400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ. Жаңа жыл кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші:  Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

1-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ мақтаны жапқандай!

Бүкіл әлем – бір ғалам,

Қонақ күтіп жатқандай.  

2-жүргізуші: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде - әр қылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тышқан жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек.

Жампоз Сая мен Камирдинова Дилназдың орындауындағы «Жаңа жыл» әні. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Доңыз жылын Ұзатып сап Тышқанды!

5 «Г» сыныбынан Аяулым мен Айымның орындауында "Жаңа Жыл" әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Әр сыныптан бір-бір оқушыдан ортаға шақырып, Жаңа жылымыздың сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, тауып алып келуге жұмсасақ қалай қарайсыздар? Аяз ата мен Ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, кешіміздің басты қонақтарын бірге алып келесіздер деген үміттемін. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 10 минут уақыт беріледі. (Оқушыларды шығарып жібереміз). Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт, достар. 

1-жүргізуші: Ендеше барлықтарыңызды 5 «Б» сыныбының бишілерінің орындауындағы өзбек биін тамашалауға шақырамыз!

2-жүргізуші: Рақмет, достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің достарымыздың межелеген уақыты да таяп қалды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен? (Іздеп кеткен оқушылар келеді. Біреуі айқайлап айтады)

1-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?  (Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын!)

2-жүргізуші: Мінекей, біздің көптен күткен қонақтарымыз да келеді. Олай болса, орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық. (Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)

2-жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

1-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып, 

Төрт құбыламыз түгел болды.

2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кештегі қойылымдарына берейік.

1-жүргізуші: Олай болса, ортаға 5 «Г» сыныбының жас таланттарын ортаға шақырамыз! Флешмоб биі

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге берсек.

5 «Г» сынып оқушысы Даниярдың орындауында әсем ән, қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.

2-жүргізуші: Ал енді ойынды бастайық. Сұрақтарды оқиық. Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.  2. 7,8,9 санының көбейту кестесін айтыңыз. 3. Қоянның қимылын келтіріңіз. (Ойын біткен соң)

2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық 

Әндетейік, жырлайық 

Ортамызды ашайық 

Ырыс тілеп бұл жылға 

Жырдан шашу шашайық!

Келесі өнер кезегін 5 «В» сыныбының өнерлі жастарына берейік.

Ән «Кел жаңа жыл» орындайтын Ережеп Рамазан мен Исатаева Насіп

1-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. Мына шарда әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады.

Бастайық!

Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3.Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Шығыс биі 4. Ча-Ча-Ча

2-жүргізуші: достар, сіздерді 5 «Б» сынып оқушыларының орындауындағы флешмоб биін тамашалауға шақырамыз.

«Флешмоб»

1-жүргізуші: 5 «Г» сыныбының оқушысы Дильназ бен анасының орындауында әсем ән, қабыл алыңыздар!

.

2-жүргізуші: Ал достар, біздің қонақтарымыз Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық.

1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 

2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл.

1-жүргізуші: Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп

Жер бетіне кереметті жина көп.

2-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес

Түтін емес, рауан нұры жинап от.

Жаңа жылдарың құтты болсын! 

1-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 

2-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.04.2024
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12