Материалдар / Сыныптан тыс сабақ "Дарындылар додасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ "Дарындылар додасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
449
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үйірме: "Дебат"

Сайыстың мақсаты:

білімділік: оқушылардың үйірмеден алған білім-білік дағдыларын байқау, білімдерін сынау; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту; жан-жақты болуға үйрету;

дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ізденуге тәрбиелеу; жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік: туған тілімізді құрметтеуге шақыру; бірін-бірі тыңдай білуге үйрету; мәдениеттілікке баулу.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Үйірме оқушыларының арасында өткелі тұрған "Дарындылар додасы" атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер! Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін"- деп қадап айтқан болатын. Болашақта еліміздің бақ жұлдызын жағатын, ел тізгінін қолға алар ұл-қыздарымыз бүгін міне сіздердің алдарыңызда сайысып, өз білімдерін сынамақшы. Ендеше іске сәт дейік!

Сайыскерлер:

1.

2.

3.

4.

Мұғалім: Сайыскерлерімізбен таныс болдық, енді сайысымызға көшейік. Додамыз 5 кезеңнен тұрады.

  • І кезең - «Бәйге»

  • ІІ кезең - «Тіл-өнер»

  • ІІІ кезең - «Ғажайып алаң»

  • IV кезең - «Сөзмерген»

  • V кезең - "Жорға"

Әр сайыстың шартымен ойын барысында таныстыратын боламыз. Ал әзірге І кезең "Бәйгенің" шарттарын түсіндіріп өтейін. Сайыскерлердің барлығына ортақ 15 сұрақ оқылады. Жауап берген оқушыға ұпай беріліп отырады, соңында көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі. Сұрақ бір рет қана оқылады, сондықтан мұқият тыңдаңдар!

Сайыскерлеріміз дайын болса, бастайық!

І кезең - "Бәйге"

"Бәйге" кезеңінің сұрақтары

1. Cөз таптарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
1. лексика
2. фонетика

3. морфология
4. синтаксис

2. “Адамдық борышың” атты өлеңнің авторы кім?
1. Абай
2. Шәкәрім
3. Мағжан
4. Сұлтанмахмұт

3. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
1. 7
2. 8
3. 9
4. 10

4. Еламан, тентек Шодыр, Курнос Иван, Мөңке қай шығарманың кейіпкерлері?

1. Ә. Нұрпейісов “Балықшылар”
2. Б. Момышұлы “Жауынгердің тұлғасы”
3. Ғ. Мүсірепов “Жапон балладасы”
4. Ш. Мұртаза “Тұтқын бала”

5. Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы арқылы танылатын құбылыс, ұғым атаулары:
1. деректі зат есім
2. қатыстық зат есім
3. сапалық зат есім

4. дерексіз зат есім
6. “Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың...” Үзінді кімнің қай өлеңінен алынған?
1. М. Жұмабаев “Қазақ тілі”
2. І. Жансүгіров “Анам тілі”
3. М. Мақатаев “Үш бақытым”
4. С. Торайғыров “Мен - қазақ”

7. Қазақ тілінде сан есімнің қанша мағыналық түрі бар?
1. 7
2. 6
3. 5
4. 4

8. М. Мақатаевтың “Анау – аспан, мынау - бақ” өлеңінде қай мезгіл суреттеледі?
1. жаз
2. көктем
3. қыс
4. күз

9. “Орынбасар” сөздер деп қай сөз табына қатысты айтылады?
1. үстеу
2. етістік
3. есімдік
4. шылау

10. Ш. Мұртазаның “Тұтқын бала” шығармасындағы басты кейіпкер кім?
1. Қожаберген
2. Тұрар Рысқұлов
3. Қайрат Рысқұлбеков
4. Еламан

11. Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға қатынасын білдіретін етістіктің ерекше категориясы:
1. етіс
2. тұйық етістік
3. есімше
4. көсемше

12. Алғашында “Өзім туралы повесть” деп аталған Б.Соқпақбаевтың әйгілі шығармасы:
1. “Менің атым - Қожа”
2. “Балалық шаққа саяхат”
3. “Бұлақ”
4. “Дала жұлдызы”

13. “Әкел” сөзі күрделі сөздің қай түріне жатады?:
1. қысқарған сөз
2. тіркескен сөз
3. кіріккен сөз
4. қос сөз

14. Ғ. Мүсіреповтің “Жапон балладасында” ненің әңгімесі жоқ?
1. Көздің әңгімесі
2. Арқаның әңгімесі
3. Тастың әңгімесі

4. Қолдың әңгімесі

15. “Қанмен жазылған кітаптың” авторы, жауынгер жазушы кім?
1. Ә. Сәрсенбаев
2. Б. Бұлқышев
3. Б. Момышұлы
4. Қ. Аманжолов

Мұғалім: Осымен І кезең аяқталды. ІІ кезеңге көшейік. Ескерте кететін жайт: бұл кезеңнен кейін ұпайы аз 1 сайыскермен қоштасуымызға тура келеді. Екінші кезең "Тіл-өнер" деп аталады. Бұл кезеңде сендерге мақал-мәтелдер оқылады. Олардың ішінде бір сөз түсіріліп айтылады. Сол сөзді тауып, орысша баламасын айту керексіңдер. Сөзді тапқан болсаңдар - 5 ұпай, аудармасы үшін - тағы 5 ұпай аласыңдар. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық!

ІІ кезең - "Тіл-өнер"

1. ... тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады (Тіл - язык)

2. Айтылған ... атылған оқпен тең (Сөз - слово)

3. ... көтермегенді тіл көтереді (Піл - тіл)

4. ... қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ (Шебердің - мастер)

5. ...жұрттың тілін біл,

... түрлі ілім біл (Жеті -семь)

6. Ине ... сынады,

Шешен сөзінен сынады (Көзінен - глаза)

7. ... кеспек болса да, тіл кеспек жоқ (Бас - голова)

8. Су атасы – бұлақ,

Сөз атасы - ... (Құлақ - ухо)

9. Сөз ... өтеді,

Таяқ еттен өтеді (Сүйектен - кость)

10. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (Тоқсан - девяносто)

Мұғалім: Сонымен бұл кезеңіміз де аяқталды. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте "-деп осы кезде толық айтуға болатын сияқты. Осы жерде ұпай саны аз 1 оқушымен қоштасамыз. Ойындағы бәйгеден жеңілсең де, өмір бәйгесінен жеңілме! Ал біз келесі кезеңге көшеміз. Келесі кезең "Ғажайып алаң" деп аталады. Себебі сендердің назарларыңа сиқырлы ұяшықтар бар алаң ұсынылады. Әр ұяшықтың астында бір сұрақтан жасырылған. Төрт тақырыпша бойынша берілген бұл сұрақтар ұяшық санына қарай күрделеніп отырады. Ұяшық таңдау құқығы ұпай саны жоғары сайыскерімізге беріледі.Ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берген оқушы сол ұяшыққа сәйкес ұпайға ие болады және келесі ұяшықты таңдайды. Ал егер жауап бере алмаса, басқа ойыншыларымыздың жауап берулеріне мүмкіндік бар. ІІІ кезең - "Ғажайып алаң"

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 20: Қазақ әліпбиін құрастырған алаш азаматы, ұлт зиялысы кім? (А. Байтұрсынов)

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 30: Хиросима қаласындағы атом зұлматының зардаптары жайлы жазылған қазақ әдебиетіндегі көркем әрі әсерлі шығарманы ата. Оның авторы кім?

(Ғ. Мүсірепов "Жапон балладасы")

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ – 40:

Жарылқады Тәңірім,

Жайнады ел, өңірім.

Жарлыларды бай қылдым,

Төрт түлігін сай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Көңілдерін тоқ қылдым...”Үзінді қай жырдан алынған? Жырдың авторы кім? ("Күлтегін", авторы - Йолығтегін)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 20: VII-VIII ғ.ғ. Араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына таралған дәстүр. Бұл рәсім ер бала 5, 7 немесе 9 жасқа келгенде орындалады. Аталмыш дәстүр мұсылмандықтың белгісі болып есептеледі. Қандай дәстүр жайлы сөз болып отыр? (Сүндет той)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 30: Сүтақы дегеніміз не? (ұзатылып бара жатқан қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сый)

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – 40: Дүниеге келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-тойдың ең алғашқысы. Бірнеше үйде қазан асылып, ауылдың үлкен-кішісі түгелдей дәм татып, ет жеп, сорпа ішеді. Бұл дәстүр іле-шала шілдеханаға ұласады. Бұл қандай дәстүр? (Жарыс қазан)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 20: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

(1992 жыл маусым)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 30: Жаңа Әнұранымыздың сөзін және әнін жазған кімдер? (сөзі - Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев, әні - Ш. Қалдаяқов)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН – 40: Жаңа елордамыз – Астананың ресми тұсаукесер тойы қашан өткізілді? (1998 жыл 10 маусым)

ТҰЛҒАЛАР – 20: 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген ақиық ақын. Шын есімі – Мұхаметқали. 2000 жылы “Аманат” атты жыр жинағына Мемлекеттік сыйлық беріліп, “Ғасыр ақыны” атанған. Ол кім? (Мұқағали Мақатаев)

ТҰЛҒАЛАР – 30: 1941 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – металлург. Ел ісіне ертеден араласа бастап, 44 жасында Үкімет төрағасы болып сайланған. 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздегі ең жоғарғы лауазымға ие болған. Ол кім? (Н. Ә. Назарбаев)

ТҰЛҒАЛАР – 40: Шыққан тегі – Тобықты руы. Әкесі болыс, аға сұлтан болған. Болашақ данышпан Ахмет-Риза медресесінде білім алған.Ұлы тұлғаның 1995 жылы 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Ол кім? (Абай Құнанбаев)


Мұғалім:

Ал біз соңғы кезеңге де келіп жеттік. Соңғы кезең "Жорға" деп аталады. Бұл кезеңде әр ойыншыға 20 сұрақ оқылады. 1 минуттың ішінде сайыскер неше сұраққа жауап бергенін, олардың нешеуі дұрыс екенін анықтаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Дайын болсаңдар, бастайық. Соңғы кезең - "Жорға"!

V кезең - "Жорға"

"Жорға" кезеңінің сұрақтары:
1. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
2. Бейбітшілік құсы (көгершін)
3. ҚР-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
4. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала (фонетика)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (тәуелсіздік күні)
6. Жақында 80 жылдығы аталып өткен атақты ақын
(Мұқағали)
7. Ғарышқа ұшқан қазақтың тұңғыш ғарышкерлері
(Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)
8. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы (сан есім)
9. Қазақтың үш биі (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
10. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз кім?
(Ы. Алтынсарин)
11. Азиада -2011 қай қалаларда өтті? (Астана, Алматы)
12. “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы (М. Әуезов)
13. Қазақтың киелі ұлттық аспабы
(домбыра)
14. Абай Құнанбайұлының шын есімі (Ибраһим)
15. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
(лексика)
16. Жамбыл ақынның ұстазы (Сүйінбай)
17. Неологизмдер дегеніміз не? (жаңа сөздер)
18. Үш жұртты ата (өз жұрты, қайың жұрт, нағашы жұрт)
19. Домбырада орындалатын шығарма ( күй)
20. Күрделі сөздерге не жатады? (біріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз, қысқарған сөз)

Мұғалім: Осымен ойын өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтайтын сәт те келді! Бүгінгі сайыста білімі мен дарынын ұштай білген оқушы жеңімпаз атанады. Марапаттау кезеңі

Ал енді .............................,бүгінгі додада керемет ойын көрсетіп, өз білімінің арқасында өзге сайыскерлерден оза шауып, жеңіс мәресіне бірінші болып жеттің! Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, "Дарындылар додасында" бірінші орынға ие болдың, құттықтаймыз! (Жеңімпаз марапатталады).

Мұғалім: Осымен бүгінгі "Дарындылар додасы" атты зияткерлік сайысымыз аяқталды! Алтын уақыттарыңызды бөліп, ойынымызды тамашалауға келгендеріңізге рахмет! Аман-сау болыңыздар! (Музыка ойналады).













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!