Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Ыбырай ата тәлімі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Ыбырай ата тәлімі"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ыбырай ата тәлімі" Әдеби-танымдық кеш.Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
1088
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: "Ыбырай ата тәлімі"

Әдеби-танымдық кеш

Өткізген: ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылы "№236 орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Бузаухаева Назым Муратхановна

Сынып:3 "А"


Іс-шараның мақсаты:

Білімділігі: Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.  Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің суреті, Ы.Алтынсариннің шығармашылығына байланысты слайд, шар, гүл

Мұғалім:

-Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі әдеби-танымдық кешіміз ағартушы-педагог, балалар жазушысы, этнограф,фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналады.

І. Ы.Алтынсарин жайлы видео қосылады, оқушылар ортаға шығып өмірбаянына тоқталады.

Балнұр

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының, Затобол ауданында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның бауырында өседі. 1850 жылы Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі. Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүреді. Дегенмен ынталы да зерек Ыбырай мектепті 1857 жылы үздік бітіріп шығады. Мектепті бітіргеннен кейінгі екі жылында өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.

Бексұлтан
1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В. Григорьевпен танысады. В.В. Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады. Өз заманындағы көркем шығармаларды оқиды. Әдебиет, саясат, ағарту туралы жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алады. Орынбордағы әдеби, саяси, мәдени, рухани дүниелермен танысу Алтынсариннің ой - өрісінің өсуіне, өмірге көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.

Альбина

Ы. Алтынсарин өз халқын да білім нәрімен сусындатып, көкірек көзін ашуды мақсат етеді. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады.

Жанел
Ы.
Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы Орынборда басылады.  «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.
Қазақ арасында халықтық мектептер ашып, ағарту жұмысын белсенді жүргізудегі Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз.

ІІ. Арнұр қоңырау соғады

Фонда мектептің суреті

ІІІ. "Кел, балалар оқылық" Алинұр өлең оқиды.

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Сахнаға қолдарында кітап ұстаған біршене балалар қуанышпен мектепке асыға кетіп барады.


(Арнұр, Нұрасыл, Альбина, Зере, Анель)


Арай

ІV. Ы.Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогы, ағартушысы, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ақын, реалист жазушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы


Бейнебаян: "Ана мен бала"

V. "Ананың сүюі" оқитын Іңкар

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,ана, бала,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Фонда ағып жатқан өзен

VI. "Өзен" оқитын Балнұр

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.


Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертінді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.


Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.


Фонда Ыбырай суреті

VII. Письмо Балгожи к сыну (оқитын Ильнара)

Свет очей моих! Сын мой! Надежда моя!
Я пишу тебе, мыслей своих не тая.
На здоровье не жалуясь, мать и отец
Шлют привет, окрыленный биеньем сердец.
Ты, наверно, скучаешь и рвешься домой…
Поприлежней учись, грусть пройдет стороной.
Станешь грамотным – будешь опорою нам,
Нам, к закату идущим седым старикам.
Если неучем ты возвратишься в свой дом,
Упрекать себя с горечью будешь потом,
Милый! Если б с нами ты дни проводил…
Что б ты делал? Какими стремленьями жил?
Взяв курук, по степи ты б носился верхом.
Ничего б не достиг здесь, в ауле глухом.


VIII. "Алаш ұлдары" ұлдардың орындауында би

Түлкі мен қарға мультфильм

IX. Мысал "Түлкі мен қарға" оқитын Зере

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.


Видео. Мультфильм

X. "Әке мен бала" әңгімесінен көрініс.

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

(Алинұр, Арнұр, Арай, Нұрасыл)

Фон қыздарға

XI. "Құстар биі" қыздардың орындауында


Фон Ы.Алтынсарин суреті

XII "Арнау" өлең

XIII. Ән "Ардақты ұстазым" хор

-Ыбырай атамызға арналған әдеби кешіміз осымен тәмәмдалды. Ыбырай Алтынсарин туралы әлі де айтылмаған көп нәрсе бар. Бірақ, бүгінгі іс-шарадан өздеріңізге «Ыбырай атамыз кім?» деген сұраққа жауап алған шығарсыңдар деген ойдамын.

Қош сау болыңыздар!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!