ұрпақтар"
Бүгінгі сайыс сабағымызды бастамас бұрын,сайыстың бөлімдерімен таныстыра кетейін:
І кезең «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» оқу-білім туралы деп мақал мәтел айтқызу
ІІ кезең Тест тапсырмалары
/20 сұрақтан тұратын Абай шығармашылығына байланысты тест сұрақтары беріледі/
ІІІ кезең «Бәйге». Мұнда білімгерлер берілген 10 сұраққа бірден жауап беруі тиіс
ІҮ
кезең
Асыл
сөздерінің жалғасын тап.
Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым
бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді
әділқазы әділ баға
Құлақ
салып тыңдап тұр алыстама-деп
Әділқазылар
алқасымен таныстыру:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бастапқы сөз:
«Асыл
сөзді іздесең,
Абайды
оқы, ерінбе.
Адалдықты
көздесең,
Жаттап
оқы көңілге!»
-
деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,
Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп,
үніле отырып сезіне - тек әдебиет
айдынында жүргендердің ғана емес,
сонымен қатар нұрын, сырын көре білер,
көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше, балалар, біз осы уақытқа дейін
өткен шығармаларды ғана емес, көрген -
білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп,
бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ
ретінде бастаймыз
І кезең «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»деп
Балаларға оқу-білім жайында мақал-мәтелдер айтқызу
1. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Білімсіз күнің жоқ, оқусыз білім жоқ.
4. Оқу білім қазығы, білім өмір азығы.
5. Ақылды ұл білім іздер, ақымақ ұл шылым іздер.
6. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
7. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
8. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Әділқазылар алқасы бағаларын айтып жіберсеңіздер
ІІ кезең Тест тапсырмалары
1
- нұсқа
1.
Абай Құнанбаевтың туған жерін
белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс
Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы
Қасқабұлақта;
С) Ақмола облысындағы
Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы,
әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай
облысы, Құсмұрын бекетінде.
2.
Құнанбай Абайды неше жасында Семейге
оқуға жіберді?
А) 7жасында; В)
8жасында; С) 9жасында; Д) 10жасында;Е)
11жасында.
3.
Медреседе діни уағыздармен шектеліп
қалмай, қандай тілдерді игерді?
А)
Араб, парсы, түркі; В) Араб, парсы,
иран;
С) Араб, парсы, түркімен; Д)
Араб, парсы, өзбек; Е) Араб, парсы, орыс.
4.
Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу
ісіне баулығанда неше жаста еді?
А)
10жаста; В)
11жаста; С)
13жаста; Д) 15жаста; Е) 16жаста.
5.
Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А)
1870ж.; В)
1871ж.; С)
1873ж.; Д) 1875ж.; Е)
1880ж.
6.
1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын
өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын
мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А)
«Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы»,
«Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай
мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е)
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға»,
«Бородино».
7.
Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып
жүрді?
А) Байкөкше; В) Барлас; С)
Көкпай; Д) Балта; Е) Шөже.
8.
Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға
арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А)
«Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда
ғылым бар деп ескермедім»;
С) «Ғылым
таппай мақтанба»; Д) «Жазғытұры»;
Е)
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9.
Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен
тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің
жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын
көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен
кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе,
қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым,
мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер,
сыз болмай ма?».
10.
Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш
өлеңін белгілеңіз.
А)
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі
ай»; В)
«Жаз»;
С) «Қыс»; Д) «Күз»; Е) «Жазғытұры».
11.
Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен
араласып,
Күлімдесіп, көрісіп,
қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың
мойны босап,
Сыбырласып, сырласып,
мауқын басып.
А) «Жаз»; В) «Күз»;С)
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
Д) «Жазғытұры»; Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12.
Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың
қай түрін тапты?
А)
қара өлең ұйқасы; В)
шалыс ұйқас;
С) аралас ұйқас; Д) шұбыртпалы ұйқас; Е) кезекті ұйқас.
13.
Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін
қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз
аяқ», «Жаз»;В) «Көлеңке басын ұзартып»,
«Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз
болады болысың»;
Д) «Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е)
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»,
«Көлеңке басын ұзартып».
14.
Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы
жоқтық
Аздырар адам баласын.
А)
«Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның
кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім
тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;
Е) «Пайда
ойлама, ар ойла».
15.
Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша
шығарма аударған?
А) 17; В) 21; С)
23; Д) 25; Е) 27.
16.
Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан
кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы
атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат»;
В) «Өлсем, орным қара жер,
сыз болмай ма?»;
С) «Біреудің кісісі
өлсе, қаралы ол»;
Д) «Малға достың
мұңы жоқ»;
Е) «Қалың елім, қазағым».
17.
Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; В)
3; С)
4; Д)
5; Е)
7.
18.
Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың
бір түн» ертегісінен алынған?
А)
«Ескендір»; В) «Масғұт»; С) «Әзім
әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е) «Ләйлі
- Мәжнүн».
19.
Еуропаға Александр Македонский деген
атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы
аңыздар негізінде жазылған поэмасын
көрсетіңіз.
А) «Ескендір»;В) «Масғұт»;С)
«Әзім әңгімесі»; Д) «Еңлік - Кебек»; Е)
«Ләйлі - Мәжнүн».
20.
Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен
озбақ», - деп нешінші қара сөзінде
жазды?
А) Алтыншы сөзінде; В) Отыз
үшінші сөзінде;
С) Он сегізінші
сөзінде; Д) Жиырма бесінші сөзінде;Е)
Он тоғызыншы сөзінде
2
- нұсқа
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай
Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін
ақын болған жоқ» деген сөздің авторы
кім?
А)
Ш. Құдайбердіұлы; В)
А. Байтұрсынұлы;
С) С. Сейфуллин; Д) М. Әуезов; Е) М. Жұмабаев.
2.
«Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы
еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін
кімге арнады?
А) Оспанға; В) Ақылбайға; С)
Әбдірахманға; Д) Мағауияға; Е) Мекайлға.
3.
Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков
пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам
деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін»;
В) «Интернатта
оқып жүр»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д)
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Е)
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
4.
Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А)
«Евгений Онегин»; В) «Шегіртке мен
құмырсқа»;
С) «Піл мен қанден»; Д)
«Жалау»; Е) «Бақа мен өгіз».
5.
Пара беріп, билікке қолы жеткен екі
жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы
сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен
өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз,
еріншек»; В) «Түбінде баянды еңбек егін
салған»;
С) «Ғылым таппай мақтанба»; Д)
«Көлеңке басын ұзартып»;
Е) «Болыс болдым, мінеки».
6.
Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің
саны қанша?
А)
20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты; Д) 35
шақты; Е) 40 шақты.
7.
Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин»
романын қай жылы аударды?
А) 1880; В)
1883; С) 1885; Д) 1886; Е) 1889.
8.
Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан
төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А)
«Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;
С)
«Сегіз аяқ»;
Д) «Құлақтан кіріп бойды
алар»;
Е) «Жазғытұры».
9.
Абайдың руы кім?
А) Найман; В)
Керей; С)
Тобықты; Д) Уақ; Е) Дулат.
10.
Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты
істерге қарсы заң ережесін» қай жылы
жазды?
А) 1885ж.; В) 1886ж.; С) 1887ж.; Д)
1888ж.; Е) 1889ж.
11.
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние
жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
А)
101 тілге; В)
105тілге; С) 110 тілге; Д) 116 тілге; Е)
120 тілге.
12.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды
сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,
алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп
кім айтты?
А)
Шәкәрім; В)
Ахмет; С) Мұхтар; Д) Көкбай; Е)
Қиясбай.
13.
Абай оқыған медресе?
А) Ахмет - Риза
медресесі;
В) Медресе Мухаммадия;
С)
Медресе Рахманқұли;
Д) Медресе
Расуля;
Е) «Ғалия» медресесі.
14.
Абай қай жылдары болыс болды?
А) 1874 -
1876; В) 1876 - 1878; С) 1877 - 1879;
Д)
1878 - 1880; Е) 1879 - 1881.
15.
Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз.
А)
1880 ж.; В) 1881 ж.; С) 1885 ж.; Д) 1887 ж.; Е) 1888 ж.
16.
Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
А)
8 жастан В)
10 жастан
С)
11 жастан Д)
13 жастан Е)
15 жастан
17.
Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен
енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге
айтты?
А) Барлас; В) Байкөкше; С)
Көкпай; Д) Шөже; Е) Балта.
18. Қай
өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта
сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге
арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр
тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты
шарлап.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат»;
В) «Біреудің кісісі өлсе,
қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін»;
Д) «Өлең - сөздің патшасы,
сөз сарасы»;
Е) «Малға достың мұңы
жоқ».
19.
Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің
іске татырлығы да бар, іске татымақ
түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа
жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара
сөзінде жазды?
А) Екінші; В) Төртінші; С)
Он алтыншы;Д) Он жетінші;Е) Жиырма
тоғызыншы.
20.
Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы
қайтыс болды?
А) 1891ж.; В) 1893ж.; С)
1895ж.; Д) 1897ж.; Е) 1898ж.
Әділқазылар алқасы бағаларын айтып жіберсеңіздер
Өлді
деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған – деп төрелігін
өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын
бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен
бірге жасап келеді.
ІІІ кезең«Бәйге». Мұнда білімгерлердің әрқайсысы берілген 10 сұраққа бірден жауап беруі тиіс.
1 топ 1 – Абайдың шын аты (Ибраһим)
2 –Абайдың руы (Тобықты)
3 – Абайдың сүйікті ойыны (Тоғызқұмалақ)
4 – Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты (Тоқбала)
5 – Абайдың жеті атасын ата (Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай, Айдос, Томан, Тобықты, Арғын)
6 – Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
7–Табиғат лирикасы ішіндегі ең алғышқы жазылған өлеңі. («Жаз», 1886)
8 – Абай қанша нәрседен қашық болуын нұсқайды?
Олар қайсылар? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
9 – Абай қысты ненің бейнесіне теңейді? (Ақсақалды шалдың бейнесіне)
10– Абай «Ескендір» поэмасын кімге арнап жазады? (Александр Македонский)
ІІ топ
1 – Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
2 –В ветхой землянке жили старики со старухой 30 лет и 3 года. Из какого произведения А.С.Пушкина эти строки. Ертегінің қазақша аудармасын айт.
3 – Абайдың ұлы өлеңі А.С.Пушкиннің «Гонимы вешними лучами» өлеңіне ұқсайды. Ол қандай өлең? («Жазғытұрым»)
4 – Неміс ақыны И.В.Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» өлеңінің аудармасы («Қараңғы түнде тау қалғып»)
5– Произведения каких русских писателей стали известны казахскому народу благодаря Абаю? (Крылова, А.С.Пушкина, М.Ю.Лермонтова)
6 10 – «Қара сөздер» аудармасы (Слова назидания)
7–Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
8 – Көзімнің қарасы… ары қарай жалғастыр
(Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі, Ғашықтың жарасы)
9 – Абайдың бұл өлеңі «Карие глаза» әніне ұқсайды немесе аудармасы «Спешу к тебе с приветом, Каламкас» («Айттым сәлем, Қаламқас»)
10 – «Наконец решил: Возьму в спутники бумагу и чернила и стану записывать все свои мысли. Может быть, кому то придется по душе какое-нибудь мое слово и он перепишет его для себя просто запомнит». Нешінші сөзінде айтылған?
Әділқазылар алқасы бағаларын айтып жіберсеңіздер
ІҮ
кезең Асыл сөздерінің жалғасын тап.
1.
Жұмысы жоқтық,
Тамағы
тоқтық,
...................................
( Аздырар адам баласын.)
2.
Үш - ақ нәрсе адамның
қасиеті.
......................................................
( Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
3.
Ғылымды іздеп,
Дүниені
көздеп,
......................................
( Екі жаққа үңілдім.)
4.
Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз
ғашық - тұл,
.........................................
( Шәкіртсіз ғалым - тұл.)
5.
Досы жоқпен
сырлас,
..........................................
( Досы көппен сыйлас.)
6.
Өткірдің жүзі,
Кестенің
бізі,
...........................................
( Өрнегін сендей сала алмас.)
7.
Өмірдің алды - ыстық, арты -
суық,
..............................................................
( Алды-ойын,артқы жағы мұңға жуық)
8.
Бөтен сөзбен былғанса сөз
арасы,
.............................................................
( Ол - ақынның білімсіз бейшарасы.)
9.
Толғауы тоқсан қызыл
тіл,
..................................................
( Сөйлеймін десең өзің біл.)
10.Еңбек
етсең ерінбей,
.................................................
( Тояды қарның тіленбей.)
Әділқазылар алқасы бағаларын айтып жіберсеңіздер
Қорытынды:
Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің
дайындығы кәміл шықты.
Білім
мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты.
(Жеңімпаз
топты анықтап, марапаттау)
Қорытынды
сөз: Сабақты
Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен
аяқтау.
Жүрегін
шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен
жан сусынын қандырған кім?
Өзіне
өзі орнатып ескерткішті
Мұра
ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте
оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын
тас қияға өрлеткен кім?
Құба
жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің
бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен
әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын
аттандырған келешекке
Біздермен
осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай
мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей
құйған барып көк теңізге
Лермонтов,
Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті
көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің
өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың
өлеңінің ұлы атасы,
Ол
– Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.
Абай
Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер
Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен
шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз
Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен
тек қана сол тереңнен дәм таттық қой
деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге
ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген