Сыныптан тыс жұмысы "Спорт – біздің досымыз!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмысы "Спорт – біздің досымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру. Қажетті құралдар: кедергілер, қапшық, қаламсап, тәрелке, қасық, шырпы талдары. Барысы:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі












«Спорт – біздің досымыз!»

Сыныптан тыс жарыс сабағы







Сыныбы: 1-4

Өткізген: Хусаинов Б.Б.









\








Қарасу, 2016 ж


Тақырыбы: «Спорт – біздің досымыз!»

Мақсаты: оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.

Қажетті құралдар: кедергілер, қапшық, қаламсап, тәрелке, қасық, шырпы талдары.

Барысы:

  1. Кіріспе сөз

  2. Спорттық жарыс

  3. Қорытынды сөз

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! «Спорт – біздің досымыз!» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салаутты, өркениетті білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушылары арасында өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,

Жарысты біз бастайық,.

Әділ қазы алқасын,

Қошеметпен таныстырайық!

Жарысты бастамас бұрын ойынымызды бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырайық. 1) Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байжанова Роза апай , 2) Жасұлан және Жасқыран ұйымының аға жетекшісі Арғынғазина Салтанат апай

Сайыс шарттары: 1.Таныс болайық. 2. Кім жүйрік? 3. Кім тапқыр? 4. Сыңарын тап

5. Балық аулау 6. Поезд 7. Аққояндар 8. Сурет сал 9.Әтештер қақтығысы

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болсақ, енді әрі қарай ойынымызды бастайық.


  1. Таныс болайық:


«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты, Бәрін жеңіп шықты 

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз

.

  1. Кім жүйрік?

Ойын шарты: Допты аяқ арасынан өткізіп, соңғы адам алдыға келіп ойын жалғастырады. Яғни, бастапқы ойыншы орнына келгенше ойын жалғаса береді. Бұнда жылдамдық есептелінеді.

  1. Кім тапқыр?

Ойын шарты: Кедергілер арқылы жүгіріп барып, әр ойыншыға берілген есептің жауабын шешіп, кедергілер арқылы кері қайту.

  1. Сыңарын тап.

Ойын шарты: Қазша басып кедергілермен жүріп өтіп, өз аяқ киім сыңарын мешок ішінен тауып, кері кедергілермен қазша жүріп қайту.

  1. Балық аулау.

Ойын шарты: Тарелке ішіне су құйылып, ішіне шырпы талын салып қоямыз. Қасықты ауызға салып, қолдарын артқа қойып кедергілер арқылы жүгіріп барып, тарелке ішіндегі шырпы талын қасықпен алып қайтып өз тарелкелеріне салу керек.

  1. Поезд.

Ойын шарты: Топ басшысы өзі кедергілермен жүгіріп барып келеді де бір-бірлеп тобындағы ойыншыларды тіркеп кете береді. Бірақ вагондарын тастамайды тобы біткенше.

  1. Аққояндар.

Ойын шарты: Қапшық киіп алып кедергілер арқылы секіріп қайту.

  1. « Сурет сал » кезеңі
    Әр команданың алдына ақ парақ беріледі. 2 минут уақыт беріледі. Әр қайсысы бір–бірлеп ҚР мемлекеттік рәміздерінің суретін салады, кімдік жақсы шығады, сол жақсы бағамен бағаланады.

  2. Әтештер қақтығысы.

Екі командадан бір-бірден екі оқушы шығады. Бір аяқтарын көтеріп, иықтарын тірестіріп тұрып, белгі берген кезде текетіресті бастайды. Сызықтан асып кеткен ойыншы жеңіліс табады.


Сайысымыз аяқтала келді енді сөз кезегін әділқазыларға берелік.

Құрметті сайыскерлер жеңістерің құтты болсын, әрқашан денсаулығымыз мықты болсын. Бүгінгі «Спорт - біздің досымыз!» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.






































«Спорт – біздің досымыз!» сыныптан тыс жарыс сабағының есебі


Бастауыш сыныптардың онкүндігіне орай 1-4 сыныптар арасында «Спорт – біздің досымыз!» атты сыныптан тыс жарыс сабағы өткізілді. Жарысқа 1-4 сынып оқушылары араласып 3-топ құрылды. Жарыс 9 кезеңді қамтыды.

  1. Таныс болайық кезеңінде әр топ өздерін таныстырды.

«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!

«Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты, Бәрін жеңіп шықты 

«Барыс»тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз

  1. «Кім жүйрік?» кезеңінде оқушылар допты аяқ арасынан өткізіп, соңғы адам алдыға келіп ойын жалғастырды. Яғни, бастапқы ойыншы орнына келгенше ойын жалғаса береді. Бұнда жылдамдық есептелінеді.

  2. «Кім тапқыр?» кезеңінде кедергілер арқылы жүгіріп барып, әр ойыншыға берілген есептің жауабын шешіп, кедергілер арқылы кері қайту.

  3. «Сыңарын тап» кезеңінде қазша басып кедергілермен жүріп өтіп, өз аяқ киім сыңарын мешок ішінен тауып, кері кедергілермен қазша жүріп қайту.

  4. «Балық аулау» кезеңінде тарелке ішіне су құйылып, ішіне шырпы талын салып қоямыз. Қасықты ауызға салып, қолдарын артқа қойып кедергілер арқылы жүгіріп барып, тарелке ішіндегі шырпы талын қасықпен алып қайтып өз тарелкелеріне салу керек.

  5. «Поезд» кезеңінде топ басшысы өзі кедергілермен жүгіріп барып келеді де бір-бірлеп тобындағы ойыншыларды тіркеп кете береді. Бірақ вагондарын тастамайды тобы біткенше.

  6. «Аққояндар» кезеңінде қапшық киіп алып кедергілер арқылы секіріп қайту.

  7. « Сурет сал » кезеңінде әр команданың алдына ақ парақ беріледі. 2 минут уақыт беріледі. Әр қайсысы бір–бірлеп ҚР мемлекеттік рәміздерінің суретін салады, кімдік жақсы шығады, сол жақсы бағамен бағаланады.

  8. «Әтештер қақтығысы» кезеңінде екі командадан бір-бірден екі оқушы шығады. Бір аяқтарын көтеріп, иықтарын тірестіріп тұрып, белгі берген кезде текетіресті бастайды. Сызықтан асып кеткен ойыншы жеңіліс табады.

Жарыс соңында 1-топ 1-орын, 2-топ 2-орын, 3-топ 3-орынға ие болды.



Picture 1 Picture 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі