жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс: "Озық ойлы - оқушы" 4-сынып
Сыныптан тыс - іс
шара:
«Ойлы озық -
оқушы"
Мақсаты:
1.
Білімділік: Сынып оқушыларының пәндер
бойынша алған білімдерін саралау, ой - ұшқырлықтарын байқау, жеке
жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге
үйрету.
2.
Дамытушылығы:
Оқушылардың сөздік қорын
молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық
қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін
жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге
дағдыландыру.
3.
Тәрбиелілігі: Болашаққа өз үлесін қоса
білетін, іздемпаз ұрпақ етіп
тәрбиелеу.
Жан - жақты білімділікке,
тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: білімді
бекіту.
Сабақтың
типі: сайыс
сабақ.
Әдіс -
тәсілдері:
сұрақ - жауап, жеке жұмыс,
ойын сабақ.
Пәнаралық
байланыс:
әдебиеттік оқу, математика,
қазақ тілі, дүниетану, музыка.
Көрнекілігі:
АКТ, интерактивті тақта, қима
қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар зейінін сабаққа
аудару.

II. Психологиялық
дайындық:
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу,
ұлағат,
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық
Балалар, бүгін біз сіздермен "Ойлы – озық оқушы" атты
интеллектуалдық сайыс өткіземіз. Сайыс 4-сынып оқушылары арасында
өткелі тұр. Әр сыныптан екі оқушы сайысқа қатысқалы
отыр.
ІІІ. Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
-
Таныстыру.
-
«Тездет, бірақ қателеспе!» сайысы.
-
«Мерген» ойыны.
-
«Сиқырлы сөздер» сайысы.
-
«Сын сағаты» сайысы.
-
«Сен білесің бе?» сайысы.
-
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ойлы озық – оқушы» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сайыскерлерімізді қол соғып қарсы алайық. Сайысты әділ бағалайтын әділ – қазы алқасымен таныс болыңыздар. (таныстыру)
Шын жүйрік шабысынан танылады.
Нақты білім, терең ой
сыналады.
Баға берер әділ-қазы
ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол
соғылады.
1 – кезең:
Таныстыру.
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық!» (Әр оқушы өзін таныстырады)
2 – кезең: «Тездет, бірақ қателеспе!»
(1 мин ішінде бірнеше сұраққа жауап беру керек. 1 сұрақ – 1 ұпай)
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз
де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге, - деп екінші кезеңімізді
бастаймыз.
3 – кезең:»Мерген» ойыны.
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек – деп келесі сайыс кезеңін
бастаймыз.
4 – кезең: «Сиқырлы сөздер»
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың – деп 4 –кезең бойынша сайысымызды
бастайық.
-
– кезең: «Сын сағаты.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау – деп келесі кезеңге
өтейік.
1 – жағдаят:
Тоқылдақ ағашты құрттан қорғайды екен. Ал сен ағашты қалай қорғап жүрсің?
2 – жағдаят:
Сенің көршіңнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды.Саған күнде келіп ойнағысы келеді.Сен өтірік айтқанды жаның сүймейді.Сенің онымен ойнағаның дұрыс па?
3 – жағдаят:
Сенің бір досың бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй-ішін айтып, алған ойын-шықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді.Сен онысын ұнатпайсың. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Сен осы баламен дос боласың ба?
4 – жағдаят:
Сабақта "2" алып қалдың. Оған ұстазың да, анаңда қатты ренжіді, сол ренішті қалай өтер едіңдер?
5 –
жағдаят:
Мектепке жаңа доп алып келдің.
Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсің? Үйдегілерге не
айтасың?
6 –
жағдаят:
Құлап жатқан құстың балапанын көрдің. Ұясы бұзылып қалыпты. Қандай амал қолданар едің?
-
– жағдаят:
Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір апта уақыт болып қалды. Оның мектепке
келгеніне ерекше қуанғандардың бірі құрбысы – Айжан. Айгүлді көрген бетте құрбы-сы оның бетінен сүйіп амандасты. Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.
-
– жағдаят:
Үзілісте балалардың барлығы асханаға тұра жүгірді. Ақшасы жоқ Асан ғана
сыныпта қалып қойды. Бірге оқитын Мұрат оған өзіне алған бәліштің жартысын әкеліп берді. Мұраттың іс – әрекетіне баға беріп көр. Өзіңде осындай оқиға ұқсас жағдай болды ма?
6 – кезең: «Сен
білесің бе?»
ойыны.
Келді кезек жұмбақты да
шешуге,
Жауаптарын күштілердің
естуге.
Қазақ, орыс, ағылшынды
білсеңіз,
Алсаң ұпай шәкірт саған несібе – дегендей
келесі кезекке жолдама
алайық.
7 – кезең: Қорытынды:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. – деп келесі кезекті қорытындыға
берейік.
Қорытынды
жасаймыз.
Тауды биік деме
сен,
Талаптансаң,
шығарсың.
Қарсылас мықты деме
сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып,
сайысымыздың жеңімпазын анықтау
үшін
сөз кезегін әділ – қазылар алқасына береміз.

«Мырзакент» жалпы орта мектебі
мектеп – гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

Мұғалім:
Туркменбаева Ж. Т.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген