Тақырыбы: Білімді
отбасы
Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің
үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен тұрақты
қарым-қатынасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, таратпа
материалдар, фигуралар
Әдісі: интелектуалдық
ойын
Барысы:
БИ
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар
және оқушылар! 5-сынып отбасылары арасында өткелі отырған "Білімді
отбасы" интелектуалдық сайысына қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:
ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Мектеп білім ошағы
болса, отбасы - тәрбие ортасы. Білім мен тәрбие ажыратуға келмейтін
егіз ұғым. Олай болса, жаңа заманға лайықты ұрпақ тәрбиесінде
отбасының алар орны ерекше.
1-жүргізуші: Бақытты отбасы - келешек
кепілі
Тәрбие - отбасы
шешімі
Үйрету, үлгі ету, өнеге
көрсету
Әрқашан үлкендер міндеті - деген өлең
жолдарының мазмұндылығын түсіне білген ата-аналар бүгінгі сайыста
өз ұрпағының қиялына қанат бітіріп, білімді отбасының үлгісін
көрсетпек.
2-жүргізуші:
ендеше, ойынға қатысушыларды қошеметпен
ортаға шақырайық:
5 А
сыныбы: " Архимед ізбасарлары" тобы Оразалы отбасы.
Оразалы Еркеназ Жәнібекқызы, ата-анасы: Женсикбаев Жәнібек
Оразалыұлы, Абикенова Айнур
Еркінқызы
5 Ә
сыныбы: "Болашақ" тобы Жұмағалиевтер отбасы.
Жұмағалиева Амина Айбекқызы , ата-анасы: Саттаров Айбек
Жұмағалиұлы, Әбдірашитова Жұлдыз
Әбдірашитқызы
5 В
сыныбы: " Барыс" тобы, Саруар отбасы. Саруар Нұрасыл
Дауренұлы, анасы Жүрсінбаева Гүлзира Байқоңырқызы, көкесі Боринов
Даурен Досанғалиұлы.
5 Г
сыныбы: "Тұлпар" тобы, Едіге отбасы. Едіге Санжар
Арманұлы, ата-анасы: Рахметов Арман Едігеұлы, Жарылғапова Анар
Мамыржанқызы.
5 Ғ
сыныбы: " Жүйріктер" тобы Батыр отбасы. Батыр Інжу
Қуанышқызы, ата-анасы:Үйсенбай Қуаныш Батырұлы, Сүлейменова Лаура
Қалдыбайқызы.
5 Д
сыныбы: "Үш жеті" тобы Жүрсін отбасы. Махмұт
Жүрсін Олжасұлы,
ата-анасы: Аймағанбетов Олжас Махмұтұлы, Тілеубаева
Мархаббат Өміржанқызы
Рахмет, орындарыңызға жайғаса
беріңіздер.
1-жүргізуші: Алдымен интелектуалдық ойынның
бөлімдерін таныстырып өтейін:
1.
"Таныстыру"
2.
"Көкпар"
3.
"Бәйге"
4. "Танграм"
ойыны
5. "Ғажайып
үштік"
2-жүргізуші:
ойынды бағалайтын қазылар алқасымен таныс
болыңыздар:
1.Мектеп-лицей директоры: Мукашева Күлпаш
Байзадақызы
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Досмаганбетова Жұмакүл
Абсаматовна.
3. Математика пәнінің мұғалімі:
Жумадильдинова Майра
Акентаевна
4. Математика пәнінің
мұғалімі:
1-жүргізуші: Көрермендер қошеметімен ойынды
бастаймыз. 1-бөлім "Таныстыру" 5 ұпаймен бағаланады. (отбасылар
өздерін таныстырады).
2-жүргізуші:
«Көкпар» бөліміне көшеміз. Бұл бөлімде әр
топқа екі математикалық жұмбақ жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 2
ұпайдан беріледі.
1-жүргізуші:
Келесі бөліміміз «Бәйге» деп аталады. Әр
топқа бірдей он сұрақ беріледі. 3 минутта жауабын жазып
сарапшыларға берулері қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
ӘН
2-жүргізуші:
Кезекті
ойын "Танграм" ойыны. Ойынның
шарты: фигуралар қиындыларынан жан- жануалардың бейнесін жасау. Әр
бейнеге 2 ұпайдан беріледі.
1-жүргізуші:
қазылар алқасы қатысушылардың осы кезеңге
дейінгі ұпай санын жария етулеріңізді
сұраймыз.
2-жүргізуші:
Ойынымыздың соңғы
бөлімі "Ғажайып үштікке" де келіп
жеттік. Бұл бөлімде тапсырмалар үш тақырыпқа
топталған:
1. Киелі
сандар
2. Логика
әлемі
3. Ойды
жалғастыр.
Ойынның шарты топтар кезекпен
тақырып және тапсырма номерін таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан
беріледі.
1-жүргізуші:
Сонымен интеллектуалдық ойын өз мәресіне
жетті. қазылар ойын нәтижесін қорытындылағанша кезекті тамаша әнге
берейік.
2-жүргізуші:
Сөз қазылар алқасына
беріледі.
1-жүргізуші:
Жанұяның тірегі әке
болсын,
Шаңырақтың шуағы ана
болсын.
Бар тілекті арнайтын
балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын- дей отырып
бүгінгі "Білімді отбасы" ойынына қатысқан отбасыларға алғыс
айтамыз. Жеңістеріңіз құтты
болсын!
2-жүргізуші:
Жанкүйер отбасыларға да көп рахмет, келесі
кездескенше сау-саламатта
болайық!