Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс, "Елім менің"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс, "Елім менің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Өз тіліне деген құрметін ана тіліне, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
463
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»__________________



Күні:

Сыныбы: 9 «А, Б»

Тақырыбы: «Елім менің» сайысы

Мақсаты:

Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенеді. Өз тіліне деген құрметін ана тіліне, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білуге үйрету.

Түрі: интеллектуалды сайыс

Барысы:

І. Таныстыру

ІІ. «Сұрақ – бізден, жауап – сізден»

ІІІ. «Тіл - өнер»

ІҮ. «Адасқан әріптер»

Ү. «Поэзия минуты»

ҮІ.«Көсемсөз шебері»

Сайыстың әділ бағасын беруші қазылар алқасы таныстырылады.

І. Таныстыру

Сайыскер топтар өз топтарын таныстырып өтеді. Бұл - сайыстың бастамасы.

ІІ. «Сұрақ – бізден, жауап – сізден»

Мен сайыскер топтарға, топ мүшелеріне кезекпен сұрақ қоямын, әрбір дұрыс жауапқа – 1 ұпай беріледі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

І топ сұрақтары:

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала. (Фонетика)

  2. Қазақ тіліндегі сөз таптарының саны. (9)

  3. Абайдың қанша қарасөзі бар? (45)

  4. Абай айтқан бес асыл іс. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  5. Айтыстың қанша түрі бар? (7)

  6. «Зар заман» ақындары. (М. Мөңкеұлы, Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы)

  7. Зат есім жіктеліп келіп, сөйлем соңында қай сөйлем мүшесі болады? (Бастауыш)

  8. Ер Төстіктің жары кім? (Кенжекей)

  9. Қазақ балалар әдебиетінің атасы. (Ы. Алтынсарин)

  10. «Ана» тақырыбында көбірек қалам тербеген жазушы. (Ғ. Мүсірепов)

ІІ топ сұрақтары:

  1. Қазақ тілінде буынның қанша түрі бар? (3)

  2. Кіші жүздің биі. (Әйтеке би)

  3. «Тамаша» сөзінің синонимі (керемет)

  4. Келіннің артынан баратын керек-жарақтары. (Жасау)

  5. Абай айтқан бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  6. Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар? (5)

  7. Диалог стильдің қай түріне жатады? (Ауызекі сөйлеу стилі)

  8. «Жеті жарғыны» құрастырушылар кімдер? (Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  9. 90 жасында депутат болған... (Ж. Жабаев)

  10. Тұйық етістіктің жұрнағы. (у)


ІІІ. «Тіл - өнер»

Тұрақты тіркестер беріледі, оқушылар тіркес мәнін ашады.

  1. Сағы сыну.

  2. Қолтығына дым бүрку.

  3. Жағасын ұстау.

  4. Бетінен оты шығу.

  5. Салы суға кету.

  6. Тайға таңба басқандай.

  7. Ала жіпті аттау.

  8. Тілі байлану.

  9. Қабағынан қар жауу.

  10. Қалтасы көтермеу.

ІҮ. «Адасқан әріптер»

Төрт оқушының алды-артында әріптер, олар өз орнын табу керек.

І топтың тапсырмасы: (САРОШҚА)

  1. Біржанмен айтысқан ақын қыз... (Сара)

  2. От басы, ... қасы (ошақ)

  3. «Ақ» сөзінің антонимі. (қара)

  4. Асықтың «бастығы» (сақа)

  5. Ол қазіргі заманда бәрін шешеді. (ақша)

ІІ топ тапсырмасы: (КРІДЕНЕ)

  1. Жас жұбайлардың қарым-қатынасын заңдастырады (неке)

  2. Қос сөз – ерік-... (жігер)

  3. Паразит жәндік. (кене)

  4. Неологизм сөз (кеден)

  5. «Ілгері» сөзінің антонимі. (кері)

Ү. «Поэзия минуты»

Әр топтан оқушы шығып, өзі білетін ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінді айтады, келесі топ мүшесі өлеңнің тақырыбы мен авторын табуы тиіс.

Мысалы:

  1. Сен де бір кірпіш, дүниеге... (Абай, «Әсемпаз болма әрнеге»)

  2. Таудан мұнартып ұшқан тарланым... (Махамбет, «Мұнар күн»)

ҮІ. «Көсемсөз шебері»

Ортаға әр топтан 1 оқушы ортаға шақырылады, қазылар алқасы белгілеген мәтінді оқушының қалай оқығандығына, мәнеріне қарап бағасын береді.

Қазылар алқасы жеңімпаз топтарды анықтап, белсенді араласқан оқушыларды марапаттайды.

Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. Сол себепті, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік.















А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі








«Елім менің» сайысы


(9 «А»,«Б» сыныптар)


Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Әлмұратова С.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!