Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Білгірлер бәйгесі" инттеллектуалды танымдық ойыны 10-11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Білгірлер бәйгесі" инттеллектуалды танымдық ойыны 10-11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мұғалімдерге көмек ретінде көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2018
790
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі

Бекітемін

«Жалпы пәндер»

бірлестігінің төрайымы

________________Утепбергенова Л.К.










БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ



атты интеллектуалды сайыс





Жауапты оқытушы: Оспанов Еркебулан

Өткізілген орны: №209 ауд.





Байқоңыр қаласы 2016-2017 оқу жылы















«Білгірлер бәйгесі»

интеллектуалды сайыс









Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, интерактивтік тақта,қима қағаздар.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап,

Формасы: топтық сайыс.



БАРЫСЫ:

  1. Кіріспе бөлім /таныстыру/

Құрметті оқытушылар мен студенттер! Колледжімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің «Үштұғырлы тіл – уақыт талабы» атты тілдер апталығы өткізіліп жатыр.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Олай болса «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!

  • Сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

  • Ойынға 4 топ қатысады.

  1. «БІЛІМДІЛЕР» тобы

  2. «ОЙШЫЛДАР» тобы

  3. «ТАПҚЫРЛАР» тобы

  4. «БОЛАШАҚ» тобы

Сайысқа әділ баға беріп, төрелік ететін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!



  1. Негізгі бөлім

Сайыстың шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (Әр топ өз ұраны мен төсбелгісін әділқазылар алқасына таныстырады). Таныстыру кезеңі 5-10 ұпай аралығында қойылады.

  2. «БӘЙГЕ» (Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады).

  3. «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР» (Бұл кезеңде тақырыптар бойынша ұяшықтарда сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10,20,30,40 ұпайларымен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде).

  4. «МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ» (Әр командаға конверт беріледі. Оның ішінде қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы бар. Тапсырма: Мақалдардың жартыларын табу).Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  5. «ЖЕКПЕ-ЖЕК» (Әр топтың жетекшілері «Қазақстандықтар» сөзі ішінен бірнеше сөздер құрайды).


  1. ТАНЫСТЫРУ (Сайысқа қатысушы 4 топ өздерін таныстырады. Ұран төсбелгісімен) (5-10 ұпай)

I - «БІЛІМДІЛЕР» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге- дүние жарық, білімсіздің күні- кәріп»

II - «ОЙШЫЛДАР» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу- білім бұлағы, білім -өмір шырағы»

III - «БОЛАШАҚ» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: «Болашақтың ұл қызымыз,көркейтеміз елді біз».

IV «ТАПҚЫРЛАР» тобы. Біздің тобымыздың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

  1. БӘЙГЕ (4 топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады).

I - «БІЛІМДІЛЕР» тобына арналған сұрақтар.

1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика,семасиология екеуінің бірі)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)

II - «ОЙШЫЛДАР» тобына арналған сұрақтар.

1. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
2. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
3. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
4. Дауыссыздар үннің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)
6. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

III - «БОЛАШАҚ» тобына арналған сұрақтар

1. Әліпбидегі 10 - шы дыбыс қандай дыбыс?(Ж)
2.
Сөз таптары нешеу?(9)
3. Қосымша нешеге бөлінеді?(2 жұрнақ, жалғау)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріппен)

5. Сөздің одан әрі бөлінбейтін, мағыналы бөлігі(түбір)


IV - «ТАПҚЫРЛАР» тобына арналған сұрақтар

1.Етістіктің неше шағы бар?

2. Мақалды аяқтандар. Мектеп - кеме, білім - .... (теңіз)

3. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
4. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
5.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)



  1. «СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР» (Бұл кезеңде тақырыптар бойынша ұяшықтарда сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10,20,30,40 ұпайларымен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде).

1.Мемлекеттік тіл – менің тілім.

10- ұяшық: Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына оның ішінде қыпшақ)

20- ұяшық: Қазақ тіліне қай жылы мемлекеттік мәртебе берілді (1989 жылы 22 қыркүйек)

30- ұяшық: Закон сингарманизма (үндестік заңы)

40- ұяшық: Жинақтық сан есім қалай жасалады(- ау, - еу жұрнағы арқылы)

2. Қазақ әдебиеті

10- ұяшық: Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы? (Ыбырай Алтынсарин)

20- ұяшық: Бес арысты атаңыз? (А.Байтұрсынов,Ш.Құдайбердіұлы,М.Дулатов,Ж.Аймауытов,М.Жұмабаев)

30- ұяшық: «Көксерек», «Абай жолы» шығармаларының авторы кім? (М.Әуезов)

40- ұяшық: Атақты ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, қазақ әліпбиінің негізін қалаған тілші ғалым? (А.Байтұрсынов)

  1. Ұлттық ойындар мен мемлекеттік мерекелер

10- ұяшық:Суретте қазақ халқының қандай ұлттық ойыны көрсетілген? (теңге ілу)

20- ұяшық: Суретте қазақ халқының қандай ұлттық ойындары көрсетілген ? (бәйге, тоғызқұмалақ)

30- ұяшық: Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні ? (4 маусым)

40- ұяшық: Қазақстан Республикасының Ата Заңы қай жылы, күні қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)

  1. Ұлы ойшылдар

10- ұяшық: Суретте қазақтың ғалымы, этнограф, тарихшы көрсетілген? (Шоқан Уәлиханов)

20- ұяшық: Абылай ханның кеңесшісі болған ақын жыраулар поэзиясының өкілі? (Бұқар Жырау)

30- ұяшық: Ұлы Отан соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы, Кеңес Одағының

батыры? (Бауыржан Момышұлы)

40- ұяшық: Музыкалық сұрақ? Көркем туынды қай ақынның шығармашылынан орын алады? (Абай Құнанбаев. «Айттым сәлем қаламқас»)


  1. «МАҚАЛ - СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ» (Әр командаға конверт беріледі. Оның ішінде қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы бар. Тапсырма: Мақалдардың жартыларын табу).  



Қызыл конверттегі мақал - мәтелдер

  1. Шетте жүріп тарығарсың,

Өз еліңді сағынарсың

  1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.


  1. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын


4. Білімдінің күні жарық,

Білімсіздің күні қарып.


5. Адал еңбек аздырмас,

Арамдық бойды жаздырмас.


Сары конверттегі мақал - мәтелдер


  1. Кісі елінде күркірегенше,

Өз жерінде дүркіре


  1. Жалқаулық аздырады,

Еңбек оздырады.


3. Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар


4. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді


5. Адал еңбек елге жеткізер,

Арам қулық елден кеткізер.


Жасыл конверттегі мақал - мәтелдер


  1. Бейнетің қатты болса,

Татқанын тәтті болар


  1. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.


  1. Сағынған елін аңсайды,

Сары ала қаз көлін аңсайды.


  1. Қатты жерге қақ тұрар,

Қайратты жерге бақ тұрар.


  1. Бай болмасаң, бай болма,

Білім – өнерге сай бол.


Көк конверттегі мақал – мәтелдер


  1. Еңбек ширатады

Өмір үйретеді.


  1. Мал қонысын іздейді

Ер жігіт туысын іздейді.


  1. Ерінбей еңбек қыл

Жалықпай өнер біл.



  1. Оқи берсең көзің ашылады,

Отыра берсең жалқаулық басынады.


  1. Жекен жерінде көгерер,

Ер елінде көгерер.


  1. «ЖЕКПЕ-ЖЕК» Әр топтың жетекшілері «Қазақстандықтар» сөзі ішінен бірнеше сөздер құрайды. (қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.).


Сайысқа қатысушы төрт топ ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.


  1. Сайыс қорытындысын шығару /әділқазылар алқасына сөз беріледі/



  1. Оқытушының қорытынды сөзі


Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің,

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе келесі кездескенше күн нұрлы болсын.














































БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Р/с

Сайыс шарттары

«БІЛІМДІЛЕР»

«ОЙШЫЛДАР»

«БОЛАШАҚ»

«ТАПҚЫРЛАР»

1.

ТАНЫСТЫРУ (Сайысқа қатысушы 4 топ өздерін таныстырады.)

(5-10 ұпай)





2.

БӘЙГЕ (4 топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады).





3.

«СИҚЫРЛЫ ҰЯШЫҚТАР» (Бұл кезеңде тақырыптар бойынша ұяшықтарда сұрақтар беріледі.





4.

«МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ» (Әр командаға конверт беріледі. Оның ішінде қағазға білім, оқу, Отан, еңбек туралы жазылған мақалдың жартысы бар.





5.

«ЖЕКПЕ-ЖЕК» (Әр топтың жетекшілері «Қазақстандықтар» сөзі ішінен бірнеше сөздер құрайды).







ЖАЛПЫ ҰПАЙЫ:

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!