15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады"
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
(сыныптан тыс зияткерлік ойын)
Мақсаты: Оқушылардың оқу барысында алған білімдерін нығайту. Сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І.Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер! Алдымен бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын маған мына сұраққа жауап беріңдерші:
-Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады? (ертегілер, аңыздар, өтірік өлең, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал- мәтел, шешендік сөздер, төрт түлік туралы жырлар т.б.)
Бүгін сайыс 9-10 «А» сынып оқушылары арасында өтеді.
Сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
_______________________________________________
____________________________________________________
І кезең. Таныстыру.
Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ - топ аты, ұранын таныстырады.)
ІІ. «Жалғастыр»
1 топқа
А)Еңбек түбі- береке, ...(көптің түбі-мереке)
Ә)Елінен безген-ер онбас,...(көлінен безген-қаз онбас)
Б)Ер бір рет өледі...(қорқақ мың рет өледі)
В)Жері байдың...(елі бай)
Г)Ұрлық – ұрлықтың...(түбі қорлық)
2 топқа
А)Оқу түбі-... (тоқу)
Ә)Оқу инемен-... (құдық қазғандай)
Б)Қына тасқа бітеді-... ( білім басқа бітеді)
В)Сөздің көркі-... (мақал)
Г)Көп сөз- көмір - ... (аз сөз- алтын)
ІІІ кезең. «Полиглот»
-Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек.
1 топқа
1.Сыртта - арқаңда, Сыныпта- партаңда. (сөмке, сумка, a bag)
2. Білерімнің куәсі,
Білмесімнің куәсі.
Іші толған колтаңба,
Алып шығам әр таңда. (күнделік, дневник, a diary )
3.Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. (қоян, кролик, rabbit)
4. Сөз үйретсең қайталайды.
Өздігінен айта алмайды. (тоты құс, папугай,parrot)
5.Өзі дана, Үні жоқ. Сөйлемейді, Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга, book)
2 топқа
6.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Алма, яблоко, apple)
7. Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа, муравей, ant)
8. Шәкіртке жанашыр, Мейірбан кім, жаны асыл. (мұғалім, учитель, teacher)
9.Төрт аяқты чемодан,
мүйізі бар қадаған.
Естімейді, сөйлейді,
Ішіндегі көп адам. (теледидар, телевизор, TV)
10. Адамға серік, Күзетке берік. (Ит, собака, dog)
IV кезең. «Кім жүйрік»
«Білім» Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғаріп.
«Кітап» Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
«Сөз» Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
«Дос» Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
«Ата» Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
«Тазалық» Тазалық – денсаулық кепілі.
V кезең.«Жасырдым жұмбақ»
Жұмбақты шешіп, сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.
1 топқа:
Үй ішінде 32 батыр кіргендерді отап, турап жатыр (тіс)
(отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар)
Бетінді тырыстырады, арқанды құрастырады.
Ыңғайына көне берсең, досыңмен де ұрыстырады (ашу)
(ашу- дұшпан,ақыл-дос.
Ақылына ақыл қос)
Көргендер көрші отырып
Бірін бірі көрмейді (көз)
(көз – нұрдың ұясы, көңіл- сырдың ұясы)
Иесі оның- сәби, әрі төсек, әрі ұй (бесік)
(ел іші-алтын бесік)
Жалт-жалт етер, жалмап кетер (от)
(отан оттан да ыстық)
2 топқа:
Дүниеде бір құдық бар беті қатқан, бетінде беттегесі шығып жатқан Қараса сол құдыққа көз жетпейді, құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (оқу білім)
(оқу – білім бұлағы, білім- өмір шырағы)
Қабат – қабат қаттама, қаттамадан аттама ақылын оның ала бер, айтқан сөзің жатта да (кітап)
(күн шықса жайлау жадырайды, кітап оқысан жаның жадырайды)
Ұрып қалсан кері атып, оралады өзіне, көрсе досың бері атып, қайтып барар өзіне (доп)
(асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар)
Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне
Киім тігіп береді ол өзіне ( ине)
(оқу инемен құдық қазғандай)
Орақ болып туады табақ болып тұрады
(Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны. )
Қорыту.
Жеңіске жеткен топты анықтап, марапаттау.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген