жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Тәуелсіз ел болашағы- білімді ұрпақ"
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел болашағы - білімді ұрпақ»
Сыныбы: 4 сыныптар
Бекітемін:
Күні: 14.12.18
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел болашағы - білімді ұрпақ»
Мақсаты: Танымдық белсенділікті
арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне
сенімді болуға үйрену.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын
тілі, математика, тарих,
бейнелеу
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
а) 1 - айналым «Бәйге»
ә) 2 - айналым «Дода»
б) 3 - айналым «Жорға»
4. Қорытынды.
1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші
парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп,
жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді
білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел
Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира,
Ербол тағы басқа аға - апаларымызды
білеміз.
Ия дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі біздің сыныптан тыс жұмысымыз осы тақырыпқа араналады. ««Тәуелсіз ел болашағы - білімді ұрпақ»
Алдымен сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Үш топқа бөліну
1-топ. Бәйтерек
1-топ. Тәуелсіздік тұғыры
3-топ. Қыран бүркіт
Жүргізуші: Сәлемдесу – игі дәстүр
киелі,
Сөзбен ќарап, кейде шешер
шиені.
Жақсы сөзге жан семірер
қашанда
Жолданады сайыскерлер
сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:
1жүргізуші:
«Біреу озса сайыста, біреу артта
қалады
Ренжімей тараса, озбағандар
жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды
анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» -
дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып
өтейік.
Сайысымыздың жоспары:
а) 1 - айналым «Бәйге»
ә) 2 - айналым «Дода»
б) 3 - айналым «Жорға»
Жүргізуші: :
«Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие білім табар
мән.
Бұл бәйге,ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда»
-
«Бәйге» кезеңінің
шарты.
І – «Бәйге» Әр топ, сұраққа тез жауап береді. (он сұрақ беріледі,
әр жауап - бір ұпай.)
«Бәйтерек» тобына
1. Білім күні қай күн? (1 -
қыркүйек)
2. Бес қаруды ата. (Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта)
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні? (1991ж. 16 желтоқсан)
4. Жеті қазынаны ата Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат,
қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
5. Талас ауданының әкімі кім? ( Алиев Досмаханбет Қасымұлы
6. Үш қуатты ата. (Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл
куат)
7. ҚР - ның рәміздерін ата.
(Әнұран, Елтаңба, Ту)
8. Үш арсыз(Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ
арсыз)
9. Астананың туған күні? (6 –
шілде)
10. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды? (1995ж. З0
тамыз)
«Тәуелсіздік тұғыры»
тобына
1.Денені өлшейтін құрал
(градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
6. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран
бүркіт , күн
7. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
8. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
9. Қазақтың атақты суретшісі
(Ә.Қастеев)
10.Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков.
«Қыран бүркіт» тобына
1. Мемлекеттік рәміздерді ата
- Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты
жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай
Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң – аю
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік,
залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар
жазушысы болған кім? – Б.
Соқпақбаев
- «Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз.
ІІ –
«Дода» Жұмбақтың шешімін тауып, үш
тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 - ұпайдан 15 ұпай
беріледі.
1. Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa -
dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок
– bеІъ
7.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/
8. Ашылып, жабылады, Әр үйден табылады. (Есік – дверь - )
9. Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп – школа - )
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп
келесі сайысымыз «Жорға». Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып
ұяшықтағы сұрақтарға жауап
береміз.
Қазақ тілі
1.Жуас, момын сөзінің орнына қолданатын тұрақты сөз тіркесін тап
2.Тұрлаулы мүшелерді ата
3.Үріп ауызға салғандай сөзінің мағынасы
4.Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
Математика
1. Екі жарым таяқтың неше ұшы
бар? (6 ұшы бар)
2. Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен
поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір
вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (Поезда 13 вагон
болған)
3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде
9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша
теңестіруге болады?(12 өріктен бөлінеді)
4. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9
жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына
тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше
жаста?
Дүниетану
1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан
тұрады?
2. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін қалай атайды?
3. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды?
4 Жер қыртысын толтырып жатқан денелер қалай аталады?.
Тәуелсіздікке
тарту
Әр топ өз өнерлерін
көрсетеді. Мәнерлеп өлең
оқу
Қорытынды. Жүргізуші:
Болашақтың іргесін қалайтын ,Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз. Қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар шешімін шығарғанша концерттік номер.
Жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!
Марапаттау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген