15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс мерекелік іс-шара «Білгірлер мен білімпаздар!»
Сыныптан
тыс мерекелік іс-шара «Білгірлер мен
білімпаздар!»
Мақсаты:
-оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;
-өздігінен ізденуге, ойлануға , ойларын мемлекеттік тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
Функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
Ой -өрісін, тілін, ойлау қабілетін шыңдау;
Шығармашыл,белсенді, бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, желімдер, сызба,
маркерлер, ватман, қайшы
Іс-шара түрі: зияткерлік
ойын.
Іс-шараның
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Жүргізуші:
-
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан
тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық
табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі
дамыған,
Ұландардан үлгі алайық,
балалар!
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің
болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7-9
сынып оқушыларының арасында«Білгірлер мен білімпаздар!»
атты зияткерлік ойынын өткізгелі
отырмыз.
Көңілді тапқыштар,
алғырлар,
Бар өнерін
алдарыңа салады.
Кім
білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн
жеңімпазы болады.
Олай болса,
әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке
бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар
сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап
әділдікпен шеше біл! дей отыра,
сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділқазы
алқаларымен танысайық!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері - Шаймерденова Әсемгүл Мұхаметәліқызы
Нұрмақанова Гүлжанат Есенжолқызы
Шонаев
Нұрсұлтан Сәкенұлы
- Бүгінгі
зияткерлік ойынымыз қасиетті 7 санына сәйкес 7 бөлімнен тұрады.
Сондықтан баршаңызды осы 7 кезеңмен таныстыра
кетейін.
1.«Ұшқыр ойшылдар!» «Қарлығаш» сөзінен 2
минутта бірнеше жаңа сөз жасау
2. “Қас
– қағым сәтте” 5 сұраққа тез жауап
беру
3.“Тұлғаны
тани біл” Ұлы адам туралы берілген ақпарат арқылы суретін көрсетіп,
атақты тұлғаның аты-жөнінайтып, бір өлеңінен үзіндіні жатқа
айту.
4.
«Шебердің қолы алтын» «Киіз үй макетін жасау» 15-20
минут
5.«Ойлы
болсаң, озып көр!» логикалық жұмбақтар әр топқа 2
жұмбақтан
6. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» берілген мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел тауып қорытындылау.
7. «Білгірлерміз!»
Жіктеуге болмайтын сөздерді анықтау.
Жүргізуші:
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле беру
емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы
сайыста жеңіске жет,
Білімді,
әрі білікті жас жеткіншек
- деп
сайысымыздың 1 - бөлімін бастауға рұқсат
етіңіздер!
І кезең.
«Ұшқыр ойшылдар!»
«Қарлығаш» сөзінен 2 минутта бірнеше сөз жасау. Қай топ ең көп жаңа сөз ойлап табар екен.
Әділқазылар
әділ шешім қабылдасын.
ІІ – кезеңіміз “Қас –
қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста
әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 3 ұпаймен
есептеледі.
Сонымен,
топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды
жалғастырамыз.
1 - тобы:
1. Қыстың
екінші айын ата.
2. Жай
сөйлем айтылу мақсатына қарай неше топқа бөлінеді?
3. Қазақ
тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
4. Биыл
Тәуелсіз Қазақстанға неше жыл?
5. Жиренше
деген кім?
2 - тобы:
1.
Мемлекеттік тудың авторы ?
2.
Көктемнің бірінші айы?
3. Меншікті
білдіретін жалғаудың түрі ?
4. А.
Құнанбаев кім?
5. Мақал-мәтелдер қандай әдебиетке
жатады?
3 -
тобы:
1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қалай
атаймыз?
2. Нағашы деген
кім?
3. Жылқының сүтін қалай
атаймыз?
4. Әнұранның сөзін жазған кім?
5. Кіші
жүздің «төбе биі»кім?
ІІІ кезең «Тұлғаны тани біл!» (интербелсенді тақтада қазақ халқының атақты тұлғаларының суреттері. «Бұл кім?»

1.Ол Солтүстік Қазақстан облысында туған. Оның әкесінің аты-Бекен. Бұл ақын Отан, махаббат, ана, өмір туралы тамаша өлеңдер жазған.Өлеңдері «Мен жастарға сенемін», «Қарағым», «Анама» т.б. Ол Сталиндік репрессиясының құрбаны болған. Ол кім?
2.Қазақтың талантты ақыны. Ақпан айында Алматы облысының Нарынқол ауданында туған . Ол ХХ ғасырда өмір сүрген. Оның «Үш бақытым» деген өлеңі бар. Ол кім?
3.Қазақты бүкіл әлемге танытқан. Ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынын шебер ойнаған. Әжесі мен анасының тәрбиесінде болған. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Оспан деген інісі болған.
Ол кім?
IV кезең «Шебердің қолы алтын» (Киіз үйдің макетін жасау) біз бұл сайысқа 15- 20 минут береміз.
Әділқазылар бағалау критерий алдарыңызда, бағалауларыңызға болады.
(Бұл уақытта көрермендермен , жанкүйерлермен жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешеміз)
V кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»
Әр топқа 2 жұмбақтан беріледі, ойлануға 2 минут.
1. Бір арбаға жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (27 км жүрген)
2. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)
1. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді)
2. Бір – бірімен жарысқа,
Бес аю, бір арыстан
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
1. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)
2. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)
VI кезеңіміз - «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»
Топ мүшелері үш түсті конверттің бірін таңдап алады. Бұл конверттегі мәтінді мұқият оқып, мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтел айтулары керек.
Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін
жасау керек.
«Алты түлкі»
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен.
Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта
шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп
ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп,
қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі.
Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып
қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін
болыпты.
«Күлме
досқа келер басқа» немесе .................
«Атасы мен
немересі»
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды,
ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы
кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман
дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін
болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды.
Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп
жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен
екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып
беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ
беруді қояды
(Әкеңе
не қылсаң, алдыңа сол келер) немесе
...........
«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас».
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір
тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп
жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға
да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп,
Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан
тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан
Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген - ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши
бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті. Шибұттың даусын естіп,
Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым - ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп
кетіпті
(Ұрлық -
түбі қорлық) немесе
.............
VII кезеңіміз «Білгірлерміз!» деп аталады.
Интербелсенді тақтада берілген сөздердің ішінен жіктеуге болмайтын сөздерді анықтаңдар.
Телефон, мұғалім, кітап, ұшқыш, сызғыш, машина,үлкен, әдемі, әдепті,үй
Қорытындылау
кезеңі
Қазылар алқасы әр топтың ұпайларын айтады. Ерекше білімдерін
көрсеткен балалар топтарымен бірге мақтау қағаздарымен және
сыйлықтармен марапатталады.
Құрметті, балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген