400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ "Еліңді таны - жас ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен сыныптан тыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

0«Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясы»ММ









«Еліңді таны – жас ұрпақ!»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығына арналған интерактивті ойын

(6-сыныптар аралығында)





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Мусина Гульнур Адиловна





















2017-2018 оқу жылы



Мақсаты: Білімділік: Тыңдаушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу; өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау;
Көрнекіліктер: слайд, тіл туралы жазылған қанатты сөздер,

Сабақ барысы: I. Кіріспе сөз
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар
Бүгінгі біздің «Еліңді таны – жас ұрпақ! » атты ашық интеллектуалдық ойнымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:

Мақтан тұтам тәуелсіздік күнін мен,

Сүйемін де, аялаймын түнін мен,

Биіктерден көрінеміз әрқашан,

Әнұранмен, Елтаңбамен, Туыммен.


1 - жүргізуші:

Тәубә, тәубә! Көк туға мың алғыс,

Қос қанатқа келді мынау күн

Туған таңды, алтын күнді көтеріп,

Баба рухы – келеді қшып қыран құс.

Ғажабы сол, Қайрат қайрап отты үнін,

Азабы сол басымыздан өтті күн.

Туған елдің айбатындай кім сүймес

Егеменді Қазақстан көк туы!



2 - жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

1 жүргізуші: Бүгінгі біздің ойынымыздың мақсаты қазіргі уақыт талабына сай жоғары білімді, интеллектуалды полиглот болуға тыңдаушыларды тарту болып табылады.


Қазір бізге 6 сынып оқушылары: Әлнұр, Захро, Оксана өздері дайындаған өлеңдерін оқып береді, қабыл алыңыздар!








2 - жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О,халайық! Құтты болсын қуаныш!


1 - жүргізуші:
Енді ойынымызды бастайық. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.

-Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік

1.

2.

3.


2 - жүргізуші:
Мына түстердің көмегімен 3 топқа топтасайық

Қызыл түстілер – Қырандар

Көк түстілер - Тұлпарлар

Сары түстілер - Сұңқарлар


1 жүргізуші: Сайыс барысымен таныстырайын.
І кезең «Бәйге»
ІІ « Тіл өнері»

ІІІ «Ғажайып алаң»
ІV «Тапқыр болсаң, тауып көр»
V «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»
Қорытынды

2 - жүргізуші:

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады «бәйге» атты жарысың,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созаты. –дей отырып,



1-кезең: Бәйгені бастайық:

Шарты: сұрақтарға тез арада жауап беріп үлгіру(топтар жарысы)

1. ҚР Елтаңбасында не бейнеленген?

2. ҚР рәміздеріне не жатады?

3. Туды сипатта

4. Әнұранды қай кезде орындайды?

5. Әнұранның 1шумағын айтып беріңдер.

6. ҚР тәуелсіздік күні қашан?

7. ҚР бірінші президенті кім?

8. ҚР-астанасы қай қала?

9.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?

10.Қазақ тілінде неше септік бар?

11. 1-желтоқсан қандай мереке?


12. 1маусым қандай мереке?

13. .Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?

14. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма

15. Зат есімнің сұрақтары

16.Абайдың шын аты кім?

17.Буынның неше түрі бар?

18.Қазір қай жыл?

19.кімнің? ненің? Қай септіктің сұрағы?

20.Қазақтың үш биін ата.

21.ҚР-ның Тәуелсіздік күні.

22. Сын есімнің сұрақтары

23.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?

24. Есімдіктің ма,ыналық түрлері



Сонымен бірінші кезеңіміз аяқталды


2 - жүргізуші:

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.

Тіл өнері сайысына қатысып,

Мақалдарды үш тілде кім айтады.



1 жүргізуші:

2-кезең: Тіл өнері:

1. Оқу – білім азығы,

Білім - ... қазығы. (Өмір, жизнь, )

2. Балапан ... не көрсе,

Ұшқанда соны іледі. (ұя, гнездо, )

3. Бата басқа, қына ... бітеді. (тас, камень, )

4. Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын тапса, ... қонар. (білім, знание, )

5. Тұрып қалған су сасиды,

Ойламаған ... сасиды. (ми, мозг, )



2 жүргізуші:

6. Білім – теңіз,

Мектеп - ... (кеме, корабль, )

7. Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын. (дос, друг, )

8. Баланың білегі ауырса,

Ананың ... ауырады. (жүрек, сердце, )

9. Гүл жердің көркі,

... елдің көркі. (қыз, девочка, )

10. ... етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей (еңбек, труд, )



Осымен екінші кезеңіміз аяқталды



1 жүргізуші:
ІІІ кезең«Ғажайып алаң».

Әр сала бойынша 6 сқрақтан берілген.

Ойынды ұпайы төмен топ бастайды. Сұрақтар қазақ тілінде

Салт-дәстүрлер.

10. Нәресте туғанда қазақтар қандай той өткізеді? шілдехана

20. анаңның ағайындары саған кім болады? нағашы

30. жаңа жүріп жүрген баланың қадамын ашу үшін қандай той өткізеді? Тұсау кесу

40. Қазақ ұлттық ойындарының ішінде логикалық ойлауды дамытатын ойын. Тоғызқұм.

50. Қыздың құлағына тағатын әшекей бұйым. Сырға

60. мақалды толықтыр. Атаңа не қылсаң, ... сол келеді. алдыңа

Әдебиет.

10.»Кел, бабалар, оқылық!» өлеңінің авторы? Ы.Алтынсарин

20. «Абай жолы» романының авторы. М.Әуезов

30.Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын шығарма. Күлтегін

40.Қыз Жібектің сүйген жары кім? Төлеген

50. Сатиралық шығарма жазған жазушы. Б.Майлин

60. Қазақ тіл білімінің атасы. А.Байтұрсынов

Қазақстан

10. Қазақстанның тәуелсіздік күні ұашан? 16 желтоқсан 1991ж

20. ҚР елтаңбасының авторлары кім: Ш.Уалиханов, Ж.Мәлібеков

30. Қазақстанның қай қаласына ядролық полигон болды? Семей

40. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? Түркістан

50. Қазақстан қай жылы БҰҰ (ООН) мүшесі болды? 1992ж наурыз

60. Қазақстан қай жылы ОБСЕ мүшесі болып кірді? 1992

Тарих

10. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы шықты? 1993

20. астана қаласының бұрынғы атауы? Цениноград

30. үш жүзді біріктірген қазақ халқының тұтастығын сақтаған хан? Абылай хан

40.Қазақстан – 2030 даму стратегиясы қай жылы шықты?1997

50. ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? 1993ж 28 ақпан

60. Есік қорғанынан Алтын адам қай жылы табылды? 1969

Туған жер

10.Қазақстандағы ең терең көл? Балқаш

20. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? Есіл

30.Қазақстанның Швейцариясы деп аталатын өлке? Көкшетау

40.Қазақстандағы ең үлкен қорық? Қорғалжын

50. Қазақстанның ең биік шыңы? Хан Тәңірі

60. Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан қалалар? Петропавлск, Қостанай



1 жүргізуші:Үшінші кезеңіміз өз мәресіне жетті.

2 жүргізуші:

Төртінші кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр».



Жұмбақ-есеп:

Барлық топқа ортақ. Кім тез шешуін табады?



Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос-қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой,(17)



Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бір ешкі,

Екі қоян, үш түлкі.

Таба алмасаң, бол күлкі.(24)

 Бәрі нешеу                                   Далада тұр екі ешкі,

Түйе, түйе маң басқан,                          Қорада тұр екі ешкі.

Төрт аяғын тең басқан.                         Болады бары неше ешкі.  ( 4)

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос қозылы, екі қой

Бәрі нешеу айта ғой.   ( 10)





Дүкеннен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.                     Бір алманы 4-ке бөлдім,

Екі дәптер, бір қарындаш,                    Бір бөлігін жеп те көрдім.

Тіс ысқышты тағы алдым.                    Қалған үлкен 3 бөлігін,

Есептеші сонда бәрін                              Қасымдағы 3 досыма бердім.

Қанша болады қолда барым.               Қолымда менің не қалды.   ( 0 )

( 6)                   

 

Мұз айдындағы 7 бала                         Табақта 5 алма

Асыр сап жүр сырғанап.                     Қолымда 2 алма

Сырғанамай 2 бала                                 Барлығын қосқанда

Жағалауда тұр қарап                             Болады неше алма   ( 7 )

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың. (9 )





Бір-бірімен жарысқан

2 аю, 1 арыстан,

4 қоян, 3 түлкі

Бәрі нешеу ойлан сен ( 10 )



3 түйе құс ұшып келе жатыр 2 қонды қаншасы ұшып бара жатыр?

жауабы-Түйеқұс ұшпайды

5 кг тауық таразыда тұр бір аяғын көтерді енді қанша келі болды?

жауабы-5 кг өзгерген жоқ

2+2x2=? қанша болады?

жауабы-алты бірінші көбейту орындалады

Негр босанып, күйеуі баласын қараса түрі қара тісі ақ екен, қай жері дұрыс емес?

жауабы-тісі жоқ



1 жүргізуші:

5-кезең: «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан»

Оқушы қиялындағы болашақ Қазақстан.

өз ойларын айтады.



«Мен қазақстанда туғаныма мақтанамын» әр топ өздерінше сөйлемді аяқтайды.

2 жүргізуші:

  • Ал енді әділқазылар шешімін тыңдайық.

(Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін жариялайды)


Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөзкезегіәділқазыалқасына.



  • Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін жариялағанша, біз тамаша бейнебаянды тамашалайық.

(«Көк тудың желбірегені» атты әннің бейнебаянын тамашалау)



1 жүргізуші:

Пай, пай, пайІ

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірді төккен жер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер! – дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз



2 жүргізуші:

-Осымен ойынымыз аяқталды, сау болыңыздар!

-Көріскеншекүнжақсыболсын!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі