400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара 8-11 сынып "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ақын және оның шығармашылығы туралы білімдерін шыңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

әдеби-сазды кеш

(Мұқағали Мақатаевтың 87 жылдығына орай)

Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» 
Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. 
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. 
1-жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. 
1-жүргізуші: Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевты «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кешімізді бастаймыз.Ақынның өмірі туралы бейнебаянға назар аударайық.Ал, енді ақынның өз аузынан жазылған «Пай, пай өмір» өлеңін тыңдап алайық.
1-оқушы: «Пай, пай өмір» Жеңіс Ақбота 4 «а» сынып
1-жүргізуші: М.Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз аулында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды. 
2-оқушы: «Халыққа хат» Рақым Рахман 3 «а» сынып
1 –жүргізуші: Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. 
3-оқушы: «Поэзия менімен егіз бе едің?» Дьяконова Арина 8-сынып

4-оқушы: «Несіне ойланасың?» Испандияров Нұржан 4 «а» сынып
1-жүргізуш: М.Мақатаев Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. 
5-оқушы: «Әке» Аралбаев Рауан 4 «а» сынып
1-жүргізуші: М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. 
Ән: «Бақыт...» орындайтын 8-сынып оқушылары1-жүргізуші: Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға – жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір – өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр» шығармаларымен жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім. 
6-оқушы «Халқыма хат» Сағынбаев Саламат 7 а сынып

7-оқушы: «Сәуір айы» Денисов Денис 8-сынып


1-жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған. 
8-оқушы: «Шыда, шыда» Асылбаев Нұртас 4 «а» сынып

9-оқушы: «Нені көрдім?» Асылбаев Мұқан 7 «а» сынып
1-жүргізуші: М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде. 
10-оқушы: «Ей, өлең» Аралбаева Назерке 4 «а» сынып
1-жүргізуші: М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ. 
11-оқушы: «Адам, адам» Казбекова Жанар 5 –сынып

12-оқушы: «Домбыра» Цой Ярослав 5-сынып
1-жүргізуші:

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім, 
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің. 
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев, 
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- 
Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдері еш уақытта өлмейді. 

12-оқушы: «Өзіммен өзім» Испандияров Бауыржан 7 «а» сынып 
1-жүргізуші: Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек. 
1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз. 
“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали 
“Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали 
атамыз зор сеніммен аманат етті. 
“Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл. 
“А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев . 
“Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған. 
“А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы. 
“Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова . 
“И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды. 



Ән: «Күрең күз» орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батыргалиева Дария
Қорытынды 
1-жүргізуші : 
Көп адам дүниеге бой алдырған , 
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған . 
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы , 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды кешімізді аяқтаймыз .Сау саламатта болыңыздар!!!

















Раздольный жалпы орта білім беретін мектебі









«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» әдеби-сазды кеш

(М.Мақатаевтың 87 жылдығына арналған)









2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі