400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сыныптан тыс сабақ "Зиянды әдеттер" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс сабақ "Зиянды әдеттер" 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Зиянды заттар зардабы

Мақсаты: білімділік-дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру;

 Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

 Дамытушылық – оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.

 Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер.

Мұғалім: «Дені сау баласыз елдің келешегі жоқ», - деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай бүгінгі күні «Нашақорлықпен күрес туралы және жасөспірімдердің есірткі қолдануының алдан алу» бағдарламасын жүзеге асырудың қажеттілігі туындады және ол әулеметтік маңыздылығына ие болуда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізудің маңызы зор. Осындай сыныптан тыс өткізілген «Есірткі – аяусыз жау» тақырыбында дөңгелек үстелдің жоспарын ұсынып отырмын.

Дөңгелек үстел мұғалімнің кіріспе сөзінен басталады.

-Құрметті оқушылар бүгінгі әңгімеміз тек есірткі жайлы болмақ. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласы айла-шарасы беймәлім күшті бір құбыжықпен бетпе-бет келуде.

Адамдар оның алдында дәрменсіздігін сезіне бастағандай. Дүниені үрей билеген, шарасыздың саналы жаратылыс иелерін рухани тұйыққа тірегендей.

Қазір қоғам алдында, бізге апат төніп келе ме, әлде апатты ортада өмір сүріп жатырмыз ба? деген сұрақ туындайды.

Егер бірінші жағдайда душар болған болсақ, одан қалай құтыламыз?

Екінші жағдайға душар болған болсақ, одан қалай құтыламыз, шыңыраудан қалай шығамыз? деген сұраққа жауап іздеу қажет.

Осы орайда ойымызды ортаға салайық деген ниетпен дөңгелек үстел ұйымдастырып сынып оқушыларына бірнеше салаунама сұрақтары берілді. 

1.      Есірткі дегеніміз не?

Есірткі- (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру мен, жансыздадыруды білдіреді.

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатың қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.

 2.    Есірткінің қандай түрлері бар?

1.     Медицинада ауруды басу үшін қолданылатың (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр және т.б., заттар жатады.

-Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана және т.б.

-Психикаға белсенді әсер ететін заттар – анфетамин (финамин) сиднокарт;

-Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентози дәрі, дәрмектері және т.б.

-Ұйықтататың және седатифтік заттар – барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т.б.

-Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т.б.)

-Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмектер (паркинсонға, аллергияға қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т.б.)

-Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол және т.б оларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатың есірткінің түрі – анаша.

Анаша – сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

 3.  Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?

Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі – егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді.

    Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.)

Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата-аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екен деп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.

4.      Есірткінің адам организіміне әсері қандай?

Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Оның қызметін бұзады, уландырады. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады.

   Есірткі анда-санда қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады. Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады.

    Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофин заттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді. Адамның миы ештеңеге зейін қомайтын, әлсіз дімкәс болып қалады.

 5. Есірткіге құмарлық дегеніміз не?

    Есірткі дертіне шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін-өзі билей алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде бөлектеніп тұрады. Есірткіні қолданып аз уақытта тоқталса, оған деген құмарлығы да аз уақытта тоқталады. Бірақ есірткі ойдан кетпей тұрады.

    Тәни кіріптарлық тоқтаса, оның миында ине алуға деген құштарлық туады. Есірткі алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат жасаған сезімге беріледі де, адам организмі әбден бұған үйренгеннен кейін, организімдегі эйфория жоғалады. Осы кезден бастап нашақордың өмір сүру құралы тек есірткі болады. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден тайынбайды. Ол есірткінің құлына айналады.

 6.      Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?

Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0,1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады.

 7.      Нашақорлардың қандай құқықтары бар?

Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген.

-         білікті медициналық-санитарлық көмек алуға;

-         наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;

-         өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуыныңсипаты, сондай-ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;

-         медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге;

   Мұғалімнің қорытынды сөзі. Мағжан Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» атты өлең жолдарын оқу арқылы қорытындылады.

   Жасөспірімдердің бойында қандай адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуын көрсете отырып, салауатты өмір салтының жолдары атап өтілді. «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» демекші, бұл бір адамның қолынан келетін іс емес, олай болса бүкіл қоғам, адамзат алдында кезек күттірмейтін әлемдік мәселе – есірткіге қарсы жаппай күрес.

     Сондықтан мектепте әр түрлі игі іс-шаралар өткізіп ұрпақ тәрбиелеуді, жан-жақты қолға алсақ, көп нәтижеге қол жеткізуге болады.

 















«Л.Н.Толстой атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесі













Тақырыбы: Зиянды заттар зардабы



















Орындаған: Даниярова Б.М.





Іргелі ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі