Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыстардың бірі үйірменің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмысы арқылы биология мен музыка пәнінің өзара байланысы көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыстардың бірі үйірменің рөлі.

/Сыныптан және сыныптан тыс жұмыстар/

Мақсаты:

Сыныптан тыс жұмыс түрлері туралы анықтама беру. Сыныптан тыс жұмыстары арқылы шығармашылық ізденістерді дамыту,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстары арқылы биология мен музыка пәндерінің байланысын көрсету.

Міндеттері:

Шығармашылық ізденіс жұмыстарын дамыту.

Белсенді қозғалыс пен қызығушылық әрекетті қалыптастыру.

Өзара қарым-қатынасты нығайту.

Жұмыс барысына қойылатын басты талап:

-ұстаз біліктілігі;
- ұстаздар арасындағы қарым - қатынас;
Тақырыптың өзектілігі: Өсімдіктер мен жануарлардың есту қабілеттерінің құпиясын зерттей отырып, биология мен музыка пәндерінің байланысын ашу. Алдағы уақытта ұқсас емес пәндерді байланыстыра отырып,кіріктірілген үйірме жұмыстарын жүзеге асыру

Күтілетін нәтиже

Ғылыми дәлелдемелер арқылы жұмыс жасауға үйренеді.

Ойлау,есту қабілеттері артады.

Өз жұмысын қорытындылауға үйренеді.

Зерттеу жұмыстың алғашқы баспалдағы биология мен музыка пәндерінің байланысы туралы мәліметтер жинақтаудан басталды.Осы мақсатта біз мектеп кітапханасынан оқу,іздестіру жұмыстарын жүргіздік.

Зерттеу жұмыстың келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып бейнесюжеттерді іздестіру мақсатында ғаламторға кірдік.Алынған сюжеттерді көріп біздер дәлелденген ғылыми ашулардың нәтижесін көріп жұмыс жүргізе бастадық.

Кіріспе бөлімі

Бүгін білім саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, бастауыш сатыдан бастап ғылыми - зерттеушілікпен айналысуға баулу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты
. Ерекшелік пен қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында үзбей бақылау жүргізу керек.Бүгін біз биология пәні мұғалімі Қымбат Мұхамбетрахымқызымен біріге отырып,сіздерге екі пәннің байланысын ашып көрсетпекпіз.Зерттеу жұмысына қойылатын басты талап.....

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады. Ол төменгі

жастағы оқушылардың өз еркіне, инициативасына, белсенділігіне негізделеді. Оның мазмұны оқу бағдарламасынан асып түсуі де мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда оқушылардаң алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Оқу тәрбие үдерісіндегі сыныптан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарылайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттарын жүзеге асырушы осы сыныптан тыс жұмыстар. Қазіргі таңда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгерістер оқушыларға өзіндік жұмыстар арқылы оқыту үдерісіндегі білім, білік, дағдыны ары қарай жетілдіру мәселесі; бірте-бірте 2014 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүйесіне көшу; Білім мазмұнын әлемдік оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда. 
Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін Р.Ж.Қоянбаев , З.Абилова, К.Б.Бозжанова , Е.Омар, С.Нұрмағанбетов т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырады. 
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері:

сыныптан тыс оқу сабағы, кеш, диспут, оқырмандар конференциясы, семинар, ауызша журнал, үйірме жұмыстары, интеллектуалды тапқырлар кеші,сайыс,кездесу кештері,түрлі жарыстар,ертеңгілік,пәндік кеш,концерт,фестиваль,танымдық ойындар т.с.сияқты сыныптан тыс жұмыстар.

Сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларының ішіндегі негізгісі ұйымдасқан формасы үйірме болып табылады.Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысының мақсаты - сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындау қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді. Үйірме-ерікті ұйым. Үйірменің мүшесі ретінде адам күні бұрын жасалған белгілі бір ережелерді сақтауы тиіс. 
Үйірменің әрбір мұшесі: 
1. Белгілі бір тақырып бойынша жұмыс істейді; 
2. Жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі; 
3. Жұмысты ақырына дейін жеткізеді; 
4. Бақылаулар мен тәжірибелер күнделігін жүргізеді; 
5. Үйірме сабақтарына тиянақты қатысады және үйірме жетекшісінің тапсырмасын орындап отырады; 
6. Істелген жұмыс туралы есеп береді.
Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.
Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Бізде кіріктірілген сабақ түрі бар,біздің ойымыз үйірме сабақтарында да осындай кіріктірілген сабақтар болса.Ол қалай жүзеге асар еді?

Зерттеу бөлімі

Бейне сюжет №1 Көпшілікте мынадай проблемалық сұрақ туындайды.

Музыка пәнінің биология пәнімен байланысы қандай?

Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ” деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң - зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқы мен салт - дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, әрі - беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім - қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат - шадыман ғұмыр кешкені; егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне - өзі сенімді де табанды болғаны; егер қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы, жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп - бұрмаланған, жанығып – жан ұшырған, ырду - дырду әуен бел алса, онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны” (Трактат о музыке юэшу) – Исторические записки (”Ши цзи”. М., 1986. ІV том. 74, 81, 82 – б.). Сөйтіп, Сыма Цянь халықтың музыкасы арқылы олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады. Биология(грекше βιολογία - βίος, bios, "өмір"; және λόγος, logos, "ғылым") - жаратылыстануғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жербетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
Бейне сюжет №2

Яғни,музыканың барлық тіршілік иесіне әсері өте зор.Мысалға,өсімдіктер әлемін алайық.Бейне көріністен байқағанымыздай өсімдіктің өсу жасушаларына әуен әсер етеді.Скрипка аспабында қандайда бір әуен ойнаған уақытта өсімдік жасушалары жылдам өсіп жетілуге ұмтылса,әуен бір сәт тоқтаған уақытта өсімдік жасушалары тез жетілуін тоқтатады.Ал енді осы зерттеуімізді ары қарай іздестіре түссек.Әр түрлі жанрдағы музыкалардың тіршілік иелеріне әсері қандай?

Бейне сюжет №3

Қорытынды бөлім

Осы бейне сюжеттердің оң нәтижесін көре отырып бізде мынадай ұсыныстар туындап отыр.Алдағы уақытта осы музыкамен биология пәндерінің байланысын арттырып,жұмыс жасау дағдысын қалыптастырсақ.Ғылыми-шығармашылық ізденіс,зерттеу жұмыстарын кіріктірілген үйірме сабақтары ретінде қолға алсақ.Осындай пәнаралық байланыс тұрғысындағы жұмыстарды үйірме сабақтарының бірігуінде жүзеге асырсақ,сөз жоқ оқушылардың қызығушылықтары жоғары деңгейде артады.

Қорытындылай келе, оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады. 

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Бөлеев Қ. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. –Тараз: ТарМПИ, 2011. -75 б. 
2. Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Болашақ мұғалімдерді 12 жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы. Тараз: ТарМПИ, 2011. 10 б. 
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - А.: Атамұра, 2002. 
4. Абилова З. Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру. –А.: Рауан, 1976. 
5. Бозжанова К.Б. Оқушылармен кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. /16-лекция/. – А.: Мектеп, 1980. 
6. Омар Е.О. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы және дамуы (1917-1990 жж.) п.ғ.д. дисс. автореф. Алматы, 2002. 
7. Нұрмағанбетов С., Очинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. – А.: Мектеп, 1969.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12