400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ. Ұлылық ұстаздан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 22.10.2021ж.

Мұғалімнің аты - жөні: Нурдинова Г.К.

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Ұлылық ұстаздан

Сабақтың мақсаты

Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету;

Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология :ағартушы-педагог , алғаш мектеп ашқан, балалар әдебиетінің атасы


Бағалау критерийі

Жоғары ойлау дағдысы

  • Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі, қазақтың жазба әдебиетін негізін салушы, балалар әдебиетінің атасы екенін ұғынады;

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында құрмет көрсету, ашықтық, бір- бірінің ойын құрметтеу құндылықтары жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

АКТ қолдану

Мүмкіндігінше Ыбырай Алтынсарин туралы ақпарат қарастырады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


ресурстар

Қызығушылықты ояту кезеңі


Бір Аллаға сыйынып,

Кел балалар оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – дейді қазақтың ұлы ағартушы, педагог, үлкен-кішімізге, қай-қайсымыз болмасын білім алуға, ғылым үйренуге, талаптанып оқуға шақырған ұстаз Ыбырай Алтынсарин. Міне, бүгін осындай алып тұлғаға 180 жыл толып отыр. Осыған орай, мектебімізде «Ұлт шамшырағы Ыбырай Алтынсарин» деп аталатын апталығымыздың барысында 5 «А»сыныбының «Ұлылық ұстаздан» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Топқа бөлу: Өлең шумақтары бойынша топқа бөлу. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен», «Ананың сүюі» өлеңдерінің шумақтарын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ. Өзен.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса, су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.

2-топ. Кел, балалар, оқылық!

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегеннің алдынан

Іздемей-ақ табылар.


3-топ. Ананың сүюі.

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Ендеше, осы сайысымызды бағалап саралайтын әділқазылар алқасын сайлап алсақ.

Сайыс кезеңдері:

1-кезең. «Сандар сөйлейді»

2-кезең. «Зерек оқушы»

3-кезең. «Кім жүйрік

4-кезең. «Суреттер сыры»


Презентация




Мағынаны тану



















Ы.Алтынсариннің өмірбаянын бейнежазбадан тыңдату.


1-кезең. «Сандар сөйлейді»

1-топ. 1. 1841 жылы, 20 қазан. (Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген)

2.1857 жыл. (Оқуын «өте жақсы» деген бағаға бітіріп шыққан)

3.Торғайда,1864 жылы. (Ыбырайдың арман еткен мектебі ашылды)


2-топ. 1. 3-4 жас. (Әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында тәрбиеленеді)

2. 1859 жылдың тамызы. (Өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады)

3. 1881 жылы дүниеге келген. (Өздерінің тұңғыш балалары 1881 жылы дүниеге келіп, атын Абдолла деп қояды.)


3-топ. 1. 1850 жыл. (Орынборда орыс-қазақ мектебі ашылды)

2. 9 жас. (Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне барған Ыбырайдың жасы)

3. 1886 жылы (қызы Шәрипа 1886 жылы дүниеге келген.)

2-кезең. «Зерек оқушы»


Семантикалық кесте толтыру. Топтарға ортақ тапсырма.

Әңгіме

атаулары


Әңгімеден

Үзінділер

Өрмекші құмырсқа,

қарлығаш

Түлкі мен ешкі

Әке мен бала

Асыл шөп.

Жаман жолдас

1.-Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде тастап қашатын достармен жолдас болма деді, -деп.






2.Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс.






3.Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.Сені де Құдай Тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, -деді.






4.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.






5.Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.






3-кезең. «Кім жүйрік

Әр топқа Ы. Алтынсариннің жинақтаған жұмбақтарынан жұмбақтар жасырылатын болады.

1-топ. 1) Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа. (Киіз үй)

2) Кішкене ғана безер, дүниені кезер.(Ақша)

3) «Ти» десем – тимейді, «тиме» десем тиеді. (Ерін)

2-топ. 1. Үй үстінде – уақ тас. (Жұлдыз)

2. Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді. (Үй керегесі, уық, шаңырақ)

3. Елу аяқты, екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды. (Ара)

3-топ. 1.Жаны жоқ болса да, ақылды адамның ісін істейді. (Кітап)

2.Айдын көлде алтын тас, ау салса да – алынбас. (Тіс)

3. Кереге басында – ақ жаулық. (Күн сәулесі)

4-кезең. «Суреттер сыры». Әңгімелердің желісі бойынша суреттер салып, әңгіменің мазмұнын түсіндіреді.

1-топ. «Жаман жолдас»

2-топ. «Малды пайдаға жарату»

3-топ. «Аурудан – аяған күштірек»

Дескриптор:

-сурет бойынша әңгімелейді;

-әңгіменің түйінін айтады

Бағалау: топтан ең үздік жұмыс таңдап алынады, сынып алдына шығып оқиды. Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді.

Мұғалімнің кері байланысы.

https://youtu.be/AlLpFyKfJ50















Қорытынды










М Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Рефлексия

-Күрделі болды

-Пайдалы болды

-Түсініксіз болды






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.11.2021
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі