15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Әлемге саяхат"
Бекітемін:
Сыныптан
тыс жұмыс
Тақырыбы: "Әлемге саяхат"
Класы:7-8
Мақсаты: Оқушылардың
білімге деген қызығушылықтарын арттыру,
ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау,
сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Тәуелсіз еліміздің шынайы
патриоты болуға, өз Отанын сүюге, құрмет
тұтуға тәрбиелеу.Бір-бірімен достық,
ынтымақтастықта болуға баулу.
Көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік
презентация,кеспе қағаздар, бейнероликтер,
спорттық құралдар,ЭКСПО макеті, т.б
Пән
аралық байланыс:
математика, физика, қазақ тілі, орыс
тілі, география, биология
Сабақ
барысы:
Ахметова
Ақмаралдың орындауында ән.
Жүргізуші:
-
Қадірлі ұстаздар мен оқушылар! 7-8
сынып оқушылары арасында өткелі отырған
«Әлемге
саяхат»
атты интеллектуалдық сайысқа қош
келдіңіздер!
Жер бетінде адам
өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен
қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен
алынар,
Білімменен аспанға жол
салынар. – деген Жүсіп Баласағұн
айтқандай, қазір біз, балалар , осы
уақытқа дейін алған білімімізді,
күшімізді көрсетіп,
өнерімізді саралап, санамыздың өскенін,
сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Оқушылар біз әлемге саяхат жасап, Эверест шыңына жету үшін, бірнеше аралдардан өтуіміз керек. Аралдардан өту үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз қажет. Біз, саяхатшылар екі кемеге орналасамыз. Бірінші кеме спорт, екінші кеме білімділер кемесі. Ал мен сіздердің жол көрсетіп, бағыттаушы командирлеріңіз боламын. Ал кемеде жүрген менің көмекшілерім.
Біздің саяхаттайтын аралдарымыздың аттарын атап өтейін.
1. Сейшель аралы. (математика, физика)
2. Гриландия аралы. (қазақ тілі, орыс тілі)
3. Мадагаскар аралы. ( кино әлемі)
4 Бермуд аралы. (география, биология)
5. Эверест шыңы ( төрт сурет, бір сөз)
Топқа бөлу. Әлемге саяхат жасаушы ғалымдарымыздың есімдері топ атауы болады.
Қазақ ғалымы- Ш.Уалиханов, орыс - Тян-Шанский, Ағылшын - Колумб.
Осы есімдер қағаз қиындыларына жазылады. Әр оқушы таңдап кімнің есімі жазылып тұр сол топқа отырады, спортшылар сол топтардың қатарына барып тұрады. Әр топ топ басшыларын сайлайды.
Сонда спортшылар үш топ, білімділер үш топ болады. Көмекшілерім спортшылардың қолына көк, білімділердің мойнына көк лента тағады.
Сайыс ережесі:
Саяхатшылар
өзімізді сабырлы ұстап, тыныштықты
сақтаймыз. Топтарға кедергі жасамаймыз,
тапсырмаларды мұқият тыңдаймыз.
жүргізуші:
«Бәйгеге
түсіп
жарыспай,
Жүйріктің
бағы
жанар
ма?
Білім
мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар
мән» дей келе бірінші аралымызға саяхатты
бастаймыз.
1. Сейшель аралы. (математика, физика)
Тапсырма шарты: спорт кемесінде әр топқа үш жәшік берілген. Үш жәшікте кеспе қағаздары бар. Сол қағаздарды топ мүшелері жолдағы құрастырылған кедергілерден доппен өту арқылы бір-бірлеп әкеліп, топ басшысына береді. Ол кеспе қағаздарын конвертке жинайды. Барлық қағаз жиналған бойы келесі кемедегі білімділер топ басшысына конвертті ұстатады. Осы жерден спорт кезеңі аяқталып білім кезеңі басталады.
Білімділер есептердің шешімін табады, есептің берілгені мен шешімін сәйкестендіреді.( А3 қағазына )
Тапсырма
1. 2х+17=22+3х Х=-5 4. 3х-1=2(х-2) Х=-3
2. 18+3х=х+14 Х=-2 5. 3(х+5)=7-5х Х=-1
3. 25-4х=12-5х Х=-13 6. 19(у-9)=3(у=7) Х=12
7. 4х-5<3x+1 X<6
8.
3x+7>x+15 X>4
9. 2x+5<x+3 X<-2
Бағалау. Есептің дұрыс жауабы ИН.тақтада көрсетіледі. Әр топ неше есебі дұрыс, сонша балды алып бағалау тақтасындағы Сейшель аралына салады. Қай топ бірінші болады қосымша 5 бал беріледі. Ал біз спорт пен білім біріге отырып, Сейшель аралының тапсырмасын түгел орындап, келесі аралға жол тарттық.
2. Гриландия аралы. (қазақ тілі, орыс тілі) келіп жеттік.
Тапсырма шарты: дәл солай спорт кемесінің жарында стикерде жазылған фразиологизмдер бар. Біртіндеп скакалкіде секіру арқылы жарға жетіп, стикерді алып топ басшысына жинайды. Жинап болған соң білімділер кемесіне береді.
Білімділер кемесі ойынды жалғастырады. Олар берілген тұрақты тіркестердің (фразеологизмдердің) мағынасын ашып түсіндіреді, жауабын орыс тіліне аударып айтады. Бірінші болған топқа тағы да 5 ұпай беріледі.
Тапсырма. Ағынан жарылды-шындығын айтты-сказать правду
Қанатын жазу – белгілі болу-стать известным
Дымын шығармау – үндемеу-молчать
Кәдеге асу – іске жарау-пригодиться
Ақ саусақ –жалқау-лентяй, лодырь
Базары тарқады – дәурені өтті-прошло время
Жағы сембеді – көп сөйледі-много говорил
Алақанның аясындай – тар жер-тесное место
Жанары кетті – көзінің нұры кетті-пропал блеск в глазах
Көз жазып қалу – жоғалту-потерять
Құнт қылмау – ескермеу-не относиться серьезно
Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу-красивый
Алқам-салқамы шықты-көнерді, тозды-поистрепался, потерял форму и цвет
Ат ізін суытпау – жиі келді- часто приходил
Жер қаптыру – алдау-обманывать
Жүрегі аттай тулады – толқыды-волноваться
Көрпеңе қарай көсіл – әліңді біл-знай свои силы
Құлаш сермеу – ұмтылу-стремиться
Қабағын қырау шалу – қартаю-состариться
Жағасын ұстау – таңдану-удивляться, поражаться
Арасынан қыл өтпейді – өте тату-дружно
Бағалау.Нешеуі дұрыс сонша балды алып, бағалау тақтасындағы «Гриландия» аралына барып салады.
Саяхатшылар біз Гриландия аралының тапсырмаларын жақсы орындап, әрі қарай келесі аралға жүзіп кеттік.
3. Мадагаскар аралына келдік.
Алдымыздан Гималай тауы шығып, ол таудың қасынан өту үшін екі кеме бірігіп, Мадагаскар аралының тапсырмасын орындауы керек.
Бәріміз кино мен мультфилмдерді көргенді ұнатамыз. Бұл жерде кино элемімен байланыс жасаймыз. Сіздерге суреттер көрсетіледі, сол суреттерге қарап кино немесе мультик атауын табамыз.
Ойласуға бір минут уақыт беріледі.
Бағалау.Топтардың дұрыс жауабына қарай бір балдан мадагаскар аралының бағалауына салып тұрады.
Мадагаскар аралынан сәтті шығып, келесі Бермуд аралына жол тарттық.
4. Бермуд аралы. (география, биология)
Спорт мүшелері бастайды. Бұл жолы кезек-кезек допқа мініп секіреді, екінші шетке жету керек. Қайтар жолда жүгіреді. Топ мүшелері бір-бірден жерде шашылып жатқан жасуша аттарын, саңырауқұлық, жануарлар суретін жинайды.Ең соңғы оқушы жарда ілулі тұрған суретті алып барады. Олар ойынды аяқтаған бойы білімділер кемесіне береді.
Білімділер кемесі ойынды жалғастырады.
Биология пәні бойынша
1 топ. Жасуша органоидтарының аттарын берілген жасуша моделіне орналастырып құрастырады .(Хлоропласт, Вакуоль, Целлюлозалық жасуша қабырғасы Пластидтер, Хлоропласт, Автотрофты, хлорофилл)
2 топ. Саңырауқұлақтардың атын атайды. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ажыратады.
(Кәдімгі түлкіжем, түбіртек, ақ саң.қ, майқұлақ). (Қозықұйрық, қанды тіс)
3 топ. Өндірушілер, тұтынушылар, ыдыратушыларды анықтап ажыратады.
(3.8 1.2.14 5.7)
География пәні бойынша.
«Карталар әлеміне саяхат». Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
І –ТОП
АФРИКА
Тапсырма .Осы материкте катакализм жиі байқалатын аймақтарды кескін картаға белгілеп көрсетіңіз? Кения, Эфиопия, Камерун, Марокко, Мозамбик
II-ТОП сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Солтүстік
АМЕРИКА
Тапсырма . Осы материкте катакализм жиі байқалатын аймақтарды кескін картаға белгілеп көрсетіңіз? Мексика, АҚШ, Коста, Рика, Гаити
IIІ-ТОП
сурет. Бұйыра шашты қыз бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Оңтүстік
Америка
Тапсырма .Осы материк ең алғаш қандай материк құрамында болған. Осы материкте қандай катакализм түрлері жиі байқалады? Чили, Боливия, Перу, Колумбия
Бағалау.
5. Эверест шыңына жеттік. Жоғары көтерілу үшін топ басшыларының сайысы өтеді.
Үш топ басшыға екі суреттен беріледі. Бұл сурет (төрт сурет бір сөз) деп аталады. Төрт сөзді ұштастырып бір мағына шығару керк. 7 минут беріледі.
Тапсырманың шешімін тапқан топ басшыға 10 бал беріледі.
Франция Германия комедия монтаж театр космос
Сонымен Эверест шыңына шықтық. Топ басшыларымен бірге кеме көмекшілер барлық аралдардығы жинаған балдарын есептеп нақты балл айтылады. Жеңімпаз топ анықталады.
Жеңімпаз топтар марапатталады.
Жүргізуші:
Жеңістеріңіз
құтты болсын. Болашақтың іргесін қалайтын
, Қазақстанның мерейін көтеретін
азамат пен азаматшалар сендерсіңдер.
Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор
үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе
тілектеспіз. Білімділік пен ізгілікті
бойымызға дарыта берейік. Сендерге
әрдайым биік белестертілейміз!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген