400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ: "Білімді мыңды жығар"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті мұғалімдеріне, 5-8 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 18.02.19

Сыныбы: 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Білімді мыңды жығар...»

Сабақтың мақсаты: Айтылым, тілдесім, сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

a) Білімділік: оқушыларға қызықты ойындар арқылы оқушылапдың білімдерін кеңейту

ә) Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту

б) Тәрбиелік: Оқушыларды практикалық жұмыс барысында ұқыптылыққа, сыйластыққа, елжандылыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: зерделі сұрақ – дәлелді жауап, топтастыру әдісі, постер, АКТ

Сабақтың көрнекілігі: таратпа қағаздар, интербелсенді тақта, түрлі-түсті фигуралар

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру

- Амандасу

- Топқа бөлу

  1. Негізгі бөлім

1 – айналым

2 – айналым

3 - айналым

  1. Қорытынды

- Марапаттау

- Рефлексия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Әртүрлі фигуралардың артына сандарды жазып, соларды таңдату арқалы 3 топқа бөлемін. Әр топ өздеріне ат қойып, топ басшысын «балық» әдісі арқылы сайлайды. (3 мин)

ІІ. Негізгі бөлім.

1-айналым. Кестеден тақырыпқа байланысты сөздерді табу: Мұхтар, Әуезов, Жетім, Аққасқа, Абайтанушы, Көксерек, Абай Жолы, Қорғансыздың күні, Бөлтірік, Құрмаш. (7 мин). Әр сөз 1 балл.

2-айналым. Класстер қорғау. Егер толық жауап берілсе 10 ұпай, толық болмаса 5 ұпай, мүлде толтырылмаса 0 ұпай. (5 мин)

3-айналым. «Жүйріктен жүйрік озар – жарысқанда»

1.10. Қасқырдың іні қай жерде орналасқан? (Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар)

2.10. Автор адамдарды қалай сипаттайды? (Жат иісті, екі аяқтылар, көргіш көздер)

3.10. Інде неше күшік болды? (Інде 7 күшік болды)

1.20. «Көксеректің ауылға келуі» бөліміндегі «екі аяқтылардың» қасқырдың күшіктеріне жасаған іс-әрекеттерін анықта (7 күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, 2 кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті)

2.20. Әңгімеде Көксеректің мінезі қалай сипатталады? Неліктен екенін түсіндір (Шыдамды (ауыл иттері талап жатса да қыңқ етіп ауырсынған дыбысын шығармайды); Намысшыл (талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпейіп тұрып алады))

3.20. Үлкен қасқыр болып ұлғаюының белгісін автор қалай сипаттайды? (Күйленіп, нық семізіп, орасан болып өсе бастады)

1.30. Көксеректі кім және қалай жаралады? (Басына ақ ораған түйе үстіндегі кісі мылтығымен жаралады)

2.30. Көксерек пен Құрмаштың ақырғы кездесуі қалай болды? (Көксерек қойға шабады. Қойшы орнына жүрген Құрмаш боз атпен бастырмалатын жетіп келіп, Көксеректің жотасынан жеңіл ағашпен ұрып қалады. Сол кезде арндай ашылған аузымен тонының шеті аузына ілігіп, жұлып баланы жерге түсіреді. Көксерек ырылдап тұрып басын шайқап өткенде баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті)

3.30. Аққасқа қалай суреттеледі? (Бойы қасқырдан кіші емес; аяқтары да жуан; тұлғасы қасқырға ұқсас; түсі – қасқыр түтес; дене жүні –ақсарылау, маңдайы-қасқа; екі көзі шарасынан шығып тұрғандай үлкен; үнемі от шашып тұратын қызыл көзді)

ІІІ. Қорытынды.

Міне, қымбатты сайыскерлер, сайысымыз да аяқталып, тұлпарларымыз да өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарымыз да анықталар сәт туды. Бүгінгі сайыста әрбір топ мүшелер өз білімдеріңді көрсетіп, туған жерге, елге, тарихымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсете білдіңдер деп ойлаймын. Болашақта білімдеріңді бұдан да ары жетілдіріп, егеменді еліміздің ұлағатты ұрпақтары бола беріңдер!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі