Сыныптан тыс сабақ: Абай әлемінде

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ: Абай әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай әлемінде тақырыбында сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлемінде"

Тәрбие сағатының мақсаты:

 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, викторина

 Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Техникалық жабдықталуы: компьютер, проектор

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән

Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.

                  

 Барысы

I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Топқа бөліну

Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы  3 топқа бөлінейік

Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше ,-Балалар, осы ағымдағы 2025 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Солардың бірі – ұлы Абайдың туғанына 180 жылдық мерейтойы. Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы  болып қала береді.

-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

  1-жүргізуші:  Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...

2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлемінде" деп аталады

II. Ой шақыру  (әр топ өздерінің ұранымен таныстырады)


1-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,  Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

Абай Құнанбаевтың өмірбаянына шолу жасайық

Оқушылар Абайдың өмірбаянынан деректер келтіреді, қойылған сұрақтарға жауап береді.

1. Абай Құнанбаев кім?

2. Абай қай жылы, қайда дүниеге келген?

3. Абайдың шын аты кім?

4. Әкесі Семейге оқуға жібергенде Абайдың жасы нешеде еді?

5. Абайдың оқыған орындарын ата.

6. Абай неше өлең жазған?

7.Абайдың қанша қара сөзі бар?

8.Абайдың пікірлес орыс досы кім болған?

9.Абайдың білімнің маңызын насихаттайтын шығармасы қалай аталады?

10.Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

2-жүргізуші: Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.

1-жүргізуші: Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

8 «А» сынып оқушыларының орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң » әндерін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

 Арманын аттандырып келешекке,

  Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

  Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

   Жауына найза сөзін шанышқан кім?    

 Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

  Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

 1-жүргізуші: - Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз білеміз. Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп мақал-мәтелдерге кезек берейік


:- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Артемьева Александра жатқа оқып береді.

«Жасымда ғылым бар деп,ескермедім» өлеңін Естай Фатима жатқа оқып береді.

"Әлемге танылған Абай" атты викторинасына қатысуға шақырамыз

Сіз не дейсіз? ( Әр топтан «Иә» немесе «Жоқ» деп Абай туралы сұрақтарға жауап  береді)

  1. Абай шаруа отбасында дүниеге келген?

  2. Абайдың шын есімі -Ибраһим

  3. Абайдың қырық алты қара сөзі бар?

  4. Абай лирик ақын?

  5. "Ғылым таппай мақтаңба" Абайдың шығармасы

  6. "КӨКСЕРЕК" Абайдың шығармасы?

  7. Абай Тобықты руынан шыққан?

  8. Абайдың алғашқы махаббаты?

  9. "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы Абай Құнанбайұлы

  10. Абайдың анасы- Ұлжан


1-жүргізуші:  Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.

2-жүргізуші:   Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың  қалдырған із ешқашанда өшпек емес.


ҚОРЫТЫНДЫ

Мұғалім:Ал менің сендерге тілейтінім Сендер оқып жүрген білім ордасы-біздің мектебіміз де осындай ұлы тұлғаның  есіміне ие.Ендеше осы құрметке бәрімізде лайық болайық дегім келеді

      Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны.  Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.

Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын

- Осымен сабағымыз аяқталды, Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі