Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Тәуелсіздік күніне сценарий
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс жұмыс. Тәуелсіздік күніне сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс. Тәуелсіздік күніне сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
1138
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші:

-Тәуелсіздік! — Сен! — 
Сағыныш ең сарғайтқан бала кезден! 
Сен —
Арман едің! — 
Қорланғанда жас тамған қара көзден! 

Тәуелсіздік туралы бейнеролик

2- жүргізуші:

-Тәуелсіздік! Сен болашақ ең! — 
Әр таңынан бар қазақ үміт күткен! 
Сен— Қасиетсің! — 
Құдіретін дана мен сана сезген! 

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік!
Табиғатың ерекше, дара тұлғаң! 
Сен — Тәңірдің нұрысың! — 
Жүректерге сезім боп таратылған! 

Фанфар

Әр сөзден кейін тушь


2- жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, бабаларымыздың арманы болған азаттық таңының астында күн кешкен Алаштың бөрі намысты, жылқы мінезді, арыстан тұлғалы азаматтары мен ажары мен жаны сұлу азаматшалары!

1-жүргізуші: Арма, ардақты қазақ деген-ар менен намысты қос қанатындай көріп,өмірлік мақсатқа ұштастырған-қайсар халықтың ұлы мен қызы!

2- жүргізуші:

Қуаныштан қалай кеуде кермеспін

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

1- жүргізуші:

Атыңнан айналайын,егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.

Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы,келе берер!

Екеуі бірге: Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын!


2-жүргізуші:

Шайқалмасын шаттықтың шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгімде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


ӘНҰРАН шырқалады.


2-жүргізуші:Тамырын тереңге жайған тарихқа көз жіберер болсақ, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?», «Біздің тірегіміз бен тілегіміз қандай?».

1-жүргізуші:..., бұл сұрақтарға мен жауап беріп көрейін.Біз – қазақ атты өр рухты, қайсар халықтың ұрпағымыз. «Біз рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Елміз. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!».

2- жүргізуші:Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар -махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! 


1-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!



Ән « Туған өлкем» Орындайтын:


1-КӨРІНІС

(Асығыс кетіп бара жатқан бозбаланың алдынан қолтығына үлкен кітапты қыстырған бір ақсақал шығады. Диалог жабық тұрған шымылдықтың алдында өрбиді)

  • (Бала)Ассаламағалейкум, ата!

  • (Ата)Уағалейкумассалам, балам! Біржергеасығып бара жатқаның

көрініп тұр. Жолболсын!

  • (Бала) Әумин, ата. Тарих үйірмесіне кетіп бара жатырмын. Өз

Отанымыздың өткенінен хабарым аз екенін мойындағаннан соң, оның орнын осы жолмен толтырғым келеді.

  • (Ата)Дұрыс болған. Тарих деген – қатпары көп қалың кітап. Қажет

бетінаш та санаңасіңіребер

  • (Бала)Бұлайтуғағанаоңай. Ондайкітап табу қайда?! Ата,

қолыңыздағы не кітап?

  • (Ата)Бұл - «ТарихКітабы», күнім. Бірбетінашсаң, солбетінесәйкес

тарихиоқиғағакуәболасың...

  • (Бала)Мәссаған! Бұл менің арманым ғой! Тарих қойнауына үңіліп,

Тұлғалар мен тілдесуді, тіпті кейбір қателерден сақтандыруды армандайтынмын

  • (Ата)Жүздесудің, бәлки, тілдесудің де сәтіт үсер. Бірақ уақыт көшін

тоқтата алмайсың. Ал «бірнәрсеніөзгертемін»-дімүлдеұмыт, көкем. Ал уақытжоғалтып не қыламыз? Кәнеки, бірпарағынашайық:



2- КӨРІНІС

(Шымылдық ашылады.Бір көш келе жатыр.

(Автор) Бұл бір қазақ тарихындағы Қазақ тарихындағы ауыр кезеңдер еді. Қазақтың әр хандықта бытырап жүрген тайпалары бірігіп, ел болып бірігу мақсатында көштерін бастап Жетісуға келе жатыр. Көш алдында екі кісі, оң жағында жасы егделеу, түрі суықтау кісі жанындағы серігіне әлденені сөз етіп келе жатыр. Ал бұл атақты Керей сұлтан еді. Ал оның серігі орта жастағы, сұлу өңді кісі, жанындағы серігінің әр сөзін байыппен тыңдап, өзінше ой таразысынан өткізіп келе жатыр. Бұл кісі Дешті Қыпшаққа белгілі Жәнібек сұлтан еді.

Кенет Керей Жәнібек сұлтанға қарап, егер бізді барар жерімізді ойдағыдай қарсы алмаса қайтеміз деп тосыннан сұрақ қойды.

Жәнібек: Біз барған жерімізге қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос болса, дос бола алатын, қас болса, қас бола алатын қоныс бермесе, күшпен тартып ала алатын жау жүрек ел екенімізді көрсетіп баруымыз керек

Керей: Дұрыс айтасың Жәнібек, біздің бүгінгі аттанысымыз құр Әбілқайырға өкпелеуден туған аттаныс емес, бұдан жүз жыл бұрын атамыз Орыс хан туын тіккен Ақ орданы қайта тұрғызып, Қазақ деген жеке ел болу аттанысы.

Жәнібек: Ал Орыс хан бабамыздың ақ туын тігетін бізде еке-ақ жер бар. Бірі алтын орда жұрты, Еділ мен Жайықтың ортасы, Екінші жер – ол Орыс хан бабамыз кеше туын тіккен Сығанақ шаһарының маңы.

Керей хан: Жөн айтасың Жәнібек, бірақ алтын орда жұрты малға жәйлі болсада, елі бізге жайлы емес. Түкпірінде Қазан хандығы мен Қырым хандығы бар. Ал екінші жер Сығанақ шаһары маңы дейсіңбе, - бұл ара бізге қолайлы. Қазақтың барлық руларына ортақ мекен. Бірақ бұл күнде бұл жер Әбілқайырдың қолында, түбін көрерміз. Ал әзірге барар жеріміз, Шағатай ұлысы «Моғолстан» Алла жолымызды оңғарсын (әмин).

Көш кетеді.

Автор: Керей мен Жәнібек бастаған 200 мыңға жуық орта азиядағы ер жүрек халық, қазақтарды бастап Моғол хандығы, қазіргі Жетісудағы Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы «Қозыбасы» деген тарихи жерге келіп Қазақ хандығының туын тіккен болатын.

Көрініс.

Жаушы: Уа халайық, құлақ сал, ақ түйенің қарны жарылды, еліміз ел атанып, ту көтеруде. Ендігі жерде өзіміздің жеріміз, өзіміздің ханымыз болады. Қазақтың тұңғыш ханы Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, қазақ деген ұлы халықтың басын қосып, ақ киізге көтерілгелі жатқан Керей сұлтанның атынан хабар әкелдім. Баршаңызды салтанатты рәсімге шақыруда.

Ақсақал: Уа халқымның көсемдері, бүгінгі күн қазақ елі үшін ерекше күн болып отыр, еліміз ту көтеріп өз алдына ел болуда, қазақтың маңдайына біткен тұңғыш ханы Болат сұлтан ұлы Керей ханды ақ киізге көтеріп хан етпекшіміз. Ісімізді тәңірі қолдап, баянды еткей.

Хан сайлау. Ақ киізге көтеріп көкке көтеру.

Керей хан деп барлығы айқайлайды.

Керей: Уа халқым, біз енді бүгіннен бастап қазақ деген ел боламыз, мынау ұлы даламызды жанымыздан артық қастерлеп, қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз, іргесі берік, туы биік бұл ел келер ұрпаққа аманат болсын, ұлы дала елі мәңгілік болғай деп тілейік».

Бастапқыдағы ата мен бала әңгімесінің жалғасады. Олар шығып кеткен соң:


1-жүргізуші: Елім десе бұлақ болып ағылатын, қай кезде де қажет жерден табылатын аптал азаматтар бар. Оларды уақыт таңдайды, өмір шыңдайды. Сыннан өткен ұлға халықтың көңілі көлдей.Тек сол көлдей көңілге теңіздей махаббатыңды төгілдіре біл.

2-жүргізуші: Қалың қазақтың айбынын асырған Керей мен Жәнібек, алаштың туын желбіреткен Абылай туралы айтсақ, түркідүниесінің ата мекенін, бөлшекке түскен қазақ жерін, бөлінге түскен қазақ елін қорғау жолында жан аямаған Алашорданың көсемі Әлихан Бөкейханов ойға оралады. Ол-туған еліне Еділдей еміреніп, Жайықтай жайылған жандардың бірі.

1-жүргізуші: Өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен қазақ зиялылары ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алашорда» үкіметін құрып, «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады.


3-КӨРІНІС Ә.Бөкейхановтың М.Дулатовқа жазған хаты


1-жүргізуші:

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір...

2-жүргізуші:

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,

Тойлапжатырой, қырдадарқанерлер...

Таныпжатыр, мойындапҚазақЕлін

Танығысыкелмейтінтарпаңелдер...

Екеуі бірге:

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!


2-жүргізуші: – Елдос, біздің елбасымыздың ел үшін еткен еңбегі қаншама дейсің?!

1-жүргізуші: – Иә, біздің көреген көшбасшымыз елдің әрқашан бірлікте, ынтымақшылдықта болуын қадағалайды. Ол аталарымыз бен аналарымыздың тыныш ұйықтауына, кішкене бүлдіршіндердің күліп-ойнауына үлкен себепкер. Бір сөзбен айтсам, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, Айтөре!

2-жүргізуші: Ән «Ағатайым»


1-жүргізуші: Қасиетті атажұртымыздың, атамекеніміздің тарихы - шерлі, қасіретті тарих, қанмен жазылған тарих. Бағзы заманғы адамзаттың сырттаны, алтынжалды арғымақ мінген атақты қолбасшы Еділ батырдан бастап, сонымен бірге ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушылары Сырым Датұлы,Исатай-Махамбет, Кенесарының қан кешудегі, нар кешудегі жорықтары Ұлы Даланы қорғау, сақтау емес пе еді!? Ұрпақтар игілігіне қалдырған аманаты, таңғажайып мұрасы, тәңірінің сыйы емес пе еді!?

2-жүргізуші:Менің халқым мәңгілік мақсат жолында алысты-жұлысты,шабысты,қиындыққа төзді. Қатыгездік атаулыны ұлар ұшар Ұлытаудың биігіндей асқақ айбынмен, қара бұлттарды үдере көшірген жойқын дауылдың күшімен қарсы алды. Қобыз сарынымен, таңбалы тау-таспен жеткен көне тарих, міне, осыны баяндайды.


Ән : «Саржайлау»

1-жүргізуші:Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Талай уақыт, талай ғасыр армандап, көксеген ТӘУЕЛСІЗДІК таңы да атты. Бұл қуаныш таңының, шаттық таңының орны алабөтен.

1- жүргізуші: 25 жыл... Иә, көп уақыт емес. Көп уақыт болмаса да, досымыз сүйініп, дұшпанымыз күйінетін жарқын істерді тындыра білдік. Осынша аз уақыт ішінде анау-мынау емес, бір қаланы – ел астанасын тұрғызып тастағанымыз айтарлықтай-ақ ұлы жетістік болды.

2-жүргізуші: «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау уақыт бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынан мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем таниды. Өз топырағымыз – Азияны аттап өтіп, Еуропаның төріне шықтық, төрткүл әлемді өзімізге қараттық.


1-жүргізуші:

Биыл, міне, Тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқалы 25 жыл!

2-жүргізуші:

Биыл, қазақ халқының азат болып, тарих төрінен орын алғанына 25 жыл!


1-жүргізуші:

Биыл, міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз елдің болуы керек: ұлы өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман.

1-жүргізуші: Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел – Қазақстанның болашағы жарқын болсын!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік атты тірегіміз құламасын, қазақтың ұлы мен қызы ешқашанда жыламасын! Жақсы күндерде жолыққанша!


«Атамекен» әні (барлығы қосылып орындайды)


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!