Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ . Тақырыбы: "Тіл білгірі" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тіліне деген оқушылардың сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің мерейін асыру. Ауыз әдебиетінің түрлерінің мән-мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңдіру. Тілді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі»

Сабақтың мақсаты: Қазақ тіліне деген оқушылардың сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің мерейін асыру. Ауыз әдебиетінің түрлерінің мән-мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңдіру. Тілді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,суреттер,дидактикалық материалдар.

Кіріспе сөз: Туған тілім, бабам тілі- өз тілім,

Туған тілім, анам тілі- өз тілім.

Туған тілім, далам тілі-өз тілім,

Туған тілім, адам тілі- өз тілім - деп ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай бүгінгі сайыс сабағымыз қазақ тілінің мерейін асқақтату мақсатындағы «Тіл білгірі» сайыс сабағына арналады.

Тіл сайысын өткізудегі негізгі мақсатым басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын арттыру.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Тіл білгірі» сайыс сабағына қош келдіңіздер! 1-топ «Сұңқарлар», 2-топ «Тұлпарлар» Әділ-қазыларды сайлап алайық. Сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырайын.

Бүгінгі сайысымыз сегіз кезеңнен тұрады:

  1. Таныстыру, сәлемдесу (топтың аты, ұраны)

  2. Зымыран сұрақтар (қазақ тілінен әр топқа бес сұрақтан қойылады)

  3. Ойлы болсаң, озып көр (сөздердің қазақша аудармаларын айту)

  4. Жұмбақ сандық (әр топқа бес жұмбақ жасырылады)

  5. Тапқыр болсаң, тауып көр (мысалдардағы түсіп қалған әріптерді тез табу)

  6. Жүйрік болсаң, шауып көр (буындардан сөздер құрау)

  7. Мақал- сөздің мәйегі (мақалдың жалғасын табу)

  8. Топ басшылар сайысы (топ басшылар сөздерді тәуелдейді)

Сөз әділ-қазыларға беріледі. Жеңген топ марапатталады.



Қорытынды сөз: Әуездісің, әдемі тіл елімнің.

Әуенісің ұлан-байтақ жерімнің.

Самғай берсін шартарапқа өр үнің- деген тілекпен тіл апталығына арналған «Тіл білгірі» сайыс сабағын аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
1473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12