400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. “Зерде” интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайысы. Әдебиет сабағынан оқушылардың қызушылын арттырып, әдебиет пен тілге деген ынтасын ояту мақсатында жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныптан тыс іс-шара сценарийі

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалды сайыс

Мұғалім: Сабырбай Дана

Сынып:7 «Б»

Мақсаты:

1) Білімділік. Оқушылардың жалпы логика бойынша білімін бекіту, топ бойынша жарысу, әр түрлі пәнаралық тапсырмаларды орындау.

2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс  істей алу қабілеттерін  дамыту.

3) Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі: жарыс

Әдіс –тәсілдері:халықтық педагогика құралдары: ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.

Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта,  эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар.

Сабақтың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар!

«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық!

Ең алдымен оқушыларымызды топқа бөліп, орнына жайғастырайық.

Жарысқа 3 команда қатысады «Ойшылдар» және «Тапқырлар» «Білгірлер» командасы.

Ендеше сайыс ержелерімен таныстыра өтейін:

Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті командасын анықтау;

Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

1-сайыс «Ширату»

2- сайыс «Теңге алу»

3-сайыс «Кім жылдам?»

4- сайыс «Кино сандық»

Әр топ 1 мин ішінде 1-2 тамақ ұран құрастырады.

Жарысымызды 1-кезең «Ширату» сайысымен бастайық.

Сұрақ топтың әр  мүшесіне қойылады сұраққа тез арада жауап беру керек.1 ұпаймен бағаланады.

3-командаға:

  1. «Ер Төстік» ертегі ме ? (иа )

  2. Абайдың шын есімі ? ( Ибрагим)

  3. Қарама-қарсы мағынасы бойынша сөздер. ( антонимдер)

  4. Қазақ тілінде қанша әріп бар? ( 42)

  5. «Көксерек» әңгімесінің авторы? (М.Әуезов)

  6. Қазақ әліпбиін құрастырушы? ( А.Байтұрсынұлы)

  7. Жақсы сөз...? (жарым ырыс)

  8. Зат есім сұрақтары? (Кім? Не?)

  9. Алғаш мектеп ашқан ұстаз? ( Ы.Алтынсарин)

Сайысымыздың  2-кезеңі « Кім жылдам?» деп аталады.

Жүргізуші мақал – мәтелдердің бастапқы сөйлемін оқиды, ал сигналдық картаны алғашқы көтерген бала жалғасын айтады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі

Жақсыдан үйрен…

Жері байдың…

Әдепті бала…

Оқу – білім бұлағы,….

Отансыз адам….

Еңбектің наны тәтті,…

Бір тал кессең,…

Жауынменен жер көгерер,..

Жарысымыздың  3-кезеңі « Теңге алу» деп аталады.

Теңге алу — қазақ ұлттық ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Бұл ойын ат спортына жатады. Теңге алу ойыны тақтада өткізіледі. Ендеше мұқият мына тиындарға қараймыз. Балалар неше теңгеліктерді көріп тұрсыңдар, яғни әр теңгеге берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, сонша ұпай санын иеленесіңдер!

1 теңге – «Сұлу» сөзінің синонимін «әдемі, көрікті»

5 теңге – - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жатады? «көптік жалғау »

10 теңге – «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз? «батыр»

15 теңге – БОНУС+2

20 теңге – Қазақ халқының ежелгі баспанасын атаңыз? «киіз үй»

30 теңге- Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз ... - ормансыз бұлбұл» « адам»

4-айналым «Кино сандық»

Бұл айналымда мұғалім фото-жұмбақ ретінде кино жасырады, оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, айтулары керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты таңдап, шешуін айтады.

1 топ

Тақия+бойдақ+ ана= «Тақиялы періште» фильмі

2 топ

Пионер+ бұзық+ Сұлтан =«Менің атым- Қожа» фильмі

3 топ

Жебе + «Гакку»+ сәукеле =«Қыз Жібек» фильмі

Қортындылау

Осымен сайысымыздың төрт кезеңі де аяқталды.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Оқушылар марапатталады.

Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
17.12.2023
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі