Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс: «Табиғат аясындағы -Мен!» 5 класс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кластан тыс шараның қысқа мерзімді жоспары
-
Кластан тыс шара
Күні
Класс жетекші:
Класс: 5
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Тақырыбы:
«Табиғат аясындағы Мен!»
Мақсаты:
-
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, мейірімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
-
Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Құндылықтарды дарыту
-
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
-
Отанын, жерін қорғауға, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, жауапгершілікке тәрбиелеу
Ресімдеу
топтық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Музыкалық және бейне көркемдеу
ҚР әнұраны
Үлестірмелі материалдар
слайд, табиғат туралы сурет көрмесі, фото көрме, кеспе қағаздар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Сөздер жазылғын слайдтар, суреттер
Дайындыққа арналған әдебиет
-
Кластан тыс шараның барысы |
|||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (5мин) |
Амандасу Классты ұйымдастыру Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі кластан тыс шарамыздың тақырыбы «Табиғат аясындағы Мен!» деп аталады. |
Амандасу |
Слайд |
Сабақ басы (5 мин) |
Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! . Кластан тыс шараның барысы: I. Кіріспе сөз II. Сайыс барысымен таныстыру
ІІІ. Қорытынды Кіріспе сөз. Бүгінгі мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі. «Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті. -Балалар, күнделікті киіп жүрген киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз,мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз--осылардың бәрі табиғаттың бізге тартқан сыйы. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз табиғатты қорғау жөнінде болмақ. Табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті,денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды. "Адамның екі анасы бар: бірі-туған анасы, екіншісі-табиғат. Егер маған біреу "Дүние дидарындағы ең сұлуды,ең қымбатты, адам баласына ең жақынды,ең қаталды, ең дананы, қара қылды қақ жарған ең әділді аташы" десе,мен соның бәріне де "Табиғат" деп бір ғана сөзбен жауап берер едім деген екен ұлы жазушы А.Сейдімбек. "Балыққа-су,құсқа ауа,аңға-орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю-Отаныңа қамқор болу деген сөз Табиғат ана Табиғат-ананың Жер,Су,Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып: -Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,-деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: -Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?-дегенде Табиғат-ана: -Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен. |
Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын ортаға салады. |
Презентация Суреттер Суреттер көрмесі ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА |
Ортасы (20 мин) |
Енді, балалар, осы Табиғат ананың балаларының аты бойынша төрт топқа бөлінеміз. I. Топқа бөліну І. "Жер" тобы: "Күте білсең, жер жомарт" ІІ. "Су" тобы: "Су бар жерде, ырыс бар" ІІІ."Ауа" тобы:"Ауа-өмір тынысы" "Табиғатты қорғау-перзенттік борышымыз" IV. “Күн” тобы. Күн – жерге өзінің нұрын себуші. Күн арқылы тіршілік гүлденеді. II. Шығармашылық уақыты: Үйге “Табиғат және мен” тақырыбында шығарма, эссе немесе сурет салу. III. Кім жылдам? 1.Табиғат нешеге бөлінеді? (Табиғат екіге бөлінеді: тірі,өлі) 2. Табиғаттағы өлі денелерге нелер жатады? (тау, тас, өзен, ай, т.б.) 3.Тірі табиғатты ата.(жануарлар,өсімдіктер, адам) 4. Қазақстанда неше қорық бар? (тоғыз) 5.Қызыл кітап дегеніміз не? (Сиреп бара жатқан,жер бетінде құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер тізімі тіркелген арнаулы кітап) 6.Қызыл кітап қай жылы шықты? (1978ж)Қ 7.Табиғат құбылыстары дегеніміз не? (жел,жауын-шашын,судың тасуы,) 8.Құстардың қандай пайдасы бар? (табиғатқа зиян келтіретін құрт-құмырсқаларды азайтады) 9. Табиғатқа, ауаға нелер зиян келтіреді? (шашылған қоқыстар, заводтардың қалдығы және түтіні, жануарларға қиянат жасау) 10.Табиғатқа қалай пайда тигізуге болады?(қоқыстарды арнайы жәшікке салу, ағаштар отырғызу, суды өз ретімен пайдалану) 11. Табиғат аясына демалуға шыққанда қатаң сақталу керек шаралар қандай?(от жақпау немесе оттан абайлау, демалған орынды таза ұстау) 12. Табиғаттың бүлінуі дегеніміз не? (ауа ластануы, теңіздердің тартылуы) 13. Табиғаттың қанша мезгілі бар? (4 мезгілі ) 14. Табиғаттың ластануы адамға қалай әсер етеді? (Денсаулыққа үлкен зиянын келтіреді) 15. Әлемдегі ең ауасы лас елдердің бірі? ( Қытай) 16. Әлемдегі ең таза ел? Колумбия IV. «Табиғатты қорғай білеміз бе?» ситуациялық сұрақтар. 1. Өте әдемі гүлді көрдің, ол гүл саған қатты ұнады. Сен не істейсің? Жұлып алып вазаға салып қоясыз? Қатты ұнаса да жұлмай, қызықтайсыз ба? 2. Жолда ағаштан құлап түскен балапанды көрдім Балаларды балапанды көруге шақырасыз? Балапанды үйге алып барасыз?. Сыртынан қызықтайсыз? 3. Саяхаттан қайтарда бізде бірнеше босаған ыдыстар қалып қойды. Өзімізбен бірге алып келіп қоқысқа тастайсыз ба? Талдың тасасына ешкім көрмейтін жерге тығып қоясыз ба? 4. Мектеп ауласында бұзық оқушылар конфеттің қағаздары мен түрлі қағаз қоқыстарды шашып кеткен. Сіздің соны көргендегі іс-әрекетіңіз. Үзіліс. «Өз өнерін қөрсету.» V. Жоба қорғау: "Жер" тобы: Жер-барша байлықтың анасы.Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр.Жердің қойнауында дәнді дақылдар, жеміс-жидектер өсіп шығады. Тұрмысқа қажетті пайдалы қазбаларды да жерден алады.Жерді баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер-Ананы түлетіп гүлдендіре білу-біздің борышымыз. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жері үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені өткен тарихтан аян.Жердің қасиетін сақтау,жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге зор көңіл бөлген. Сондықтан бүкіл халық болып туған жеріміз бен мекенімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. "Су" тобы: Су жер шарында көгілдір түспен боялған, су сұйық,қатты, газ түрінде болады.Су-тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, "Сулы жер-нулы жер", Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген. Су-адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат. Сонымен бірге су барлық адамға, тірі жанға, табиғатқа тазалық сыйлайды. Су гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береді. Сондықтан судың қадірін бағалай білу керек. Сусын да, әрі дем Су емші бәрінен. Суынан берді жер, жуынсаң сергітер, Су-өмір жүрегі, денсаулық тірегі. "Ауа" тобы: Ауа-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. "Ауа- өмір тынысы" деп бекер айтпаған.Адамның жақсы дем алып, дұрыс тынығуына таза ауаның пайдасы мол.Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. Адамдардың денсаулығына таза ауа өте қажет. Сондықтан ауаны ластанудан сақтауымыз қажет. Лас ауа адамдарға,жануарларға түрлі аурулар жұқтырады. Ауа екі жолмен--табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ал адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс орындары яғни зауыттардан шыққан тутіндер, көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер, тұрмыс қалдықтары жатады. “Күн” тобы: Күн – табиғаттағы, тіпті ғарыштағы өзінің жүйесі бар жылытушы, жарық пен энергия беруші болып табылады. Күн арқылы жер шарына тіршілік беріліп тұр. Себебі, аспанымыздың ашық, жарық болып тұруы, жерімізде түрлі тіршілік етуші иелердің өніп-өсуі осы күнге байланысты болып табылады. “Әрқашан күн сөнбесін” деп өлеңде айтатынымыздай күннің жерді жарық етіп тұруы адам үшін ең маңызды. Күн мен түннің ауысуы да осы күннің жерге түсу жүйесіне байланысты. “Ағаш” тобы: Ағаш – тіршілік белгісі. Ормандар мен әдемі саябақтар, жеміс бақшалары осы ағаштан тұрады. Адам үшін де, табиғат үшін де өзінің орны бар. Табиғаттың лас ауасын тазартып тұрушы, әртүрлі жемістердің өсуі, адамдарды күннің қатты түсуінен қорғап сая болушы да осы ағаш болып табылады. “Бір тал кессең, он тал ек” деген халқымызда әдемі мақал бар. Бұл мақал арқылы тіпті бір талдың да жер шары үшін өзіндік орны бар екендігін көрсетіп тұр. Елімізде ағаш отырғызу бойынша түрлі шаралар өткізіліп жатады. |
Топқа бөлінеді суреттерді таңдау арқылы Оқушылар табиғат туралы жазып келген эссе, шығармаларын окиды, салған суреттерін сипаттайды. Әр топ кезекпен кезек жауап береді, дұрыс жауапқа 1 ұпай. Әр топқа 1 сұрақтан
беріледі. Тобымен ақылдасып сұрақтарға ойланып Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |